400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала: орыс тілін оқытудағы ойын технологиясының рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ үстіндегі ойындардың тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОРЫС ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ

Мақалада орыс тілін оқыту сабақтарында ойын технологиясын қолдану әдістері мен тәсілдері, ойынның түрлері (дайындық ойындары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) бар. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В.А.Сухомлинский. Сабақта қолданатын ойындар алуан түрлі. Ойынның бір ерекшелігі, ол балалардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айта алуына мүмкіндік береді. Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Әр түрлі топтарда орыс тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін сабақтарда мынандай ойындар қолдануға болады: - Фонетикалық ойындар; - Әріптерге байланысты ойындар; - Оқу ережесіне байланысты ойындар; - Сөйлеу қабілетін дамытуға байланысты ойындар; - Грамматикалық ойындар; - Лексикалық ойындар; Ойындарды екіге бөлуге болады. Бірінші тарау сөйлеу қабілетін дамытатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық және орграфикалық ойындар жатады. Грамматикалық ойындардан кейін лексикалық ойындар жүреді. Фонетикалық ойындар сөйлеу қабілеті мен білігін дамыту кезеңінде дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге арналған. Ең соңында жүргізілетін орфографиялық ойындардың мақсаты – лексика бойынша оқылған сөздердің дұрыс жазылуын үйретеді. Екінші тарау «Шығармашылық ойындар» деп аталады. Бұл ойындардың мақсаты – сөйлеу қабілетінің ары қарай дамуына ықпал ету. Тез ойлауға, қарым-қатынаста ойланбай жауап қайтаруға, әр түрлі жағдайлардан тез шығуға көмектеседі. Дидактикалық ойындар оқушылырдың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін артуымен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Іскерлік ойындар – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытатын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы балаларға сөйлеуді үйретеді. Мұндай ойындар оқушылардың жасқаншақтық, ұяндық қасиеттерін жойып, оның қиялына ерік береді. Ойында келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі, баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттерінің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әр түрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде ертеден белгілі. Көптеген алдыңғы қатарлы педагогтар оқыту процесінде ойынды қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында адамның,әсіресе баланың толық және кейде күтпеген жерде қабілеті танылады. Қорыта келгенде, балабақша тәрбиеленушілердің, мектеп оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді. Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланды.Орыс тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылғанойындар балалардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп,алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді. Ойын баланың ой –өрісін дамытады. Икемділік, сергектілік, тапқырлыққа шақырады. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой-санаға лайықты ету ойыншының өз қолында.



«Абай атындағы орта мектебі»

Гарабаева Балшекер Төреханқызы (орыс тілі маманы),



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1164
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі