400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Мың тағзым саған Ұлы Жеңіс!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Мың тағзым саған, Ұлы Жеңіс!

Жеңіс –Батыр, оңайлықпен

Келген жоқсың бізге сен.

Сені ойласам кешегі өткен

Ұлы Ерлікпен жүздесем.


Лагерьлерде азап шектің,

Отқа күйдің, өртендің

Бірақ сенің жеңеріңе

О,Жеңісім мен сендім!

Иә, адамзат тарихында жеңістер көп. Бірақ олардың ішінде мән-мағынасы жөнінен шоқтығы биігі – Ұлы Отан соғысындағы жеңіс. «Ұлы Отан» кешегі Кеңестер Одағы ғана емес, әлем, һәм Адамзат деген мағынаға ие. Ұлы деген сөздің мағынасын А.Байтұрсынұлы осы мәнде түсіндірген.

Қазіргі кезде осы соғыстың ұлы отандық сипатына күмән тудырушылар да көбейіп барады, кейбір зерттеушілер соғысқа тек орыстық, ресейлік сипат бергісі келеді. Ал, Қазақстан топырағында біз кешегі соғыста Ресей елін қорғадық, біз Отан соғысы емес, екінші дүниежүзілік соғысқа қатыстық деген пікірлер де айтылуда. Бұл жаңсақ пікір деп есептеймін. Сөз жоқ, сол кезде Кеңес елі біздің Отанымыз болды, өйткені біз осы елдің құрамды бөлігі едік. Ғасырлар бойы сол елдің қол астында болып, жоғын жоқтап, барын жарып жедік,мәдени бұлағынан сусындадық. Бұл бір. Екіншіден, сол Кеңес елінің құрамында Патшалы Ресей бөлшектеп алған жерімізді қайтарып алып, «қуыршақ» болса да жеке отау тіктік, таптық езгіден, шетел капиталының үстемдігінен азаттық алдық. Ендеше Кеңес дәуірі қазақ халқына қанша зәбір көрсетсе де, жақсылығы да аз болмады.

Үшіншіден, Ұлы Отан соғысына 35млн. халық қолына қару алып, соғысқа қатысты. Соның ішінде негізгі күш орыс халқы болса, сонымен бірге 4,5млн. украиндықтар, 1млн.аса белорустер, 3млн.астам Орта Азия, Қазақстан ұл-қыздары майданға аттанды. Қазақ сахарасында соғыс алдында 6,4млн.адам болса, 1938-45жылдары 1млн.366мың адам майданға аттанды. Бұл 1941ж. халықтың 21,2% еді. Тылдағы әскери өндіріске 700 мың адам алынды. Олардың 200 мыңы қазақ қарттары еді. Ендеше, мұндай соғыстың отандық сипатына неге шек қоямыз. Бұл төгілген халық қанына, көз жасына деген шексіз зорлық болса керек.

Арада жылдар салып, сол сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танктердің үні, ауаны тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауына тереңдеп батып барады, бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды.

1418 күн мен түнге созылған, республика халқының 15% құрбандыққа шалған. Екінші дүние жүзілік соғыстың басты қылмыскері –Адольф Гитлер жайлы айта кетейін.





Гитлердің 1933 жылы 30 қаңтарда үкімет басына келуі Еуропа илеуіне жылан түскендей көрініске ие болды. Антанта Одағының мемлекеттері бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тапқан кайзерлік Германияны 1919 жылдың қарашасындағы Версальдағы шарт бойынша барлық отарынан айырып, бүкіл соғыс шығынын мойнына артқан болатын. Гитлер үкімет басына келе сала осыны қайта қарау мәселесін көтере бастайды. Яғни бір кездегі Версаль шарты басып тастаған неміс ұлтының еңсесін көтеру үшін Германияның соғыс қарсаңындағы құқығын қайтаруды талап етеді. Мұны ол 1935 жылы реттелген, толыққанды әскер шығарып, Версаль шартының баптарын бұзудан бастайды. Гитлер өзінің «Майн кампф» («Менің күресім») деген кітабында нәсілшілдіктің, милитаризм мен антикоммунизмнің сандырақ идеяларын насихаттап, фашистердің «ұлы рейх мүдделеріне» орай зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін жасауға болатыны туралы «теориясын» неміс жастарының бойына сіңірді. Сөйтіп Гитлер фашистік идеологияға негізделген соғыс – машинасымен Кеңес елін құрту мақсатында 1941 жылдың 22 маусымында Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасайды.

Гитлерлік Германия өзінің әйгілі «Барбаросса» жоспарында Бүкіл Еуропаға үстемдік ету, Жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан кеңес Одағын бөлшектеп, «Отсланд»» (құрамында Белоруссия мен Прибалтика), «Московья» (Москва, Тула, Ленинград), «Украина» (Украина, Ростов, Воронеж), «Кавказ» (Армения, Азербайжан, Грузия, Солтүстік Кавказ) сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер Кеңестік Азия жерінде Түркістан, Гростуркстан, Пантуркстан, Еділ-Орал деген аттардың бірімен тағы да бір қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Ал Гитлершіл Германияның Қиыр Шығыстағы одақтасы жапон соғыс құмарлары Ұлы Шығыс Азияны құру идеясын іске асыруға құлшына кірісті. Батыстан да, шығыстан да Отанымыздың тәуелсіздігіне қатерлі қауіп төнген кезде, бүкіл прогресшіл адамзат оған қарсы шықты, фашизм басып алған мемлекеттерде партизан қозғалыстарының жаппай етек алуының төркінінде де фашизм идеясын іске асыртпау әрекеті жатқан болатын. Соның нәтижесінде Румыния, Италия, Венгрияның вермах сапына қосқан бес армиясы, Испанияның «көгілдір дивизиясы» Сталинград түбінде мәңгі қалса, ал неміс басқыншыларының үні өз інінде өшірілді. Сонымен 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры біздің елімізге Герман фашизмінің қаңқұйлы шабуыл бастаған күні мен оның күйрей жеңілген күні! Кеңес халқының Ұлы Отан соғысында жеңіп шығуына нендей факторлар ықпал еті? Ең алдымен, кеңестік жүйедегі халықтар тарихи тағдырлас еді. Олардың Отаны, туған жері, атамекені үшін күресті. Азаттық, бостандық ұрандары, Кеңес елінің әлеуметтік саясаты, фашизм қаупі, айналып келгенде «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұран төңірегінде топтастырды. Қан майданға аттанғандар мен тыл қаһармандары бір мақсат үшін күресті. Егер майдангерлер Ұлы Жеңіске қарумен, қаһармандығымен атсалысса, ал тың ерлері Жеңісті жанқиярлық еңбегімен жақындатты.


1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1млн. 366мың адамын аттандырса, Жеңіс күніне олардың тек жартысы ғана аман жетті. Қалғандары ұрыс даласында мәңгілікке көз жұмды. Бірақ олар бізге «Жеңіс!» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті. Сондықтан да біз аталарымыз бен ағаларымызға мәңгілікке қарыздармыз. Өйткені, бұл жеңіссіз планетада бейбітшілік болмас еді. Бұл Жеңіс болмаса, көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасар еді. Бұл Жеңіссіз бүгінгі тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында біздің жерлестеріміз де Жеңіске өз үлесін қоысп, өшпес даңққа ие болды. Егер осы соғыста 500 жауынгер Кеңес Одағының батыры атағына ие болса, оның ішінде 43-Семейлік батырлар да бар еді.

Қаңқұйлы фашизммен ауыр күресте Отанымыздың әрбір сүйем жері үшін қан төгып, оның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен туған ауылымнан аттанған аталарымызды мақтан етемін. Осындай ерлігімен ел есінде қалған ардагерлерді атай кеткенді жөн көріп отырмын (...........).

Ұлы Отан соғысы едің ерлігін, елдігін сынға түсірді. Сол ерлікті кейінгі ұрпақ біздер ұмытпайық! Қазіргі сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиып, кеудесін оққа төсеген батырлар қаншама? Солардың есімін мәңгі есте қалдыру бәріміздің азаматтық борышымыз.

Ардагер ағалар еске алар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді,

Ал бүгін мақтан етер ұрпақтары

Жеңіс алып еліне жеткендерді,-дегендей «Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды!» Ұмытуға хақымыз да жоқ! Себебі, сол қан майданда құрбан болғандар мен от жалыннан аман оралғандардың есімі, «Жеңіс, Бостандық, теңдік, Бақыт, Бейбітшілік» сөздермен қатар айтылады.

Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының ерлігі уақыт өткен сайын асқақ болып көрінеді. Бұл Ерлік, бұл Жеңіс адамзат тарихынан өз орнын алды. Олай дейтінім екінші дүниежүзілік соғыстың барысында барша халық – ұлттық тең құқықтың, халықтар арасындағы бебітшілік пен достықтың идеологиясы – ұлтшылдық пен нәсілдік өшпенділіктің реакцияшыл идеологиясын толық жеңіп шықты.

От-жалынды шайқастарда Қызыл Армия өзін өз дәуіріндегі маңдай алды армия екенін, моральдық-саяси және жауынгерлік сапасы жоғары армия екенін көрсетті.

Біздің халқымыз Отанымыздың ұлылығын, жанқиярлық ерлік пен қаһармандықтың таңғажайып үлгілерін көрсетті.

Көп ұлтты мемлекетіміздегі халықтардың мызғымас достастығы – жеңістің қуатты қайнар көзі болды. Ол достық фашистік басқыншылармен күресте шынығып, нығая түсті. Кеңес мемлекеті соғыстың қатаң сындарынан абыроймен өтті.

Кеңес халқының Отан соғысындағы жеңісі тек өз елі үшін ғана емес,бүкіл дүниежүзілік тарихи маңызы аса зор факті болды. Өйткені, Кеңес халқы тек өз Отанын сақтап қана қойған жоқ, сонымен бірге бүкіл Еуропа халықтарын фашистік құлдықтан құтқаруда шешуші роль атқарды, Азия елдері халықтарының Жапон империализміне қарсы күресіне зор көмек көрсетті, бүкіл дүние жүзі халықтарын фашизмнің құлдауынан құтқарды. Біздің еліміздің жеңісінің дүние жүзілік тарихи маңызы сол, соғыстың нәтижесінде империалистік реакцияның соғыс күші кеміді.Гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияның сайып келгенде жалпы империализмге берілген мықты соққы болды.

Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: «Ұлы Жеңістің негізінде біздің халықтардың бауырластығы, армия жауынгерлерінің, партизандар мен астыртын әрекет етушілердің қаһармандығы, тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық күш-жігері жатыр. Біздің азаматтарымыздың көзсіз ерлігі мен табандылығы халықтардың фашизмді талқандау мен бейбітшілік орнатудағы күш-жігер біріктіру қабілетінің жарқын үлгісі болып табылады». Биыл Ұлы Жеңіске 72 жыл толады. Бұл күн – біздің халқымыздың жадында ұлы әділдік салтанат құрған ақ ниет пен еркіндіктің , зұлымдық пен зорлық-зомбылықтың күштерін жеңген күн ретінде мәңгі сақталмақ. Біз кешегі соғыста апат болған, жеңістің тәтті дәмін тата алмай кеткен боздақтардың көзі, мен-кешегі қанқұйлы жауды жеңіп, жеңіс туын желбіреткен, еліне аман оралған ардагерлеріміздің ұрпағымыз. Біз -бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның азаматы екендігімізді мақтан етеміз және бұл жеңістің құны-теңдессіз, миллиондаған адамдардың көз жасы, көңіл толқыны екенін жан-тәніммен түсіне, сезіне отырып сөзімді ақиық ақынымыз Қадыр Мырзалиевтің төмендегі өлеңімен аяқтағым келеді.

Бола ма, соғыс,

Біздікі –Жеңіс!

Болмасын соғыс,

Болмасын деңіз .


Жеңістің құны- қираған жанбас,

Жеңістің құны-қураған мың бас.

Жеңістің құн –егілген аспан,

Жеңістің құны –төгілген жас қан!

Жеңістің құны -тесілген жүрек,

Жеңістің құны - кесілген білек.

Жеңістің құны- лаулаған орман,

Жеңістің құны – уланған арман.


Бола ма, соғыс,

Біздікі –Жеңіс!

Болмасын соғыс,

Болмасын деңіз !


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
877
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі