жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: Отбасындағы құқық және тәлім – тәрбие
Отбасындағы құқық және тәлім – тәрбие
Ахметова Айнур Нуртолеуовна – құқық негіздері пәнінің оқытушысы
КМКҚ «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»
«Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын»
Бауыржан Момышұлы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Отбасы – бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастар мен байланысқан адамдар тобы.
Отбасы қоғамдық институт, мемлекет ішіндегі «мемлекет» бала тәрбиесінің бастау – бұлағы, адам капиталын құрушы факторы екені анық. «Ұл өсіре отырып, жердің, елдің иесін, қыз өсіріп, ұлт тәрбиелейтін» дана халқымызды отбасы мәселесін әрқашан бірінші орынға қойған.
Отбасы қоғамның бастапқы ұясы болғандықтан, ондағы балаға тек ата – ана құқығы ғана емес онда мемлекеттік заң бойынша қамқорлық көрсету қарастырылады. Ол Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 1998 жылғы заңмен реттеледі. Бұл мәселелер негізінен 4 жүйемен жүргізіледі:
Некеге тұрудың шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тануды белгілейді
Отбасы мүшелерінің: ерлі – зайыптылардың, ата – аналар мен балалардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді.
Ата – анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына оралтудың нысандары мен тәртібін анықтайды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
Ата –аналар өз балаларына қатысты бірдей құқықтар мен міндеттерді орындайды. Олар өз балаларының денсаулығы үшін жағдай жасауға оларды тәрбиелеуге құқылы және міндетті. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, материалдық жағдай жасау Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңына сәйкес 29-бабына сай ерлі–зайыптылар міндетті:
-тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер атқарады;
-әрқайсысы қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді өз еркімен таңдауға ерікті;
-ана, әке болу балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасының басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді;
-өз қатынастарын өзара сыйластық және өзара көмек негізінде құруға, отбасына жәрдемдесуге, өз балаларының өсіп-жетілуіне, олардың әл-ауқатына қамқорлық жасауға міндетті.
«Неке және отбасы» заңының баланың құқықтарына көлемді бөлігі арналған. Халықаралық заңдар нормаларына, заңдарына сәйкес он сегіз жасқа толмаған адам, бала деп танылады . Бала мемлекеттің қамқорлығында болады. Дүние жүзінің қай мемлекеті болмасын баланың өз отбасында дұрыс тәрбие алып, азамат болып жетілуіне жағдай жасайды. Балалар құқығын қорғау Қазақстан Республикасының заңдары арқылы ғана емес, халықаралық заңдар арқылы жүзеге асады. Соның ішінде гі ең негізгі құжат Балалар құқығы туралы Конвенция. Қазақстан 1993жылы БҰҰ-ның осы конвенциясына қосылды. Конвенция баланы жеке субъект ретінде қарастырып ұлтына, тіліне, дініне, ұлттық белгілері, этникалық шыққан тегіне, әлеуметтік, саяси, т.б көзқарастары үшін ешкімді де кемсітуге жол бермейді. Осыған сәйкес статистикаға сүйенер болсақ Қазақстан Республикасында бір жастағы сәбилердің төрттен бірі қатыгез тәрбиенің құрбаны болады. 2 мен 4 жас аралығындағы бүлдіршіндердің 50% тұрмыстық зорлық көрсе, 5 пен 9 жастағылар-58% отбасылық қатыгездіктен зардап шегеді. Бұл көбінесе ата-ана және қамқоршылық тарапынан болатын зорлық. Сондай-ақ қатыгездіктің ұрпақтан –ұрпаққа берілу үрдісі де көрініс тауып отыр.
Қ.Р-ның Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ұсынған мәліметке сенсек, 2014-2017 жылдар аралығында балаларға қатысты қылмыстық көрсеткіш айтарлықтай азайған. Мәселен, 2017 жылдан бері салыстырмалы түрде алсақ қылмыстың саны 70,7%-ға қысқарған. Қылмыстың құрбаны болған балалардың саны 69,7% -ға азайса, 100 мың балаға шаққанда зардап шеккен балалардың саны 5 жылда 3,7 есе түскен. Бұрынғы социалистік лагерлері бар елдермен салыстырғанда Қазақстан орташа позиция ұстанады. Қазақстан 2017 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 10- орыннан 8-орынға шықты.
Яғни қазіргі кезде баланы отбасы жағдайында ұрып-соғу, зорлық-зомбылық көрсету жиі кездесетін жағдайлардың бірі болып табылады. Соған байланысты кәмелетке толғанға дейін толық әрекет қабілетті деп танылған бала өзінің қорғану құқығын тікелей өзі жүзеге асырады. Басқа жағдайларда ата –анасы т.б өкілдері жүзеге асыруы мүмкін. Баланың өз ата-анасы тарапынан да қиянат көретін кездері өмірде аз кездеспейді. Мұндай жағдайлар ата-аналары балаларын асырап бағу, тәрбиелеу, білім беру жөніндегі міндеттерін дұрыс атқара алмаған отбасыларда кездеседі. Осындай жағдайда бала өз еркімен қамқорлық және қорғаныш органдарына, ал 14-жастан бастап – сотқа шағымдануға құқылы. Яғни осы жағдайларда бала өміріне не болмаса денсаулығына қауіп төнсе, онда ол ата –аналар құзырлы органдардың заңға сәйкес бекітілуімен ата-аналық құқықтан айырылады.
Ата-аналық құқықтан айырылуға байланысты Қазақстандағы статистикаға жүгінер болсақ 5 миллионға жуық бала болса, соның 46мыңнан астамы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар екен. Бұл- жетімдер жөніндегі ресми деректер. Ал қазақстандық мамандар келтірген бейресми деректер бойынша жыл сайын елімізде 100 мыңнан астам бала ата-анасы бола тұра, олардың қарауынсыз қалуы салдарынан кезбе-қаңғыбастыққа салынады екен. Сонымен қатар қазіргі таңда балалар үйіндегі балалардың 14 пайызы ата-анасы бола тұра, әке-шешесінің сотталып немесе ата-аналық құқығынан айырылуы салдарынан тірі жетім атанып, балалар үйінде тәрбиеленуде.
Көбінесе ата –аналар балаларын ұрып соққаны дәлелденген жағдайда Қылмыстық кодекстің 137-бабымен жауапқа тартылады. Ал ата –аналық құқығын дұрыс жүргізбей, кәмелет жасына толмаған балаларын айаусыздықпен ауыр жұмысқа салса, ол 111-баппен ата-аналық құқықтан айырылып, әкімшілік жаза ретінде айыппұл төлейді. Сонымен қатар баланы мәжбірлеп жыныстық қатынасқа түсуге итермелесе 50-100 айлық көлемінде айыппұл төлейді, қосымша 2 жылға бас бостандығынан айырады, ондай ата-аналарға, ата –аналық құқық қайта берілмейді. Осындай жағдайға жеткізбес үшін ,ең алдымен алдын алу шараларын жүргізуіміз керек. Мемлекет осы шағын отбасыдан құралғандықтан , осы жерде алатын тәлім-тәрбиені, адами қасиет, рухани байлық ата-бабамыздан қалған дәстүрмен ұштастыра отырып, балаға тәрбие беруге тиіспіз.
Мені толғандыратын мәселелердің бірі отбасылық жағдай еді. Қазіргі таңда елімізде көп балалы отбасылардың жай күйі, олардың әлеуметтік жағдайы, күн көрісі жақсарып келе жатқандай. Осының барлығы біздің мемлекетіміздің кемел басқаруының арқасында деп ойлаймын.
Отбасы –жылы ұямыз,
Тірегі ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз
Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз.
Тәрбие мектеп- отбасы,
Ақылды баулап, тіл ұштар.
Өрімдей тезге тартылған,
Әдепті бейне дұрыстар.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ө.Қопабев, Қ.Айтқожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали, «Құқық негіздері», Алматы «Мектеп», 2006 жыл, 148-167 бет
2. Е.Т. Өміржанов «Құқық негіздері», Алматы, 2015 жыл, 52-61 бет
Дереккөз
1. «Қазақстан балалары», ҰЭМ СК, ЮНИСЕФ, БП ҚСАЕК мәліметтерінен алынды.
2. ЮНИСЕФ-тің «Таныс бейне: балар мен жеткіншектерге қатысты зорлық» баяндамасынан баспасөз хабарламасы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген