жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала Өзіңе, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті дарыта біл!
Өзіңе, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті дарыта біл
Айменова Мақпал Ермекбайқызы
Тараз қаласы, №54 орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
Адам баласы мынау жарық дүниеге келген соң әлбетте, көкірегі ояу, жаны кең болған соң, мейірімді, нағыз құдіретті, ардақты адам болуға тырыспай ма?
Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол үшін адам жер бетінде жарқын, жайсаң, бақытты өмір сүруге ұмтылуы керек.
Әркім игілік, ізгілік жолына қызмет етсе – адам үшін, өмір үшін ең зор бақыт сол емес пе?
Баланың жеке басын қадірлей отырып, оны ізгілікке, қайырымдылық, ынтымақтастыққа жұмылдыруға болады. Әрбір адам адамгершілік бейнесі арқылы адамдарға, өзін қоршаған әлемге достарына, балаларға үлгі ақылшы, тәлімгер бола да білуі керек.
Жас жеткіншектің бойына ізгілік қасиеттерін ерте бастан қалыптастыру қажет. Сондай-ақ баланы ізгілікке баулу арқылы, оны жастайынан қарапайымдылыққа үйреткен жөн. Әрбір адам қарапайым, кішіпейіл, ұқыпты болса, онда ол өзіне, айналасындағы адамдарға, достарына, балаларға ізгілік қасиеттерді дарыта біледі.
Адам өзі және басқа адам туралы жақсы ойда болса, басқалар да сіз туралы жақсы ойда болады.
Адамдардың ізгілікті іс-әрекеті оның сөйлеген сөзінен, сәлемдесуінен, сабырлылық сақтауынан көрінеді. Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта адамдарға жамандық ойламайды.
Бұл ізгілікті дарыта білудің бірден-бір жолы.
«Өзін-өзі тану» пәні балаға өміріндегі құндылықтарды меңгеруіне, пайымдап, сол арқылы өз жолын іздеуге бағыт беретін пән.
Жалпы, өзін-өзі сыйламайтын, өз «мені» жоқ адам адам болып та жарытпайды. Әрине, толып жатқан объективті де, субъективті факторларды бұзып-жарып өтіп, өзін таныта білу керек.
Меніңше, адам өзін жаһанның жартысымын деп есептеуі керек, яғни бүкіл күн жүйесі, басқа да толып жатқан галактикалар бір жақ та, мен бір жақпын. «Мен болмасам, таңертең күн де шықпас еді» дегендей... осыдан келіп өзіңді тану мәселесі шығады. Неге қабілетің бар? Не қызықтырады? Жалқау болсаң, мың жерден талантты болсаң да, ештеңе шықпайды. Бір ойшылдың айтқаны бар ғой, мендегі бардың бес пайызы ғана талант та, 95 пайызы еңбек деп. Өте дұрыс. Әрине, мәселе ой еңбегіне келіп тіреледі. Сонымен артында өшпес із қалдырған ұлылардың ұлылығы неде? Асқан адамгершілікпен із қалдырғандар бар. Әрине, жаны таза, ары таза жандар адамгершілікті қолдайды, қуаттайды, мойындайды, соның жолында өмірін де сарп етеді.
Тек ақылмен , адамгершілікпен алда болу – нағыз адамның арманы, үлкен мақсаты. Бұл жерде, сөз жоқ, алдыңда да жан бар екенін, солардан да аларың бар екенін ұмытпа. Артыңда да жұрт бар, оларға үлгі бола біл. Осы тұрғыда ойшыл абайдың пікірлерін өзім сияқты жас мамандардың талқысына ұсынамын:
...Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұрпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?
(«Сенбе жұрқа, тұрса да қанша мақтап»)
Әркімнің өзі іздеген нәрсесі бар,
Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар,
Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар.
(«Базарға қарап тұрсам әркім барар»)
...Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы екі.
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі.
...Әркімнің мақсаты өз керегінде...
(«Көк тұман – алдыңдағы келер заман»)
...Өзің үлкен, қылығың бала-шаға,
Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.
Әкесі ұрысса балаға ол да достық,
Баласы ұрысса әкеге жараса ма?
(«Ұяламын дегені көңіл үшін»)
...Кісінің сөзін
Ұққыш-ақ өзің,
Қисығын түзеп тұғырыға.
(«Буынсыз тілінің»)
Ойға түстім толғандым,
Өз мінімді қолға алдым,
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Өзіме-өзім жақпадым,
Енді қайда сыя алдым?
...Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес.
(«Ойға түстім, толғандым»)
Қазақ ұлтының философиясы тұрғысында ұлттық құндылықтар арқылы оқушыларды өзін-өзі танытудың мәні зор. Қазіргі қоғамда өзін ізгілік иесі санайтын, сол бойындағы ізгілік жалынының ұшқынын басқа адамдарға, тіпті бүкіл әлемге жеткізе алатын «адам» тәрбиелеу «Өзін-өзі тану» пәнінің міндетіне жүктеліпті.
Әдебиеттер тізімі
1.«Жалын» республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журнал 2009ж
2.«Жалын» республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журнал 2010ж
3.«Самопознание kz» 2009ж
4.«Самопознание kz» 2010ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген