400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала «Оқушыларға талап қоя білу мен бақылаудың қажеттілігі.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға талап қоя білу мен бақылаудың қажеттілігі мен маңыздылығына тоқталып өту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыларға талап қоя білу мен бақылаудың қажеттілігі.

Тәрбие үрдісінде оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда оған дұрыс талап қою және істеген ісіне бақылау жасау әрқашанда ерекше маңызды орын алады.

Талап қою – бұл адамды міндетті түрде іс әрекетке шақыру, жұмылдыру. Балаға талап қойып, оның, нәтижесін қадағалау оқыту мен тәрбиелеудегі ең өзекті мәселелердің бірі болып қала берері анық. Өйткені адамға тиісті талап қойылмай, тапсырылған іс қадағаланбаса, ондай жерде берекесіздік, оң нәтиже болмайды. Біз адамға оның тіпті кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отырамыз. Мысалы, жеті жасар бала мұғалімнің тапсырмаларын мүлтіксіз орындауға дағдылана бастайды. Мұғалімнің талап-тілектерін орындау оқушы үшін заң болуы керек.

Міндет алу, басқа адамның талабын мүлтіксіз орындап шығу бала үшін үлкен жауапты іс. Осыған орай баланың психикасы да күрт өзгере бастайды. Мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәнісінде талап қоюшылық, міндет алушылық айқын көрініс таба бермейді. Өйткені бұл ойын әрекетіне тән сипат емес.

Адамның міндет алуы, сөйтіп белгілі талаптарды орындауы оңай емес нәрсе екендігін қазақтың «Міндет алма індет ал» деген мақалы да жақсы аңғартады. Бұл мақалдан адамға міндет алу, оны орындау өте қиын екендігін, адам мұны орындай алмаса індетке душар болып, қиын жағдайға тап болатынын меңзеп отыр.

Адамға міндет артып, талап қою және оны орындатқызу біздің қоғамымыздағы өмір сүрудің бір жағы. Елімізде тұрып жатқан азаматтарға қойылатын талаптар мен міндеттер Қазақстан Республикасының Ата Заңында айқын бейнеленген. Ал, мектеп жасындағы балаларға қойылатын талаптар мен міндеттер туралы «Оқушылар үшін ережеде де», жазылған. Осы ережені түсіндіріп, жауапкершілікпен орындату біздің міндетіміз.

Адамға талап қою ең алдымен оның міндеттін тәпіштеп түсіндіруден, яғни оған істейтін ісін саналылықпен ұғындырудан басталады. Талап қою сөзден гөрі іске, қимыл әрекетке көбірек байланысты нәрсе. Біз балаға талап қоюда А.С. Макаренконың адамға мүмкіндігінше көп талап қою және оны мүмкіндігінше мықтап қадірлеу дейтін принципін ескеріп отыруымыз қажет. Баланы қимыл әркектке жұмылдыратын, түрткі болатын талаптар мен тілектер кесімді, қысқа, анық, түсінікті болуы тиіс. Тек сонда ғана ол оның күш-қуатын барынша жігерлендіреді, оны ұнамды қылықтарға итермелейді. Ал түрлі талаптарды орындауға байланысты жаттығулар баланы ерік-жігерін шынықтырумен қатар өз мінез-құлқын ұжым тілегіне бағындыра алуға үйретеді, өзінің Отан алдындағы жауапркершілігін айқын сезінуге, өзіне қойылған талаптарды орындап, қиыншылықтарды жеңе білуге тәрбиелейді. Жалпы оқушыға талап қоюдың бірнеше түрлері бар. Оны әрбір оқушының түрлі ерекшеліктеріне қарай әр жағдайда түрліше пайдаланып отыруға болады. Мысалы, осындай талаптың қарапайым түрі – өз міндеті туралы жайлап ескерту болса, ал мұның өте қатал кесімді түрі – бұйыру. Адамға талап қою оны бір нәрседен сақтандыру, тиым салу түрінде де көрініс тауып отырады. Балаға дұрыс талап қоя білудің тәрбиелік мәні сынып жетекшінің ұстаздық байыптылығына да байланысты. Мұны әр ұстаз, сынып жетекші, әрбір тәрбиеші есінде сақтаулары тиіс.

Адамға дұрыс талап қоя білумен қатар оның әрбір істі аяғына дейін жеткізіп, қалай орындағанын қадағалаудың да маңызы зор екендігі белгілі. Бақылау жүргізу оқушының іске деген жауапкершілігін арттырады, оның өз күшіне сенімін күшейтеді, оған өз әрекетінің қоғамға қаншама пайда келтіретіндігін аңғаруға жәрдемдеседі. Балалардың түрлі тапсырмалар мен талаптарды орындап отыруын жиі қадағалау сөз бен істің арасындағы түрлі алшақтықты жойып отыруға мүмкіндік береді. Іс әрекетке бақылау жүргізудің қандай түріде оны дұрыс бағалай білумен тығыз байланысып жатады. Сондықтан да біз әрбір істің нәтижесін «жақсы», «жаман», «қанағаттанарлық» т.б. деп бағалап отырамыз.

Балаларға талап қою мен олардың іс-әрекетіне бақылау жүргізуде мынандай шараларды қолдануға болады: Біріншіден, талап әр уақытта әділ, орындалуы ақиқат нәрселерге ғана қойылуы қажет. Балаға ауыр талап қою, сондай-ақ оған оның шамасы келетін-келмейтінін ескермеу әруақытта да жақсы нәтиже бермейді. Екіншіден, талап қатаң қойылып, оған әр түрлі шым-шытырық, қайшы пікірлер араласпауы керек. Үшіншіден, талап өте қысқа, ықшам сөздермен айтылса, оны орындаушы да жақсы түсінеді және оның нәтижесі де жақсы болады. Төртіншіден, талап байсалдылықпен, айқай-шусыз, кекесін мұқатусыз, әрбір адамның ар ожданын сыйлау жағдайында қойылып отыруы тиіс. Бесіншіден, қойылған талап әр уақытта мұқият тексеріліп, оның орындалғаны жөнінде адамнан есеп алынып отыруы қажет. Осы айтылғандарды ретіне қарай жүзеге асыру әрбір сынып жетекшінің, тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі