«Қ.
Сәтбаев атындағы №6 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
М.А.Смадиярова
Отаным-тағдырым
Ел
боламын десең,
алдымен бесігіңді түзе.
(
М.О.Әуезов)
«Туған
жер-алтын бесік» дегендей дана халқымыздың
тауып айтқан осы бір ұлағатты ұғымы
бар асыл сөздің мағынасына үңілетін
болсақ, қаншама терең ой жатқандығын
білуге болады . «Отаным-тағдырым» деп
аталған осы тақырыптың аясында қозғалатын
әңгіме де жетіп артылады. Иә, дәл солай.
Ата-бабабамыздың салып кеткен дара
жолы, олардың арман етіп аңсаған
«Тәуелсіз Ел» мәртебесіне қандай «Тар
жол тайғақ кешуден » келіп жеткен
тарихына мән беріп өту, әрбір қазақ
баласының борышы мен міндеті ретінде
санаймын.Қазіргі таңда өсіп келе жатқан
еліміздің жарқын болашағын танытатын
ұрпақтың зиялы да, өнегелі, жан-жақты
бәсекеге қабілетті елдермен таласқа
түсе алатын білікті де білімді болуына
үлес қосатын мұғалімдер еңбегінің
орасан зор рөл атқаратынын жоғарыдағы
билік басындағылардың елеп- ескергеніне
өте қуанышты және алғысы шексіз
екендігін айта аламын.
«Қазақстандық
жол -2050», «Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың
17 қаңтарындағы Жолдауында берілген
«Мәңгілік Ел- біз үшін ортақ тағдыр»
деген құндылығына қарап отырып, ерекше
өзгеріске дайын болу керектігін жақсы
түсінеміз. Осы бір бағдарламаға қарап,
сенімділікпен қарыштай алатын, мерейі
үстем ұрпақ өкілдерінің өніп-өсетіндігіне
әбден көзіміз жетеді!
Әлбетте
қазіргі төртінші индустриялық төңкеріс
кезеңінде Тәуелсіз Елімізден басқа да
дүниежүзінің түкпір-түкпірінде оқып,
біліктілік пен тәжірибе жинақтап келіп
жатқан жастардың келешекте өз Отанына
берер пайдасы одан әрі күшейіп, оның
кемелденіп дамып өсуіне, өркендеуіне
алатын орны ерекше екендігін атап
айтпаса да белгілі.
Абайша
айтқанда «Толық Адам» - өнерлі, еңбекқор,
адал, білікті, талапты, жылы жүректі,
«ыстық қайратты» ғылым жолына түскен
адамды жарқын болашақ күтетіндігін сол
кезде де қазіргі таңда маңызын жоймағанын
өте жақсы түсінеміз.
Міне,
осы технологиялық даму заманында тек
оқу-ағарту мен тәрбие істерін ұштастыра
алатын, шын мәнінде нағыз ұлтын сүйе
білетін, жаңашылдыққа барынша атсалысып,
оның тек жақсы жағын таба білетін жанашыр
тәлім беретін ұстаздарымыз лайым көбейе
берсін!
Алла
тағалам қазақ елінің мерейін дәйім тек
қана биіктен көрсетсе деп өз тілегіммен
аяқтаймын.