400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

мақала "Өзін-өзі тану - өмірді тану"

Материал туралы қысқаша түсінік
мақаладада өзін-өзі тану пәнінің оқушының бойына адамгершілік құндылықтарды игеруінетигізер ықпалының зор екендігі айтылады. Халқымыздың салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптарын ұстана білуге тәрбиелеудің маңызды екендігі айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақаланың авторы: Ескенова Бакытжамал Абеновна
Білім беру мекемесі: Қостанай облысы,

Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі «№ 3 орта мектебі» КММ
Лауазымы: өзін-өзі тану пәні мұғалімі

«Өзін-өзі тану-өмірді тану»


Өзіңді-өзің тану –

даналықтың бірінші белгісі.

К.Маркс.

«Жас бала-жаңа өркен жайған ағаш тәрізді», -дейді халқымыз. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның өзін-өзі танып, өзін-өзі жетілдіруіне игі ықпалын тигізетін, адамгершілік қасиеттердің дара тұлғаны жетілдірудің мәні.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы оқушыларға берілетін рухани адамгершілік білім негіздері олардың өз құрдастары адамдар арасындағы жарасымды қарым-қатынасқа сай бақытты өмір сүруді қалайтын, өмірде кездесетін әр түрлі жағдаяттарда өзіндік көзқарастары мен дүниетанымы қалыптасқан болашақ ұрпақтың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді.

Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің жүрегінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен ерекшеленеді. Ұлттық тәлім-тәрбиесімен ерекше орын алатын халқымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын сан ғасырлық тыныс-тіршілігімізде жасөспірімдердің жүрегіне ұялата білу біздің басты мақсатымыз деп ойлаймын.

Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеудің маңыздылығы зор.

«Өзіңді-өзің танысаң – істің басы» деп Шәкәрім айтқандай өзін-өзі тану пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше білуге, өз ойын ашық айтуға, пікірін, сезімін, көңіл-күйін жеткізе білуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға, адами қарым–қатынас жасай алуға, өз денсаулығын сақтауға, жақсы қасиеттерін ашуға үйренеді.

Қазіргі тәуелсіз елімізде ғасырлар бойы халқымыздың ұлттық санасынан берік орын алған адамгершілік құндылықтарды, атап айтатын болсақ, қайырымдылық, риясыз сүйіспеншілік, әділеттілік, мейрімділік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге байланыстырып, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қайнар бастауы деп қарастыруға болады. Яғни «Тәрбиесіз қоғам, қоғамсыз тәрбие өмір сүрмейді» деген заңдылыққа сүйене келе, өскелең ұрпақтың бойына қоғам талабына сай адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруды мақсат еткен тәрбие процесі ғана уақытпен үндесіп, қоғам мен тәрбиенің өзара байланысын түзетеді. Өзін-өзі тану пәні-жалпы адамзаттық құндылықтарға бастар жол.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
493
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі