15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ – ОҚУШЫЛАРҒА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ – ОҚУШЫЛАРҒА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Шналиева М.У
педагог- психолог, Орал қаласы, Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжі
Әр адамның өмірінде дағдарыс жағдайы кездеседі. Біреулері бұл жағымсыз ахуалдан өздері шығу жолдарын қарастырса, көпшілігі құрбы-құрдастарының көмегіне сүйенеді. Бірақ бұндай тығырықтан шығу жолдарын тек қана өз саласының маманы шеше алады, мәселен, дәрігер, заңгер, мұғалім, әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандары қолдауымен шешіледі. Осындай кәсіби мамандыққа педагог- психологта жатады. Сондықтан психологиялық тұрғыдан кеңес беру – профилактикалық және коррекциялық жұмыс жүргізудің басты факторы болып саналады. Кеңес берудің жалпы бағыты – оқушыға проблеманы шешуге жағдай туғызу, анықтау және шеше білу; себептерін түсіне білу; оқушыға қолдау көрсету; ішкі және сыртқы конфликт жағдайларын болдырмау; проблемалық жағдаяттан шығу жолдарын қарастыру; шешім қабылдай білу және т.б.
Кеңес беру- бұл бәрінен бұрын адамның ниетіне арналған сөйлеу практикасы. «Кеңес беру» сөзі латын тілінен аударғанда «ақылдасу, қамқор болу» мағынасын білдіреді.
Психологиялық кеңес беру –психологиялық қиындықтарды, клиенттің жеке өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде, оқуы мен өзге де ситуацияларда кездестіретін қиындықтарын өзі шешуіне мүмкіндік беретін, адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсетудің түрі.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты –адамзат құндылықтарын бағалай отырып, оқушының өз-өзіне деген сенімін арттыру, өзін бағалай білуге, ешкімге кінә артпай, өз өміріне көз тігіп, жаңаша қарауға мүмкіншілік беру, қиыншылықтан шығу жолдарын қарастыру.
Көптеген теориялық әдістемелікке сүйенетін болсақ, психолог-кеңесшілер төмендегі сөйлесу ережесін алға қояды:көбірек тыңдау және аз мөлшерде әңгімелесу. Оқушының ішкі жан дүниесін сезіну, оған рухани күш беру үшін,оның ішкі жан ахуалын түйсіну керек. Психологтардың пайымдаулары бойынша, эмоцияның бәсеңдігі емдік әсерін тигізеді. Өзіндік төмен бағалауы өмірдегі көптеген келеңсіз жағдайларынан туындайды. Сондықтан өміріне бей-жай қарамай, өзін бағалай білуге, өзіндік реттеу қабілетін қалыптастыру керек. Ол үшін оқушыны өмірге дұрыс бағыттау қажет. Кейбір жағдайларда олар психолог мамандарының алдында өзінің ешкімге айтпаған ішкі толғанысымен бөліседі. Бұл өте маңызды, өйткені оның ішкі ойын ашық аша білгені - бізге сенім артқаны.
Педагог- психологтың басты бағыты – адамға рухани күш беру мақсатында кәсіби кеңес беру, ішкі жан дүниесін түсініп, сенімділік орнату, жағымды ахуал тудыру. Баланың тұлғалық дамуына , мінез-құлық дағдыларына оның жүріс-тұрысы, бет-әлпеті, киім-киісі, сөйлеу мәнері әсер ететін факторларының бірі болып саналады.Сөйтіп, кеңесші клиенттің мінез-құлық мәдениетін аша отырып, оның кескін-кейпіне жаңа түр енгізеді. Тұлғалық модель адамның мінез–қылықтарынан, әсіресе, қоршаған ортамен байланысынан, қол алысуынан, сөйлеу мәнерінен айшықталып көрінеді. Кейде бізге ерекше әсер қалдырғанын іштей сезінеміз.Баланың тұлғалық жеке ерекшеліктерін аша білуде тез арада қорытынды жасауға асықпаған жөн.
Пәрменді қорытынды жасауға баланың дене бітімі, түр-сипаты, дауыс ырғағы, отбасы жағдайы, дос-жарандарымен қарым-қатынасы, оқудағы жетістік пен сәтсіз жақтары – осының барлығы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соқтырады, бірақ әрқайсысын жеке дара түйіндей отырып та, маңызды қорытынды шығаруға болмайды.
Кей кезде педагог- психолог клиенттің проблемасын шеше алмайды, бірақ сенімін нығайтуға және оңтайлы шешім іздеп, жағдайды жақсартуға ықпал етеді. Педагог-психологқа эмпатия, ашықтық, тұтынушыға баға бермей қабылдау, оған оның өз мәселелерін өзі шеше алатындығына сенім көрсете білуі қажет.
Кеңес беру процесі жаңа тұлғаны қалыптастыру мақсатын көздемейді, сонымен бірге әлеуметтік орта ретінде баланың тұлғалық дамуына, өз ісіне жауапкершілікпен қарап, бағалай білуге септігін тигізеді. Түсініктеме беруден адамды өзгерте алмайсың, бірақ түсіністік – құнды сыйлықтың бірі болып есептеледі. Ең басты мақсатымыз – ұрпақтың қалыптасуына көмек беру, зорлық-зомбылықсыз, өз бетімен шешім шығара білуге үйрету. Аса маңыздысы, кеңес берушінің нақты сұрақ қоя білуі бала үшін күйзелуі қаншалықты дұрыс екенін анықтау үшін бағытталады.
Әр педагог-психолог өз тәжірибесінде әдістемелік және практикалық әдебиеттерді қолданады. Мен өз жұмысымда Ролло Мэйдің «Искусство психологического консультирования», Карл Роджерстің «Консультирование и психотерапия», Шейла Дэйноудың «Сам себе психотерапевт», Энтони Уильямстың «Вы– супервизор...», Анна Варганың «Системная семейнаяпсихотерапия»,Дорис Бретт «Жила- была девочка, похожая на тебя», Е.Михайлова, Е.Милютинаның және т.б. әдебиеттерді пайдаланамын.
Қызмет мезгілін жадынан шығармау керек.Кеңес берудің өлшемі диалогтік қарым- қатынас болып табылады. Өте ұзақ әңгімелесудің қажеті жоқ, сондықтан сөйлесу мөлшері бір сағаттан аспаған жөн. Жұмыс уақыты клиентпен белгілі бір мерзімге келісім бойынша өткізіледі. Кеңес беру мерзімі бір аптаға да созылып кетуі мүмкін, клиентпен кабинеттен тыс жерде тығыз қарым-қатынас жасау қажет емес. Бұндай тығыз байланыс «клиентімнің сенімін ақтаймын» деген талпыныс ыңғайсыз жағдайларға әкеліп соқтырады. Осыған орай, клиент жартылай болса да, өзінің жауапкерішілігін біреудің мойнына артпау үшін дистанцияны ұстануды естен шығармау керек. Клиентпен қызмет жасау барысында ыңғайлы объективті жағдай туғызу жағдайын назарынан шығармаған тиімді.
Сапалы кеңес беру –жас жеткіншектің толыққанды жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. «Емдеу әдістемесі сіздің өзіңізде болу керек» деген Адлердің ой-түйінімен келісемін. Жеке тұлғалық қасиеттерді атайтын болсақ, адамдарды өзіне қарата білу, қоғамға бейімделу мүмкіндігін туғызу, өз-өзін еркін ұстай білу, әсерлі дамуына жағдай жасау атрибуты болып табылады. Бұндай қасиеттер өзіндік сананың ізгілік, адамгершілік рухани тұрғысынан ие болады. Егер кеңесшіге адаммен қарым-қатынас қуаныш әкелетін болса, оның өзі еріксіз жеке тұлғаны жақындата түседі. Негізінен, ең қатыгез төреші мен сарапшы – адамның өзі. Әріптестеріме айтар тілегім: салауатты өмір салтына дұрыс тыныс алу, тамақтану және дене жаттығулары жатады.
Дұрыс тыныс алыңыз! Өмір сүру – дұрыс тыныс алу, біз үнемі тыныс аламыз, бірақ оған жеткілікті көңіл бөлмейміз. Сіз байқаған боларсыз, дем алу медитацияның басты бөлігі болып саналады. Дұрыс дем алу адамның денсаулығын нығайтады, әсіресе, стрестің алдын алады. Өз біліміңізді жетілдіруге көңіл бөлейік.
Әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ. Саңғылбаев О. Психология энциклопедиялық сөздік. Алматы. 2011 ж
2.Колесникова Г.И. Психологическое консультирование. Высшее образование, 2004 г
3.Мэй Р. Искусство психологического консультирования (Круглова Т.К аудармасында).
4.Немов Р.С. Основы психологического консультирования. М., Владос, 1999 г
5. Старшенбаум Г.В. Психологическое консультирование.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада кеңес берудің педагог- психолог жұмысындағы маңыздылығы қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается значение психологического консультирования в работе педагога- психолога.
SUMMURY
The article discusses the importance of psychological counseling in work of the psychologist.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген