400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Өзін-өзі тану пәні-адамгершілік құндылықтардың негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, ғанибет!» С.А.Назарбаева
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану -адамгершілік құндылықтардың негізі


Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, ғанибет!»                                                  

С.А.Назарбаева

Әлемдегі болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне өз әсерін, ықпалын тигізіп отыр. Бүгінгі күні білім саласымен бірге оқушының рухани-адамгершілік тәрбиесіне және ішкі жан дүниесіне де көңіл бөлінуде. Сондықтан, бұл бағытта «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор деуге болады. Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы, оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.

«Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға риясыз сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

«Өзін-өзі тану» сабағының өзіндік ерекшелігі әрбір сабақта көрініс табады. Білім алушылар сыныпқа енгеннен, бір-біріне жылы лебіздер мен тілектерін тілеп, достық, сыйласымдық қарым-қатынаста болады. Мұндай қарым-қатынасты әрбір сабақты бастамас бұрын жүргізілетін «Шаттық шеңбері» мен «Тыныштық сәтінен» байқай аламыз. «Шаттық шеңберінде» оқушылар бір-біріне жылы лебіздер мен тілектер білдірсе, «Тыныштық сәтінде» оқушылар көздерін жұмып, адамгершілікке баулитын шағын мәтіндер арқылы баяу музыка желісімен саяхат жасайды. Осындай жылы қарым-қатынастан кейін оқушының сабаққа деген құлшысыны артып, көңіл-күйі көтеріліп, белсене қатысады. «Әңгімелесу» мен «Мәтінмен жұмыс» бөлімдерінде оқушылар мәтінді оқып, өзара сұрақтар қою арқылы талқылап, адам бойында қалыптастатын жақсы және жаман қасиеттерді ажыратып, өз ойларын ашық әрі тиянақты айтуға дағдыланады. «Сахналық қойылым» бөлімінде оқушылар мәтіндегі рөлдерге еніп, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетсе, «Жағдаяттарды талдау» бөлімінде оқушылар жеке немесе топпен, жұппен, үштікпен біріге отырып талдап, келеңсіз жағдайдың қалай шешімін және тығырықтан шығудың жолдарын тауып, бірлікке ұмтылады. Әр бөлімнен кейін оқушылар өздерінің алған әсерлерімен, ойларымен бөлісіп, қорытынды шығарады. Өз ойларын ашық айтып, еркін жеткізе алады. Бұл сабақты тек қана оқушыларға ғана өткізіп қоймай, ата-аналармен де өткізу өте тиімді.Яғни, нақтырақ айтқанда, адамға өмірде ең қажеті отбасына, ортасына деген сүйіспеншілігі, рухани-адамгершілігі, сыйластық, татулық, бауырмалдық, жылы қарым-қатынас болса, онда адам бірлікте, бейбіт өмір сүретіндігін түсінеді деуге болады. Өмірдің осыншама қызықты екенін түсінген жасөспірімдер, өмір сүруге деген құлшынысы арта түседі. Сонымен қатар әрбір сабақта оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі ойындар, тренингтер, шығармашылық қабілеттерін оятатын тапсырмалар орындату өте маңызды. Қазір әр тақырыпқа байланысты,әсіресе отбасы құндылықтарына байланысты тәрбиелік мәні зор видеороликтер көп.Сол видеороликтерден оқушылар көптеген үлгі,өнеге алады және де өздерінің пікірлерін,ойларын ашық айтады. « Мен оның орнында болсам...» -бұлай істеуші едім т с.с. түрлі жағдаяттарды талдап,өздерінің ой-пікірлерін білдіре алады.

Баланы жан-жақты дамытып, өзінің ішкі жан дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдауға үйретуді мақсат ететін «Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білімнің қағидалары мен әдістеме-нұсқауларының қайнар көзі – ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардан негіз алады. Атап айтқанда, халқымыздың аңыз әңгімесі, ертегісі, нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, ұлылардан ұлағат алу, ақын-жазушыларымыздың шығармашылық еңбертерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйрену, «Өзін-өзі тану» пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамды жеке тұлға, жеке азамат ретінде өмірдің мәнін түсініп, өмірден өзіндік орнын табу үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі тиіс. Сабақ барысында оқушыны өзінше ойлауға, шешім қабылдауға, өз ісіне жауапты болуға, сыйласымдылыққа, қайырымдылыққа, өзгенің пікірін тыңдай білуге, әркімнің айтқан пікірі өзінше бір құнды екенін, досының еңбегін бағалай білуге үйренеді.

Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына – ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, «Адам» деген ардақты атаққа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Осындай құндылықтарды оқушыларымыздың бойынан көріп, ата-бабамыздың болашақ ұрпаққа деп қалдырған мол мұрасын осы пән арқылы келесі ұрпаққа жеткізіп жатсақ, ол біздің мақсатымыздың орындалғаны деп ойлаймын.




Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы ауданы

«Антоновка орта мектебі» КММ

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі

Садуова Әдемі Сәлімқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі