Озат
тәжірибе мектебінің жұмысының жүргізілуі.
Жолдасбаева Ж.Ж. Орал қаласы, №41
жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің
оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Оқу
жылының басында мектеп басшысының мектепішілік бұйрығымен озат
тәжірибе мектебі құрылды. Мақсаты- мектепте мұғалімдердің кәсіби
біліктілігін үнемі көтеріп отыру, жас мұғалімдермен тәжірибе
алмасу, оларға үздіксіз қолдау көрсету. Құрамы-тәжірибесі мол,
санаттары бірінші және жоғары мектеп мұғалімдерінен таңдап алынды.
Олар: Г.Н.Капашева, С.У.Нурсапина, С.С.Бисенгалиева, А.С.Утегенова,
О.А.Жұмағалиева, Г.К.Берғалиева, Л.С.Мукатаева. Жетекшісі тарих
пәнінің жоғары санатты мұғалімі, Орал қаласы педагогикалық шеберлік
орталығының штаттан тыс тренері Э.О.Орынбасарова.
ОТМ-нің
жылдық жоспары бекітілді. Жоспар бойынша жаңартылған білім беру
мазмұны шеңберіндемұғалімдердің өз пәндерінен бағалау тапсырмаларын
құрастырудажәне оны жүзеге асыруда әдістемелік қолдау көрсету
мақсатында бірнеше оқыту семинарлары жоспарланды. Атап айтсақ,
қазан айына «Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын
құрастыру», қарашада «Тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы және
тапсырма құрастыру алгоритмдері» оқыту семинарлары жоспарланып,
өткізілді. Желтоқсан айына «Қалыптастырушы бағалау- білім сапасын
арттырудың маңызды құралы» жас мамандарға дөңгелек үстел өткізілді.
Ақпан айына «Оқушыларды пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға
дайындау жолдары: жаңашылдық, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің оқытушысы, педагогика ғылымдарының
кандидаты, доцент Утегенова К.Т.-мен кездесу, озат іс- тәжірибемен
бөлісу оздырылды.
Мектептің әдістемелік
жоспарына сай өтетін «Үздік педагог», «Жас маман», «Үздік сынып
жетекшісі», «Үздік тәлімгер», «Үздік қысқа мерзімді жоспар» т.б.
сайыстарға қатысушыларға ОТМ мүшелерінің тәлімгерлік жасауы
жоспарланды.
2019 жылы
19 қазанда мәжііліс залында «Бөлім бойынша жиынтық бағалау
тапсырмаларын құрастыру» тақырыбында өткен семинарда тапсырмаларды
әзірлеудің қадамдары көрсетіліп, тапсырмалардың түрлерімен
таныстырылды және ұстаздардың тапсырмаларды өз бетімен жасауына
көңіл бөлінді. Жиынтық бағалау тапсырмаларын жасауда пән
мұғалімдеріне нормативтік және нұсқаулық
әдістемелік құжаттар ұсынылды. Өткізілген семинар
туралы мектептің фейсбук парақшасында жарияланды.
2019
жылдың 16 қарашасында мектептің мәжіліс залында «Тоқсандық жиынтық
бағалау спецификациясы және тапсырма құрастыру алгоритмдері»
тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты - тоқсан бойынша жиынтық бағалау
спецификациясымен және тапсырмаларын құрастыруда қойылатын
талаптармен танысу, теория мен тәжірибені ұштастыру. Мұғалімдер
жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бойынша бағытқа бөлініп,
пәннің ерекшеліктерімен жұмыстанды.

2019
жылдың 21 желтоқсанында орыс тілі кабинетінде «Қалыптастырушы
бағалау- білім сапасын арттырудың маңызды құралы» деп аталатын
дөңгелек үстел жүргізілді. Мақсаты – озат тәжірибе
мектебінің жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету
мақсатында «Қалыптастырушы бағалау- білім сапасын арттырудың
маңызды құралы» тақырыбында тәлімгерлердің жетекшілігімен
ұйымдастырылды.Озат тәжірибе мектебінің
мүшесі, математика пәні мұғалімі Г.Н.Капашева дөңгелек үстелде
қалыптастырушы бағалау үдерісінің кезеңдері туралы айтты. Озат
тәжірибе мектебінің мүшесі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
С.У.Нурсапина және
озат тәжірибе мектебінің
мүшесі, химия-биология пәні мұғалімі Л.С.Мукатаева қалыптастырушы
бағалаудың бірнеше әдістері туралы айтты.
ОТМ
мүшесі, тарих пәні мұғалімі О.А.Жұмағалиева кері байланыс беруде өз
тәжірибесімен таныстырды.


Ақпан айында мектептің ғылыми-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Жаннат Жолдасбаеваның және
ОТМ мүшелерінің ұйымдастыруымен «Оқушыларды пәндік олимпиадалар мен
ғылыми жобаларға дайындау жолдары: жаңашылдық, тәжірибе, нәтиже»
тақырыбында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің оқытушысы, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент Утегенова К.Т.-мен кездесу
өткізілді. Мақсаты- ғылыми жобаға қойылатын мақсаттар мен тақырып
таңдаудың өзектілігі мәселесі. Кездесуде әріптестер кезекпен сөз
алып, өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Осындай пайдалы кеңестер мен
тәжірибе бөлісудің нәтижесінде 2019-2020 оқу жылының соңында
қалалық кезеңге әр түрлі пәндерден 11 ғылыми жоба
дайындалды.
Мектептің әдістемелік жоспарына сай өтетін
«Үздік педагог», «Жас маман» сайыстары қалыптасқан ахуалға
байланысты өткізілген жоқ, дегенмен ОТМ мүшелері қашықтық
жағдайында сабақ беру мен оқушылар білімін тексеруде өз
тәжірибелерімен бөлісті және О.Жұмағалиева, Л.Мукатаева,
С.Бисенгалиева сабақтарын әлеуметтік желіге жүктеді.