400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. "Нашар еститін оқушыларды оқытудағы дидактикалық ойындардың түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал дефектологтарга арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Талдықорған қаласындағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты КММ

Сурдопедагог: Мырзаханова К.К

Нашар еститін оқушыларды оқытудағы дидактикалық ойындардың түрлері

Таным процесін дамыту – есту қабілеті бұзылған балалардың ақыл-ойын тәрбиелеудегі маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Таным қабілетін және ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуда дидактикалық ойындар маңызды рөл атқарады. Дидактикалық ойындар – ересектердің балаға оқытушылық әсерінің бір формасы. Дидактикалық ойындарға тән сипат – нақты қойылған оқытушылық мақсат және оған лайық педагогикалық нәтиженің болуы. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытуда ойын әдіс ретінде барған сайын кеңінен таралып келеді. Ойын баланың жадына, қиялына, сөйлеуіне, ойлауына, эмоциялық саласына, дербестігіне, шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы баланың тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Дидактикалық ойындардың көмегімен баланың әрекетін оларды қолжетімді практикалық қана емес, сонымен бірге күрделі емес проблемалық міндеттерді де шешуге қабілетті болатындай етіп ұйымдастыруға болады. Дидактикалық ойын әртүрлі материалдар арқылы тапсырмаға эмоциялық оң көзқарасты сақтай отыра қажетті қайталаулар мөлшерін қамтамасыз етеді, сөздік қорын молайтуға және есту қабілетінің дамуына көмектеседі, балаларды сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасауға ынталандырады, ойлау операцияларын қалыптастырады. Ойын үстінде баланың өмірден алған тәжірибесі кеңінен пайдаланылады, жаңа мінез-құлық элементтері меңгеріледі. Ойынды пайдалана отырып біз баланың даму процесін, оның әлеуметтік құндылықтарға араласуын жеделдетеміз. Нашар еститін балаларды ойын арқылы оқыту үстінде мен ойын әрекетінен туатын қуанышты біртіндеп білім алу қуанышына айналдыруға тырысамын. Білім алу қуаныш тудыруы тиіс! Дидактикалық ойындар танымдық жүктемені, интеллектуалдық даму функциясын атқарады. Ойын түрін таңдаған кезде нашар еститін оқушының көрнекілік-әрекет етушілік ойлау сипатын ескеру маңызды. Сондай-ақ ойын бала психикасының толыққанды, жан-жақты дамуына, олардың танымдық қабілеттеріне, сөйлесуіне, құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау тәжірибесіне әсер етуін, оқу әрекетіне қызығушылық тудыруы қажеттігін де ескерген жөн. Ойындарды оларды өткізу мақсаты бойынша топтастыруға болады. Мысалы, ойлауды дамытуға, қарым-қатынас қабілетін дамытуға, шығармашылық қиялын дамытуға арналған ойындар бар. Мен сабақта төмендегі ойындарды пайдаланамын: Сиқырлы себет Ойын барысы. Балаларға беті орамалмен жабылған үлкен себетті көрсетіп, ішінде не барын қарауды ұсынамын. Себетте балалардың санына сай конверттер, жануарлар маскалары, шиыршықталып оралған қағаз парақтары бар. Конверттерді балаларға үлестіріп беремін. Әр бала өз конвертінен бір зат немесе жануарлар бейнеленген суреттерді алып қарайды. Тақтаға, қағаз парағына сұрақтар жазамын, ал балалар осы сұрақтар бойынша өз қолындағы жануар (зат) туралы айтып береді. Көңілді шеңбер Ойын барысы. Балалар шеңберге тұрады, оң алақандарын көршісінің алақанына, ал сол алақанын екінші көршісінің алақанына салады. Көршісін алақанынан шарт еткізіп, алфавиттің бір әрпін айтуы керек. Тәтті әліпби Ойын барысы. Оқушылар қызыл немесе көк текшелерді таңдап алу арқылы екі командаға бөлінеді. Мұғалім жеміс-жидектердің суреттерін көрсетеді. Егер сөз дауысты дыбыстан басталса, қызыл текшелерді көтеріп, тиісті суретті алады, егер дауыссыз дыбыстан басталса, көк текше көтеріледі. Аз қателескен команда жеңімпаз болады. Сабақта «Кім қайда тұрады?», «Дүкен», «Сөзді тап», «Ертегіні танып ал», т. б. танымдық-жалпылық ойындарын өткіземін. Тақырыптық: ойыншықтар, гүлдер, жиһаз, жануарлар, т. б. сөзжұмбақтар ұсынамын. Ойынды қорытындылаған кезде біз әрекет кезеңдерін еске түсіреміз: Не істедік? Сөзжұмбақ шештік. Сөйтіп, балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін ондай қарым-қатынас қажет болатындай жағдай тудыру керек. Бұл жерде қарым-қатынас дегеніміз үйреншікті сөздерді қайталау емес. Мысалы, ойын мазмұны әлі балаларға түсінікті емес жағдайда, оларда әлі қарым-қатынас жасау тілегі туа қоймайды. Әдетте мұндай кезде балалар итермелеумен ғана әрекет етеді, осы ойын үшін арнайы жатталған сөздерді ғана айтып, қарым-қатынас жасаған түр танытады. Балалар қарым-қатынас жасасуға тиіс дидактикалық жағдайлар алғашқыда барынша қарапайым болғаны жөн. Қарым-қатынас процесінде пайдаланылатын оқиғалық міндеттер мен сөздік материалдар біртіндеп күрделілене береді. Дидактикалық ойындар бағдарламаның кез келген бөліміне ендіріліп, танымдық әрекетті дамытуға, сондай-ақ ұжымда өз ойындарын, өз мінез-құлықтарын (істі жұмыла жасау, жолдасының әрекетін бақылау, кезегін күте білу, ортақ мақсатқа ұмтылу, қарым-қатынас сөздерін дамыту) қалыптастыруға көмектесуі тиіс. Сіздерге «Айболит дәрігерде» тақырыбына арналған бір сабағымды ұсынып отырмын. Статьи по теме Құм терапиясы Мектептегі азаматтық қорғаныс: ұйымдастыру, бұйрық Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу Жол белгілері еліне саяхат Еңбек демалысына берілетін сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу Сабақтағы танымдық әрекет нәтижелері: P   оқушылардың танымдық әрекетін ынталандырады; P   шығармашылық қиялын дамытады; P   оқылған материалдар көлемін арттырады; P   адамгершілік, эстетикалық, экологиялық тәрбие неғұрлым тереңірек бола түседі. На отдельный листок «Айболит дәрігерде» дидактикалық ойыны Мақсаттары: 1)   оқушылардың жануарлар туралы білімдерін бекітеді; тақырып бойынша сөздік қорларын толықтырады; 2)   танымдық қызығушылығын, тыңдауын дамыту, сөз байланыстарын, жадын, ойлауын жетілдіру бойынша жұмыстар жасау; оқушылардың сөйлемдерін үйлестіру; 3)   жануарларға, ойыншықтарға сүйіспеншілікпен, ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, салауатты өмір салтына баулу. Құрал-жабдықтары: жұмсақ ойыншықтар, дәрі қорап, кестелер мен суреттер. Сөздік жұмыс: Айболит дәрігер, дәрі қорап, дәке, мақта, қызуөлшер, жасыл дәрі, жағу, майлау, өлшеу, қызуын өлшеу. Сабақ жоспары 1.   Ұйымдастыру сәті. 2.   Сөздікпен жұмыс. 3.   Жаңа тақырып. 4.   «Айболит дәрігерде» ойыны. 5.   Сабақ қорытындысы. Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру сәті: а)   есту аппаратын реттеу: қалай естіледі? б)   «Т» әрпіне фонетикалық жаттығу: Буындарды оқыңдар: та-то-ту-ти-те тататата___та тототото________то                                       Ата ота ута ита А та О то Сөздерді оқыңдар:      тақ, тұт, Тома, тоқ, топырлау, Тима, Талғат, табақ.                                       Ата, таға, тайлақ, тамақ, тор, мақта. в)   сөздік лездеме; г)   сабаққа даярлау: мұқият тыңдаңдар, анық, түсінікті жауап беріңдер! 2.   Сөздік жұмыс: суретке және айналаңдағы заттарға қарай отырып, жаңа сөздерді түсіндіріңдер. Жаңа тақырып: (тақтада «Айболит дәрігер»): Балалар, бұл кім? ·    Оны қалай таныдыңдар? ·    Айболит кімді емдейді? ·    Ал сендерді мектепте кім емдейді? Тәрбиеші: Балалар, қайырымды Айболит дәрігер аңдарды емдейді. Бұл туралы біз К. Чуковскийдің «Айболит дәрігер» ертегісінен білеміз. Бүгін ол бізге қонаққа келді. Айболит дәрігер сендердің сүйікті ойыншық аңдарыңды емдеуге көмектеседі. Сендер олармен ойнап отырып, байқаусызда сындырып алдыңдар. Айболит ертегі кейіпкері болғандықтан, ойыншық аңдар да ертегі. Олар сөйлей алады. Ойыншықтарыңды қолдарыңа алыңдар. Ал кәне, кімнің қай жері ауырады? Даулет: Менікі аю. Оның аяғы ауырады. Меруерт: Мендегі қоян. Оның қызуы бар. Ильнур: Менікі мысық. Оның тамағы ауырады. Талғат: Менікі ит. Оның құлағы ауырады. Руслан: Мендегі түлкі. Оны ара шағып алды. Тәрбиеші: Ал қазір, балалар, біз ойын ойнаймыз. Ойын «Айболит дәрігерде» деп аталады. Мейірімді Айболит дәрігер. Ол ағаш түбінде тосып отыр. Оған емделуге келіңдер. Айболит дәрігер – Жандос. Дәрігердің дәрі қорабы бар. Онда не бар? Сендер ойыншықтарыңды алып дәрігерге келесіңдер де, оған жағдайларыңды айтасыңдар. 4.Ойын сахнасы Айболит дәрігер: Меруерт, сенің қолыңдағы кім? Оның қай жері ауырады? Меруерт:    Жауынды күні иесі,                      Тастап кетіп далада.                      Орындықтан түсе алмай,                      Су болыпты малмандай. Дәрігер: Демек, қоянның қызуын өлшеу керек. Қызуөлшер қоямын. Қап, қызуы бар екен, дәрі ішпесе болмайды. Меруерт: Рақмет, дәрігер. Дәрігер: Ал сенің қолыңдағы кім? Оған не болды? Даулет: Құлап қалып қонжығым,                Жұлыныпты аяғы.                Тастамаймын сонда да,                Жаным ашып, аядым. Дәрігер: Мишканың аяғын емдеу керек. Дәкемен байлап беремін. Даулет: Рақмет, дәрігер. Дәрігер: Келесі кім? Ильнур: Дәрігер, мысығым ауырып қалды. Дәрігер: Оның қай жері ауырады? Ильнур: Мысығымның тамағы ауырады. Дәрігер: Мінекей, тамақ ауруының дәрісі. Күніне үш рет қабылдасын. Ильнур: Рақмет, дәрігер. Дәрігер: Келесі. Руслан: Ой, ой! Түлкішекті ара шағып алды! Дәрігер: Мына жасыл дәріні тұмсығына жағамын. Руслан: Рақмет. Дәрігер: Келесі. Талғат: Итімнің құлағы ауырады. Дәрігер: Итіңе дәрі егемін. Талғат: Рақмет. Дәрігер: Мінекей, достар, аңдарыңа ем жасадым. Естеріңде болсын! Жануарларды жақсы көріп, оларға көмектесу керек. Өздерің де ауырып қалмас үшін: салқын су ішпеңдер, жылы киініңдер, спортпен айналысыңдар, ойнап жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтаңдар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.06.2019
752
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі