жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру маңызы
Алматы облысы
Көксу ауданы
«Р. Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Жанибекбаева Шынар Әскерқызы
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызы.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» деп патриотизм мәселесіне жан-жақты тоқталып өткен болатын.Жас ұрпақ тәрбиесі қоғамымызда аса маңызды рөл атқарады.Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі-бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.Халқымыздың отансүйгіштік,патриоттық туралы ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін болсақ, XY- XYІІ ғасырлардағы Асан қайғы бастаған,Ақтамберді, Доспамбет,Шалкиіз, Бұхар, Махамбет ақын- жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен көреміз.
«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» - деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай өз тағдырын өзі шешуге қолы жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екендігін байқаймыз.
Негізгі білім бастауышта болғандықтан, ұлттының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға , саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жастайынан тәрбиелеу бастауыш мектеп мұғалімдерінің міндеті болмақ. Бастауыш сыныпта оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе.Оның жас балалар үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор.
Мысалы : «Ит туған жеріне », «Өз елім өрен төсегім » т.б мән-мағынасына мән беретін болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін түсіндіре отырып, бала тәрбиесіне кең пайдалануымыз керек.
Дәстүрлі қазақ эпосы-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып,ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра болып сақталып жетіп отыр.Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы жас ұрпақты ерлікке, мәртілікке, ұлтжандылыққа үйреткен.
Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден- ақ білген. Қазақтың баланы жеті жасқа келгенде атқа мінгізіп, үзенгіні ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Жалпы кез- келген адам ерлік істеуге баруы үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болуы керек. Елімізде ондай ерлік істеуге елін, жерін сүйетін азаматтар әрқашанда рухани тұрғыдан дайын деп айтсақ артық айтпаған болар едік.Соның бірден-бір дәлелі ретінде күні кеше ғана ғарыш көгіне самғаған жерлесіміз Айдын Айымбетовты айта кетсек жөн болар. Ақордадағы марапаттау рәсімінде Елбасы Байқоңырдан осы йақытқа дейін 38 елдің ғарышкерлері ұшқанын атап айтты.Әрине сол мемлекеттердің ішінде Қазақстан да бар.Әрі қазақтың үш ғарышкерін мақтанышпен айтамыз.Сөйтіп, біз жер-жаһанда үш және одан да көп ғарышкерін ұшырған таңдаулы тоғыз елдің қатарына қосылдық.Айдын Айымбетов Елбасының жарлығымен «Халық Қаһарманы» атанды.Әрі «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы»деген құрметті атақты еншіледі. Мемлекет басшысы ғарыш көгіне самғаған қазақ саңлағының кеудесіне «Отан» ордені мен Алтын Жұлдыз медалін өз қолымен тақты.Осылайша Айдын қазақтың даңқын әлемге тағы бір асырды.Айдын
Он күн қатарынан ғылыми зерттеу жүргізіп, адамзат үшін қауіпті саналатын радиация деңгейін анықтады. Айдын оралғанға дейін отандастары түгел тілекші болып отырды. Міне, осындай азаматтарды мақтан тұтамыз, және оқушыларымызға олардың қандай патриот екендігін дәріптеп отыруымыз керек.Осындай азаматтардан үлгі алуға болатынын үнемі айтамыз.Сонда ғана елін, жерін сүйетін азаматты тәрбиелей аламыз. Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.
Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.
Табандылық – батырлардың қалқаны.
Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.
Сондай-ақ Бауыржан атамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған. Мысалы:
• Намысты нанға сатпа.
• Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу - сатқындық.
• Именіп жүріп көрген игіліктен - қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.
• Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше - шындықтың уын ішін өлген артық.
• Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік - жігіттің қасиеті.
• Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
• Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.
• Ерлік - тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.
• Өршіл рухтан - өлмес ерлік туады.
• Белдескеннің - белін сындыр, тірескеннің - тізесін бүктір.
• Ептілік те - ерлік.
• Қолбасшы болсаң сондай бол - жосылып жатқан жолдай бол.
Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы біздерге өсиет сөздер қалдырған.
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстурімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет.
Түйінді ой айтсақ : біз ұстаздар қауымы оқушы бойында патриоттық сезімін бастауыш сыныптан калыптастырып,жоғарғы сыныпта үлгі көрсете білсек оқушыларымыз елін сүйетін ерлер болатыны сөзсіз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген