жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
мақала Музыка - жүрек тілі,көңіл күй әлемі.
Э.Ж.Серікбаева
Қылқобыз ,жетіген класының мұғалімі
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы
Шалқар ауданының саз мектебі
МУЗЫКА-ЖҮРЕК ТІЛІ, КӨҢІЛ-КҮЙ ӘЛЕМІ
Өнердің үлкен тарауының бірі-музыка. Музыка (гр. Μουσική, гр. μούσα — муза) — Музыкалық дыбыс, көркем бейнеге идеялы - қызу мазмұнды iске асыратын көркемөнердің бiр түрi.Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Қазақстан Республикасының жоғары кеңесі қабылдаған халыққа білім беру заңы біздің болашағымызды жаңа бағытпен рухта тәрбиелеу, олардың дүниетанымын қалыптастыру, жаңа адамды жан-жақты жаңашыл, білімді, өнерлі етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің түбегейлі мәселесінің бірі екендігін заңдылық етіп отыр. «Жас шақта берген білім мен тәрбие өмірлік азық»,- дейді халқымыз, осыған орай ендігі кезеңде жаңа адамды жан-жақты дамыған білімді, өнерлі, еңбексүйгіш өндірістік бағытта тәрбиелеп, білім беру мәселелері тұр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қазіргі мектептердің біріншіден: практикалық қызметінде жинақтарын жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет»- деп атап көрсетілуі мұғалім ісәрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Мектебіміздің басты мақсаты мен міндеті – музыкалық білім мен тәрбие беру. Оқушыларды өнерге баулу. Жоспарланған бағдарламаны игерту, оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, әлемдік және Отандық мәдениетте жетістіктерге тарту, өнер тарихын, қазақ және өзге этностар дәстүрлері мен салттары тарихына тарту және эстетикалық талғамды әлемдік өнердің үздік үлгілері негізінде тәрбиелеу, жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесіп, дүниетанымын дамытуға жағдай жасайды. Ерекше дарынды оқушыларды музыкалық колледждер мен жоғары оқу орындарының музыка факультеттеріне түсуіне даярлайды. Осындай мақсат пен міндеттерді алға қоя отырып елімізге, Отанына пайдасы тиер өнерлі, білімді, болашақ өнер иелерін дайындап келеміз. Сондықтан музыка адам баласына қатты әсер етеді.Бірақ ойланған әуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес.Оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана,әуен ырғағымен ғана қабылдайды.Өйткені,музыка жүрек тілі,яғни сезім,қобалжу,көңіл-күйдің тілі деп ұққан жөн. Музыка –шынайы өнер,адамға әсер етіп,құдіретті эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады.Алдағы уақытта музыка үлкен роль ойнайды. Музыка мәдениеті адам айтқысыз дәрежеде өседі. Музыканы дұрыс түсініп,тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы,оқушылардың ой-өрісі,сезімі,санасы,қиялы,талғамы жалпы өнерге деген сүйіспеншілігімен мәдениеттілігі дамиды. Музыканы адамның бәріде сүйеді,бәріде тыңдайды.Бірақ сүйген адамның, тыңдай білген адамның бәріде түсіне біледі десек қате болар еді.Әрине түсінудің де өз дәрежесі бар. Қабілеті мол адам тез түсінеді. Қазақ халқы музыкаға өте қабілетті халық.Ол жөнінде қазақ музыкасын көп жинаған адамның бірі А.В.Затаевич жақсы айтып кетті.Құрманғазының күйлерін, Бетховеннің,Бахтың шығармаларын тамашалап отырғанда, біз музыканың сауатынан хабардар болуды міндетті деп есептеуіміз керек.Музыканың не қилы бір түрлерін тыңдап түсіну үшін бірінші жағдай-осы музыка сауаты деп білуіміз керек. Аспапта ойнауда қазақта көптен бері келе жатқан дәстүр. Академик Б.Асафьев айтқандай екі өнер саласы ән мен өлеңнің бірлестігінің арасында ән табиғаты өмірде кең тараған өнердің біріне айналып отыр. Ән айтпайтын, құлақ қойып тыңдамайтын адам болмайды. Ән тыңдап, дауыстап айту адамға біткен табиғи керектілік. Ол адамның дүниеге келген кезеңінен бастап, сөйлей білуден бұрын үлкендердің көмегімен санадан орын алатын табиғи құбылыс. Анасы нәрестесін бесігіне бөлеп: «Әлди, әлди ақ бөпем, ақ бесікте жат бөпем» - деп бесік жырын айтқан. Анасының сазды әуені баланың денесін балқытып, ұйқыға келтірген. Бала талпына келе оның бойына ана тілі арқылы ғана дүниені, өмірді танып, біле бастайды. Оның буыны бекіп, санасы қалыптаса бастағанда-ақ күнделікті күйкі тіршілікпен қатар, халықтың тамаша әуен-сазы оған игілікті әсерін тигізіп, өзінің көркемдігі мен маңыздылығымен баланың жанын баурап, ақыл-ой, сана-сезімінің кеңейіп, жақсы мінез-құлықтарының біртіндеп қалыптасуына әсерін тигізіп, рухын байыта түседі
Домбыра,қобыз,фортепианода ойналатын әдемі шығармаларды есіміз кетіп тыңдаймыз.Осы шығармаларды өзіміз жоғары дәрежеде ойнау үшін,бірінші нотадан сауатты болу керек,нотаның тек өзін ғана біліп қоймай,гармония,полифония,музыканың формасын білу керек.Осыларды білуге нота сауаты тағыда бірінші қадам болады.Музыка сауаты бар адам,кезкелген аспапты меңгере алады. Жай әдебиет кітаптарын кітапханадан алып,үйге алып барып оқуға болады. Музыкада ол ереже келмейді.Рояльға,скрипкаға жазылған шығармаларды үйіңізге алып барып сартылдатып ойнап кете алмайсыз.Оларды тек тыңдау арқылы білесіз. Романдарды,өлеңдерді,поэмаларды оқу арқылы білсе,музыка шығармаларын тек тыңдау арқылы білуге болады.Қазақ халқының музыка мәдениеті қазіргі таңда,өте жоғары дәрежеде дамып келе жатыр. Музыка білімін алуға қазыргі жастарда құлшыныс көп. Музыка –оңай мамандық емес, көп еңбекті қажет етеді.Қабілет болу-істің басы. Музыка арқылы эстетикалық тәрбие беріп, қоршаған ортаны, адам сезімін, түрлі ойды көркем дыбыстар арқылы жеткізе аламыз.Ал музыкант-қоғамның ең бір нәзік, ең бір таза, ең бір күшті тұлғасы.Ол қоғамға рухани байлық сыйлаушы. Қорыта келгенде, әннің, музыканың өскелең ұрпаққа беретіні көп-ақ. Тек сол көркемдік, эстетикалық азықты үнемі, дер кезінде үнемдеп, педагогикалы қағидалармен жастарды баули білгеніміз жөн. Құлақты жауыр қылған батыс музыкаларына еліктеген, көшедегі әнді сахнаға шығарған заманда, жеңіл музыкаға әуестеніп кеткен жастарымызды, кәсіпқойлық - ұлттық дәстүрлі музыкалық өнерімізге, рухани, бай құндылықтарымызға ынталандырып, қызықтырып, эстетикалық талғамын, дүниетанамын қалыптастыру қажет. Сондықтан домбыраны сауаттылықпен ойнап көзін ашқан бала әлде қайда еңбекқорлыққа, адамгершілікке, ұжымдылыққа, кішіпейілділікке, эстетикалық талғамы жоғары болып өседі. «Ұяда нені көрсең ұшқанда соны ілерсің» - деген қанатты сөз осының айғағы іспеттес. Теңіздің түбінде жатқан інжү-маржандай бай өнерімізді келешек ұрпақтың бойларына сіңіріп, тәрбиелеу, олардың дүниетанымын қалыптастыру - әр қазақ отбасының және кез келген музыка маманының міндеті екендігін ұмытпағанымыз жөн.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Б.Балабеков Қазақтың музыкалық фольклоры, болмысы, өзіндік ерекшелігі. Алматы, 2006ж
2. Музыка әлемі журналы №2,5 2017 ж
3.
Аймауытов Ж. Психология. – Алматы:
«Ғылым», 1988 ж.
4.
Басты мақсат – білім сапасы // «Мәдени
мұра», 2012 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген