жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлануын күшейту мақсатында математика сабағында пайдалану».
Мақала: «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлануын күшейту мақсатында математика сабағында пайдалану».
Авторы:Шункараев.Амангелди. Сыныбы:5 сынып. Бөлімі:Мақала
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлануын күшейту мақсатында математика сабағында ойын технологиясын пайдалану. Шункараев.Амангелди. «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалган ауылы. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә .Назарбаевтың сөзі ұзтаз кауымына үлкен тапсырмаларды артып отыр.Еліміздің болашағы көркейіп ,өркениетті елдер қатарына қосылу ,бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.Дүнйежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп,жаңа типті оқыту ,яғни әр баланың табиғй қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып,ооны жан-жақты дамыту керек.Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас пайда болып,оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді.Яғыни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізде кеңінен еніп. Қолдануда. Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі-оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін,мінезін танып,жетілдіріп сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу.Орта мектеп бағдарламасындағы пәндердің бірі-математика.Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру,алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру,ойлау деңгейін,қабілетін шыңдау ұстаздың міндеті. Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек.Білім беруді ізгілендіру,оқыту әдістерін жетілдіруді.дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді.Білімді меңгерту,біліктілікті қалыптастыру үрдісінде бақылаудың алатын орыны ерекше.Бақылау-білім,біліктерін айқындау ,есепке алу,бағалау,тексеру.Егер берілетін білім мен оны меңгеріудің арасында үйлесімділік болмаса,тиісті нәтижеге қол жеткізу мүнкін емес. Білім берудегі шамаға лайықтылық тиісті кедергілер мен қиындықты жәңе отырып,меңерілсе,ұғым-түсінікті,тиянақты болады.Жүйелі түрдегі әрекет мақсат еткен нәтижеге жеткізеді және одан шәкірт рухани қуат алып,ақыл-ой еңбегінің дағдысын қалыптастырады.Берілетін білімнің беріктігі шәкірттің шамасына лайықтылығы мен жүйелігіне байланысты,оқушының көңілін әр нәрсеге алаңдата бермей,олардың зейінін нақты бір мәселеге тянақты бағдарласа,математиканы игеру нәтижелі болмақ. Оқушыларды математиканы оөытуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі,оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі-нәтижеге жетеуге ынталандыру . Математика сабағында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы.Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамы да жоқ және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе есептесе.Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып,өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Математикалық ойын дегеніміміз тынысы кең,алысқа меңзейтін,ойдан ойға жетелейтін ,адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі.Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін ,танымдылық белсенділігін артырады.Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады.Алайда ойынды үнемі оқу барысында пайдалануға,ұзақ уақыт созуға болмайды.Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып ,сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей үйлесіп тұруы тиіс. Ойынға педагогикалық башылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылыққа ,шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын,балалардың ұжыммен қарым-қатынасын жетелдіре түсу болып табылады.Ойын барысындағы қарым –қатынаста педагог басты назарды достыққа ,жолдастық қарым-қатынаста өзара түсіністікке көңіл аударуды негізге алады.Ұжымдық ойындағы оқушының алар орыны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше.Олойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнымен сипатталады.Ойын оқушылардың қарым –қатынасын орнақтырады,бір-біріне сенімін,түсінігін арттырады.Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы.Сабақтың барысын өзгертіп отырсақ,оқушылардың білімге деген құштарлығын артары сөзсіз. Көрнекті педагог В.Ф.Сухомлинскийдің «егер мен сабақ беруші ғана болсам,педагогтік деңгейде көтеріле алмас едім,шәкіртімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді» деген сөзін өз санамызға сіңіріп,бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы,мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.Қайсыбір оқушы болмасын пән туралы сөз қозғасаң,оны дұрыс түсіне алмай жүргенін ,оған деген құштарлығының жоқтығының көз жүргізуге болады.Әрине басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да бар.Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығыушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. Математикалық ойындар сыныпта жүргізілген жұмыстардың ең қызықтысы.Ойынның қандай түрі болмасын,балаларды өзіне тартады.Мұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай. Мұғалім де әрбір ойын элементтерін қолдау-оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізу тиіс.Мұғалім де әрбір ойын жөнінде түсіне білу керек.Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа,түсінікті болу керек.Ойын уақытында мүнкіншілігінше ойынның бірнеше түрін кездестіріп отыру керек,әйтседе бізде бағдарламаға байланысты бір сараңды оқыту әдетке айналған. Мысалы,үлестірме екі бөлініп,біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады. Оқушылардың міндетті сұрақа жауапты дұрыс тауып,үлестірме қағазын дұрыс құрастыру.Егер тапсырма орындалса ,үлестірме қағаздың екінші жағынан белгілі бір сурет немесе мақал-мәтел шығу керек. Қорта айтқанда ,дидақтикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын ролі ерекше.Ол оқушылардың қызығыушылығынмен қатар,оқушыларды белсенділікке,тез ойлауға,ауызша есептеулерге,логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор.Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ,соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген