жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала "Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы білім беру ерекшеліктері"
Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы білім беру ерекшеліктері
Инклюзивті білім – бұл мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың жалпы білім беру үдерісіне қосылуына, яғни кедергілердің жойылуына және олардың саналы білім алуына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік бейімделуіне бағытталған білім беру үдерісі. Инклюзивті оқытудың басты мақсатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан алыстатпай, өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, басқа да дені сау балалармен бірдей білім алуын қамтамасыз ету деп білемін. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген, зерде бұзылысы бар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту-түзету (коррекциялық) жұмыстарының қарқынды жүргізілуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б. бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.
Арнайы білім беру — кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру. Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алумен, өзіне-өзі қызмет ету дағдысын меңгерумен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлықты меңгерумен шектеледі.
Арнайы білім берудің дидактикасы-мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады. Арнайы педагогиканың дидактикасы нысаны – тұлғаның білім алуда, жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Сонымен бірге, арнайы мектептегі білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формалары, оқушылар білімін тексеру және бағалау мәселелерін қамтиды.
Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұны меңгереді.Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі.
Арнайы мектептегі оқыту үш міндет атқарады, олар: білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту. Білім беру қызметі арнайы икемділік пен дағдылар нақты оқу пәніне лайықты тәжірибеде қажетті икемділік пен дағдыларға үйрету.Мысалы, физикадан есеп шығару мен зертханалық тәжірибе өткізу болса, географиядан-карта, атлас, глобуспен жұмыс жасау т.б. Жалпы оқу дағдылары барлық пәндерге қатысты, олар кітап, анықтама, сөздіктермен жұмыс жасау, оқу және жазу дағдылары, оқу әрекетін ұйымдастыру дағдылары сияқты.Тәрбиелеу қызметі оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, этикалық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.
Оқытудың түзету-дамыту қызметі көбінесе арнайы түзету сабақтар арқылы атқарылады. Оқыту процесінде оқушылар алдына таным процесін дамыту үшін арнайы міндеттер қойылады.Оқытудың дамытушылық міндеті білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесімен танысады, зерттейді, қоршаған әлем құбылыстарымен танысады. Оқу іс-әрекетіне байланысты оның бойында білік пен дағдылар қалыптасады. Оның миі шындықтың зерттейтін объектілерін бейнелейді.Сондықтан оқыту процесі оқушының қоршаған әлемді тану процесі болып табылады.
Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар.Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында.Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әрекеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады.
Оқытуда оқу материалдарын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланыста келеді.
Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдыңғы меңгерілген білімге негізделеді.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері:
-
күрделі оқу материалы бөлімдерге жіктеледі;
-
оқыту үрдісі баяу өтеді;
-
оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасады;
-
оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді;
-
сақталған, сау анализаторға сүйену қажеттілігі.
Оқу материалын саналы меңгеру — бұл күрделі процесс, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын енгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқындалған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Түзету жұмысының маңызды кезеңі-нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететін арнайы құралдар пайдалану болып табылады.
Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдың бірі.
Бекіту - меңгерілген білім мен икемді мақсатты түрде пайдалану. Білім мен иекемді біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Икем дегеніміз - адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Икемділік белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады.
Бекіту есте сақтау негізіне жүреді. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктелген болуы тиіс.
Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсініксіз қалуын және барлық жүйеде бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс. Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді және әрекет тәсілдерін қайта құру жүзеге асырылады. Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдылықтар негізінде өтеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді.
Біріншіден, оқытудың барлық кезеңдерінде затты-көрнекі бағытында әрекет жасау.
Екіншіден, танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық ету талабы маңызды, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді.Бірақ балалар өз танымдық әрекетін ұйымдастырып үйренген соң, мұғалімнің тікелей көмегін біртіндеп көлемін азайтып қажетсінеді.Мұғалім көмегі жалпылама түрде ғана көрсетіліп тұрады.Оқушылар берілген нұсқаулар бойынша тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйренеді.
Үшіншіден, оқытудың репродуктивті, қайта жаңғырту түрі басым болған жағдайда арнайы мектеп оқушылары оқу материалын жақсы меңгере алады.Арнайы мектепте оқу материалын дұрыс, саналы қабылдап, меңгеру үшін оқытылған материалды бірнеше рет қайталау тәсілі жиі пайдаланылады.
Төртіншіден, оқу үрдісіне оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру қажет. Бұл үшін оқу процесін белсендіретін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет, көрнекі құралдар, арнайы техникалық оқыту құралдар т.б.
Бесіншіден, оқытудың терең жеке дараланған сипаты. Бұл ерекшелік оқушылардың таным ерекшеліктерінен туындаған.Ал ол болса, арнайы мектептің негізгі бағытын жүзеге асыруды талап етеді-ол оқушыларды түзете-дамыту. Адам қоршаған заттар, құбылыстар мен оқиғалармен тек өз қатынасы арқылы алатын заңдылықтарды ғана емес, ол адамзаттың тәжірибесінде жинақталған заңдылықтарды игеру қажет. Баланы оқытпаса, ол өз бетімен ғылыми білім жүйесін игере алмайды.
Арнайы мектепте оқытуда оқушылардың іс-әрекетіне мұғалім белсенді қатыспаса, балалар өз бетімен білім алу мақсатын орындай алмайды. Тек мұғалімнің іс-әркеті арқасында ғана оқушы адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін танысуға мүмкіндік алады.
Салыхова А.Ж
Зерде бұзылыстары бар балаларға
арналған арнайы облыстық

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген