400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала ОҚЫТУДА ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ-ІШКІ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, студенттерге шығармашылық жұмыстар мен баяндамалар дайындауға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әзмахан Диляра Болатбекқызы

Биология пәнінің оқытушысы, магистр

М. Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, Қызылорда қаласы


ОҚЫТУДА ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ-ІШКІ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ


«Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін адамгершілік,

ізгілік, имандылық тәрбиесін бойына жинаған білімді

парасатты ұрпақ тәрбиелеу – біздің борышымыз деп білемін»

А. Байтұрсынұлы


Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Бүгінгі білім берудің мақсаты – дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру.

Білім беру – оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы. Оқытудың өмірмен байланысының күшейтілуі оқыту әдістерінің тәрбиелік ықпалын күшейту туралы, тәрбие және білім беру жұмыстарының бірлігі жайындағы мәселені алдыңғы орынға шығаруда.

Тұлғаны қалыптастыру – өзін-өзі ұйымдастыру, отбасы және қоғамдық тәрбиелеу мен ағартудың ұзақ, табанды және мақсатты процесінің нәтижесі.

Заманауи оқу бағдарламалары мазмұнының айтарлықтай тәрбиелік әлеуеті бар. Оның іске асырылуы білім алушыларға адамгершіліктің, патриоттықтың, руханилықтың, азаматтық және гумандықтың шынайы үлгісін ұсынатын оқу материалының мазмұнын мақсатты іріктеуге байланысты.

Сабақтағы оқу пәнінің мазмұны – білім алушы тұлғасының құрылымына әсер ететін күшті құрал. Алайда, білім алушылардың санасына баянды, берік білім негізінде тұтас қабылдау арқылы жеткізілген жағдайда ғана мазмұн тәрбие құралы бола алады. Жүйелі білімді және олар арқылы сенім мен көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстардың бұл жерде алатын орны ерекше[1].

Интеграциялық үдеріс (от лат. integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін-бірі толықтыратын,  бір-бірімен  байланысты  жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Интеллектуалды (сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы (кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді). Рухани-адамгершілік (ішкі білім жүрек үшін) табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нәр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицяны дамытып, сананы оятады) [2].

Жаратылыстану-математикалық циклы пәндері оқушыларға табиғат, әлемнің материалдық тұтастығы, табиғат ресурстары және оларды адамның іс- әрекетінде пайдалану туралы білім береді. Бұл пәндердің ортақ оқыту тәрбиелік міндеттері тұлғаның жан жақты үйлесімді дамуына бағытталған. Осы ортақ міндеттерді шешудегі басты шарт – пәндер арасындағы байланыстарды, пән мұғалімдерінің ынтымақты жұмысын жүзеге асыру және дамыту.

Мұғалім қызметінің басты бағыты – бала үшін таным қуанышын ашу, өздігінен жауап іздеу кеңістігін беру, зерттеу ахуалын туғызу, яғни, баланың ішкі мотивациясын ояту. Бұл жерде ең бастысы – оқу процесінің оқушыға берері, танымдық қызметтің орны, бұл қызметтің дәлелденуі, қызмет мақсаттарының мотивацияға сәйкестігі, оқушы үшін бұл қызметтің тартымдылығы, оқыту процесі барысында оның қатысушылары: мұғалім және оқушы, оқушылар және мұғалім, оқушылар арасында қандай қарым-қатынас орнағаны маңызды. Сабаққа дайындалу барысында мұғалім білімдік міндеттермен қатар, оқушыларда әлеуметтік және тұлғалық маңызды қасиеттер мен ерекшеліктер, қоршаған әлемге, адамдарға, іс-әрекетке және өзінің жеке басына адамгершілік- құндылықты қатынас қалыптастырумен, достарымен, ересек және кіші жастағы оқушылармен, ата-аналармен, түрлі ұйымдар және әлеуметтік топ өкілдерімен өзара іс-әрекет дамытумен байланысты тәрбиелік міндеттер кешенін анықтайды.

Тек қана білім беруге бағытталған сабақ оқушыларды бейтарап қалдырады.

Мұғалімнің міндеті – сабақ мазмұны оқушылармен белгілі бір әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық және т.б. құндылықтар ретінде қабылдануы тиіс. Бұл үшін қандай жағдайлар қажет? Сабақтың зияткерлік, адамгершілік және эстетикалық әсерлер, түрлі көзқарастар мен пікірлер тартысы, міндеттер мен проблемаларды шешудің түрлі жолдары мен ақиқатын іздестіру, мұғалім мен оқушылардың шығармашылығы атмосферасында өтуінің маңызы зор.

Соңғы кездері білімді, бірінші орында тектес пәндерді интеграциялау өзекті болып отыр.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың арқасында оқушылардың санасында әлем туралы жан-жақты бейне қалыптасады, оқушылар алған білімін белсенді түрде практикада қолдана бастайды, себебі білім өзінің қолданбалы сипатын көрсете алады. Мұғалім, өз пәнінің басқа пәндермен арасалмағын айқын сезіне отыра, оны жаңа қырынан көреді және көрсетеді.

Жаратылыстану саласы пәндерінің мазмұнын түсіндіруде білім алушыларға біліммен қатар, қазақ халқының тағылымы мол тәрбиелік мұрасын жете меңгерту қажет.

Заманауи мектептегі оқу процесінде ұлттық тәлім-тәрбиені қолдану оң нәтиже беретіні дәлелденген. Мысалы, кезінде ата-бабаларымыз үй тұрмысына, тіршілікке қажет заттар мен бұйымдарды қолдан жасаған, табиғатпен тілдесе білген. Сол арқылы қазақ халқы өмір сүрген ортасының географиялық жағдайына қарай өздерінің материалдық, биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырып отырған.

Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланысты болған. Табиғат өнімдерін бір-біріне қосу арқылы тұрмысқа қажетті заттарды алу жолдарын меңгеріп қана қоймай, өнімдерді қалдықсыз, үнемді пайдаланған. Себебі табиғатты сақтау және қорғау, жер қойнауындағы байлықты ысырапсыз пайдалану – өзін асырап-сақтап отырған Жер-анаға деген құрмет деп түсінген [1]

Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:

1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;

2. Патриотттық тәрбие;

3. Еңбек және экологиялық тәрбие;

4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;

5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.

Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық  процессіне  сәйкес  тәрбие  беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.[4]

Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады. Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.

Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады[1].

 Қазақстанның әлемдегі барынша дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясының шешуші басымдықтарының бірі – осы заманғы білім мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беруді дамыту векторы адам мен адамзаттың толыққанды өмір сүруінің басты шарты ретінде алынған руханилықпен анықталатын өмір сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл мәселені шешудегі бүгінгі күні оқытушының басты мақсаты – өзіндік рухани-адамгершілік құндылықтарын білім алушының бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір білімгерді жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарын дамыту. Осыған орай, білім беру ұйымдарында оқытудың маңызды мәселелерінің бірі ретінде пәнді интерграциялаудың тәрбиелік мәні зор[3].

Қорытындылай келе, білім беру ұйымдарында  барлық  пәндерді   оқытуды  олардың мазмұнын рухани тәрбиемен сабақтастыра, интеграциялап оқытудың маңызы зор екендігін баса айтуға болады. Бұл- пәнді оқу арқылы адам өзінің мінез-құлқы мен қоршаған ортаға қарым-қатынасын жақсы жаққа қарай өзгерте алады. Сол арқылы өзгені де өз арнасына тарта алады. Әлемде болып жатқан барлық жақсылыққа жаршы бола алады. Ал, ол жақсылықты жасаған адам басқа адамға үлгі болады. Адамда Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық және Қиянат жасамау сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды дамытатын өзін-өзі тану пәнін жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы барлық пәндермен тығыз байланысты интеграциялап өткізудің тәрбиелік, тағылымдық маңызы зор. Білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану құндылықтарын интеграциялау арқылы ақиқатқа жетуде риясыз сүйіспеншілікпен қызмет етуге, дұрыс іс-әрекет жасауға баса назар аударатын болса, жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, үлгілі өнеге беруге болатыны, өзін-өзі тәрбиелей отырып жүрегінде ішкі тыныштық орнату арқылы ешкімге, ешқашан да қиянат жасамауға үйрету басты ұстаным болып қалады.









Әдебиеттер:


  1. Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту. Әдістемелік құрал. Астана, 2013 жыл

  2. «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы». Халықаралық педагогикалық оқулар материалдары. Алматы, 2012.

  3. Жұмабекова Ф.Н «Өзін-өзі тану» пәнін интеграциялаудың оқытудағы мүмкіндіктері «ҚазҰУ Хабаршысы» журналы, Алматы, 2015.

  4. Мырзабаев А.Б., Биологияны оқыту әдістемесі, Қарағанды, 2006.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
585
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі