400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының аясында «Қайырымдылық –қайырлы іс» өзін - өзі тану пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мағзумова Карлығаш– өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Сәтбаев қаласы, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ-нің


Өзін-өзі тану пәні

«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының негізінде «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ –ҚАЙЫРЛЫ ІС»- атты ұйымның жұмысы

Өзектілігі

«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының негізінде адам баласы үнемі игілікке, жақсылыққа ұмтылумен өмір сүреді. Әрбір мемлекеттің болашағы - оның азаматтары, сондықтан осы бағдарлама  тұрақтылық негізінде және тікелей түрде  еріктілердің тәжірибесін ұсынады.  Отаншылдық сезімінің азаматтық жауапкершілігін, адамдық сапа, әлеуметтік дағдыларды  қалыптастыру үшін  оқушыларды әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерді тарту қарастырылған. Осы арқылы оқушылар сынып жұмысы аясынан тыс шығып, қоғамның әлеуметтік мәселелерімен танысады және оларды шешу барысында өздерінің салмақты үлестерін қосуға мүмкіндік алады. Айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету әрбір адамның парызы десек артық емес. Кез келген адам рухани өсу негізінде қоғаммен тығыз байланыста болады.Сондықтан да қоғамдық өмірден алыстай алмайды. Біз қоғамға қызмет етуде өзімізге парыз ретінде қарауымыз керек. Себебі, әрбір жас –қоғамның мүшесі. Олар жасөспірім кезінде қоғамдағы әртүрлі құбылыстарды толық сезіне алмауы мүмкін. Бірақ есейе келе әр түрлі ақпарат арқылы құлағдар болады. Сол кезде ішкі дайындығы болған оқушы қандай мәселеге болсын бей-жай қарай алмайды. Өзін-өзі үздіксіз жетілдірген адамдар қоғам үшін қызмет ете алады. Жас өспірімнің қоғаммен сондай –ақ бір-бірімен қарым-қатынасының, рухани жақындығының негізі болып табылатын жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойымен жүрек жылуының көрінісі болып табылатындықтан, қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рахатын көру мақсатында біз «Қайырымдылық –қайырлы іс» атты ұйымды ашу туралы жобаны ұсынамы.

«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының аясында «Қайырымдылық –қайырлы іс» деп аталуының себептері:

  1. Жанашырлық-адамгершілік қасиеттердің ең ізгі бастауы,қамқолрыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жылы сөзін айтып, жүрек жылуын ұсыну, ізгілік нұрын шашып,сый –сиапат көрсету.

Жобаның мақсаты: 1) Жақсы игі істер ұстанатын адамдарды қол астына жинайтын «Қайырымдылық –қайырлы іс» ұйымының ашылуына және ұйымның игілікті істермен айналысуына жағдай жасау.

  1. Әрбір оқушының жүрегіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен олардың қасиеттерінің мәнін ашып, оларды өмірде қолдана білуге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұратындықтарын іс-әрекетпен көрсете алуларын.

«Қайырымдылық –қайырлы іс» ұйымының анықтамасы.

Ұйым қоғам алдындағы, ел мен жер, дос пен бауыр, отбасындағы жауапкершілік арқылы қоғамға адал, қалтықсыз қызмет ету ұстанымна жетелейді. Бұл ұйымға жақсылыққа ұмтылатын, жақсылық жасауға дайын белсенді өмір позияциясы бар, қоғамға зиян келтіретіндермен табанды түрде күресе білетін, қоршаған ортаны жақсартуға атсалысатын, рухани құндылығы қалыптасқан, басқа адамдарға жанашыршық танытатын, адамгершілігі мол адамдар кіреді.

Ұйымның басты міндеттерінің бірі – нәсіліне, тілі, ділі дініне қарамастан кез келген жанға жанашырлық, қамқор сияқты қазақ халқына тән ұлттық қасиетті бойына сіңірген тұлғаны қалыптастыру.

(Төмендегі сызбада қайырымды тұлға тұлғаның адамдық қасиеттерін, білім-біліктерін, іскерліктерін, жұмыс барысын көрсеттік).

Өзін-өзі үздіксіз жетілдірген қоғам үшін қызмет ете алатын.


Өзінің рухани білімін басқаға жеткізуге талпынады.

Адамгершілігі мол, білімді.




Айналаны көркейтуге, табиғатты сақтауға тырысады.

Shape1


Жетістікке жетудің

амалдарын біледі, өзіне сенімді

Shape4 Shape3


Қайырымды тұлға


Shape5

Қазақ халқына тән ұлттық қасиетті бойына сіңірген тұлғаны



Shape7

Shape9

Жұмысты дұрыс ұйымдастыру әдістерін біледі.

Өзін дұрыс бағалайды, қарым-қатынас жасай алады.


Әр іс-әрекетінен көрегенділік көрінетін





Ұйым тағы да төмендегідей міндеттерді шешеді:

а) ұйымға адамдарды тарту;

ә) адамдарға жаман әдеттерден аулақ болуға және арылуға көмектесу;

б) Қайырымдылық –қайырлы іс өмір салтын дәріптеу және оны өз өнегесімен көрсету;

в) ұйым мүшелерінің өз білімін жетілдіруі және осы жолда үнемі өзара біліммен және тәжірибемен алмасу кездесулерін өткізуі;

г) жалпыадамзаттық құндылықтардың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру.

Гипотеза.

Егер бұл жоба жүзеге асса, қоғам-халықтың рухани бет-бейнесі дегендей, қоғам игілігі мен оның гүлденіп көркеюіне азамат ретінде үлес қосатын жас ұрпақ көбейеді,өзіне сенген, өзін жетілдірген бойында рухани-адамгершілік қасиетті мол, сол қасиеттерді қоғам игілігі үшін сарқа жұмсайтын тұлға қалыптасады.


Кезеңдер


І кезең.

2019 оқу жыл. Қыркүйек-қазан

1. «Қайырымдылық –қайырлы іс » ұйымын гимназиямызда құру.

2. Ұйымның уставын жасау және қабылдау.

3. Бұл ұйымның басқа мектептерге, бүкіл қалаға тарауына ықпал жасау.


ІІ кезең. 2019 оқу жыл Қараша-желтоқсан

1. Ересек адамдар арасынан осы іске араласып, материалдық қолдау көрсететін жанашырларды табу.

2. Қалалық деңгейге көтеріп, орталық ашу. «Қайырымдылық –қайырлы іс» ұйымының орталығы барлық жұмысты үйлестіріп отырады.


ІІІ кезең. 2020 оқу жыл. Қаңтар-наурыз

1.Жоспарланған барлық әрекеттер жүзеге астын, оның нәтижесі сараптан өткізетін кезең.

2.Саралау мақсатында пікірталас өткізу.


ІУ кезең. 2020 оқу жыл.Сәуір-мамыр

1. Бұл ұйымды қаладан тыс аймақтарға тарату.

2.Осы іске еңбегін сіңірген ұйым мүшелерін марапаттау

3.Есептердің жинағы болатын портфолия дайындау

Алғашқы кезеңде « Қайырымдылық –қайырлы іс» ұйымы мүшелерінің жүргізетін істері.

«Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының негізінде көпшіліктің пікірін саралайды

Қайырымдылық –қайырлы іс қалай қарайтыны туралы сауалдар жүргізеді.

Стендтер жасау. Оқушылар «Қайырымдылық –қайырлы істі» дәріптеу мақсатында газеттер, лозунгтер жасайды. «Еріктілер», «Менің қайырымды істерім», «Қоғамға қызмет ету», «Қайырымдылқ көкжиектері» тақырыптарында стендтер жасайды.

Жасырын жарнама. Оқушылар қатыгездік, немқұрайлық, өзімшілдік туралы жарнамалардан жағымсыз қылақтан аулақ болудың жолдарын көрсетеді.

Жарнама жайында заң. жағымсыз қылақтарды жарнамалауға бола ма? Басқа мемлекеттердегі бұл жағдайлар қандай?

Қайырымды істер арқылы қоғамға қызмет етудің жолдарын жақсарту туралы диспуттар өткізу.

Ақпараттық құралдар. Оқушылар газетке мақала жазады, жергілікті «Ақ шам» теледидар арнасы үшін сюжет ойластырады, өздерінің акцияларына ақпарат қызметкерлерін шақырады.

Альтернатива. Оқушылар жастардың қандай себептермен қайырымды істер арқылы қоғамға қызмет етудің жолдарын анықтайды, осындай жағымды жағымсыз әр себептер үшін өздерінің алтернативті іс-әрекеттерін ұсынады.

Басқалардың тәжірибесі. Мектепке өздерінің кумирларын, танымал адамды кездесуге шақырады. Ол кісіден қоғамға қандай қуаныш пен жақсылық істерге үлес қосқандығы сол туралы сұрайды мәлімет жинайды..

Фильмдер конкурсы. Әрбір сынып қоғамға қызмет ету, қуанышын дәріптеу мақсатында «Жақсылық менен басталады» жарнамалар, видеолар түсіреді (ол түсірілім әзіл түрінде болуы да мүмкін).

Көрмелер ұйымдастыру. Суреттер, плакаттар, слайдтар көрмелерін ұйымдастыру.

Сенбіліктер ұйымдастыру. Мектеп маңайын қоқыстардан тазарту, бастама жасап қала тұрғындарын қаланы тазалауға шақыру.

Футболкалар дизайны. Футболкаларға, безболкаға суреттер салу.

Ашық хат. Қандай да сұрақпен немесе ұсыныспен мекемелерге, қалалық әкімшілікке, басшыға хат жолдау.


ІІ-ІІІ кезеңдердегі «Қайырымдылық –қайырлы іс» орталығының басқа мекемелермен байланысы және атқаратын жұмыстары


Shape10

Еңбекпен қамтамасыз ету орталығы


Ұйым мүшелерінің статус деңгейі

Ұйым пирамида сияқты дамиды. Ұйымға кірген адам өз артынан басқа адамдарды да енгізуі қажет. Қаншалықты адамдарды жат қылықтардан арылтып, қаншалықты адамға көмектеседі және ұйымға қанша адамды кіргізеді, соншалықты оның статус деңгейі көтеріледі. Төменде біз ұйым мүшесінің статус деңгейі критерийлерін көрсеттік.

І деңгейдегі ұйым мүшесі

Қайырымдылық –қайырлы істі ұстанады, ол туралы оқып білуге дайын, өз білімімен басқалармен бөлісуге тілегі бар, ұйымның барлық іс-шараларына қатысады.

ІІ деңгейдегі ұйым мүшесі

Қайырымдылық –қайырлы істер салтын дәріптеуде, ұйымның мүшелерін көбейтуге белсенді атсалысады, адамдарға жат қылықтардан арылуға көмектесіп, оларды қайырымды істер арқылы қоғамға қызмет етудің ұстануға жетелейді. Ұйымның барлық іс-шараларын басқарып жүргізуде белсенділік танытады.

ІІІ деңгейдегі ұйым мүшесі

«Қайырымдылық –қайырлы іс» ұйымының жұмысын басқарады, алдағы уақыттағы жұмыстардың бағытын, мазмұнын белгілейді. дәріптеуде іс-шараларды ойластырып жүргізеді, адамдарды жат қылықтардан арылту үшін тренингтер жүргізеді, сонымен табанды түрде күресе біледі.

Ұйым мүшесінің анты

1. «Қайырымдылық –қайырлы іс» – менің өмірімнің мәні. Сондықтан қайырымдылық –қайырлы іс туралы білуге және оны ұстануға ант етемін;

2.Айналамда қайырымды істер арқылы қоғамға қызмет етудің көбеюіне ықпал жасауға ант етемін;

3.Жат қылықтардан аулақ болуға, дұрыс емес жолға түскен адамдарды ортаға тартуға, қиындық жағдайына тап болғандарға көмекке келуге ант етемін;

4.Ауаны, суды ластаушылармен күресуге, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына жол бермеуге ант етемін;

5.Жанашырлық-адамгершілік қасиеттердің ізгілігін басқаларға дәріптеуге ант етемін.

Қорытынды

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идея негізінде біздің елдің болашағы қалыптасты. Жастардың рухани –адамгершілік құндылықтары мен патриоттық сезімге тәрбиелеу бағдарламалары да қолға алынуда. Соның айғағы «Өзін-өзі тану»бағдарламасының негізгі мақсаты да ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілігі мол риясыз жақсылық жасай білетін жеке тұлға тәрбиелеу. Қызмет ету-бұл риясыз көмек көрсету және қолдау. Қызмет ету-бұл сүйіспеншілік сыйлау, қуанту. Қоғамға қызымет ету неден басталады? Кез-келген қайырлы істен басталады. Нағыз адам-ол басқаның бойынан тек ізгілікті көре білетін адам. Жақсылықты көріп қана қоймай, жақсылықты жасай білу қажет және риясыз жасау керек. Осыған сәйкес «Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының негізінде жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны күнделікті әдет-ғұрпына енгізген жас ұрпа алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл белсенді позициясы бар тұлғаларды тәрбиелеуде, осындай «Қайырымдылық –қайырлы іс» сияқты ұйымдардың көмегі зор болар еді.


Қолданылған әдебиеттер.

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017жылғы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аты бағдарламалық мақаласы.

2.МараловВ.Г.Өзін –өзі тану және өзін өзі кемелдендіру негіздері.М.,2002.

































Қайырымдылық –қайырлы іс өмір салтын дәріптеу және оны өз өнегесімен көрсету.Айналамызға риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету әрбір адамның парызы десек артық емес. Кез келген адам рухани өсу негізінде қоғаммен тығыз байланыста болады.Сондықтан да қоғамдық өмірден алыстай алмайды. Біз қоғамға қызмет етуде өзімізге парыз ретінде қарауымыз керек. Себебі, әрбір жас –қоғамның мүшесі. Олар жасөспірім кезінде қоғамдағы әртүрлі құбылыстарды толық сезіне алмауы мүмкін.

Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойымен жүрек жылуының көрінісі болып табылатындықтан, қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рахатын көру мақсатында біз «Қайырымдылық –қайырлы іс» атты ұйымды ашу туралы жобаны ұсынамы.

Әрбір оқушының жүрегіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар мен олардың қасиеттерінің мәнін ашып, оларды өмірде қолдана білуге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұратындықтарын іс-әрекетпен көрсете алуларын

Қызмет ету-бұл риясыз көмек көрсету және қолдау. Қызмет ету-бұл сүйіспеншілік сыйлау, қуанту. Қоғамға қызымет ету неден басталады? Кез-келген қайырлы істен басталады. Нағыз адам-ол басқаның бойынан тек ізгілікті көре білетін адам. Жақсылықты көріп қана қоймай, жақсылықты жасай білу қажет және риясыз жасау керек. Осыған сәйкес «Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының негізінде жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны күнделікті әдет-ғұрпына енгізген жас ұрпа алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл белсенді позициясы бар тұлғаларды тәрбиелеуде, осындай «Қайырымдылық –қайырлы іс» сияқты ұйымдардың көмегі зор болар еді.

  • «...Мен балалардың жасатайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгерген, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын .Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсіну керек. Әр адам өзін-өзі тануы қажет»

Халық мақалында айтылғандай «Жақсылыққа жақсылық-әр адамның ісі, Жамандыққа жақсылық-ер адамның ісі» демекші әр ісімізді жақсылықпен бастау, соның бақытын көру, біруге жақсылық жасау біздің адамдық парызымыз деп ойлаймын. Мейірімділік-адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Бұл адам жүрегінің шамшырағы, ізгілікке, достыққа, береке –бірлікке жетелейтін жол. Мейірімділік кілті жүректе болғандықтан, сүйіспеншілікке толған жүректе көздің жауын алатын әсемде нәзік гүлдерге толы болады. «Адам баласының мейірімі қашса, жер бетінде жақсылық жойылады»-деп қазақ атам текке айтпаған шығар... Сондықтан мейірімді адам қоршаған ортаға өз нұр шапағатын шашып, қиыншылықтарда қол ұшын беруге дайын болуы керек дер едім. Мейірімділік рухани құндылықтарды бәрінен жоғары қояды. Қайырымды, адал азаматтың адамгершілігі әрқашан асқақа, ал жүрегі кең болады. Мейірімділікті адамдардың қарым-қатынасынан, жасаған іс-әрекеттерден көруге болады.

Жүрекпен істелген жақсылық алдымен өзіңе пайдалы. Сондықтан қолымыздан келгенше өмірімізді көркейтетін қамқор болу-біздің жадымызда. Халқымыздың дәстүрінде: «мейірімділік, рахым-шапағаттылық-адам бойындағыең асыл қасиеттердің бірі, әрі бірегейі; бойында мейірімділікпен ,рахым-шапағатты жоқ адам, адам санатына қосылмайды» деп айтылады. Мейірімділікке бізді рухани жақтан, ақыл сезім және адамгершілік жақтан өсіп-жетілдіреді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай «Мейірімділік, махаббат,қайырымдылық, адалдық секілді үш қасиет ақ жүректен шығады» дегендей Ақ көңіл, ашық-жарқын, жанашыр, ізгі ниетті адам болуға жетелейді. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, қоғамның өрісін кеңейтіп, достарды көбейтеді. Сондықтан мейірбан адамдар тау мен тастан асатын өзен тәрізді алыс қашықтықтағы жолды өзіне жақын тұтып, қауышуы шексіз дарияға қол жеткізеді. Жан-жағын мейірімділікке толтырып, әсемдікке балау әркімнің парызы, міндті, адамгершілік өлшемі Біреуге рақым, әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығымыздың жемісін, рақатын көретінімзге кәміл сенемін. Тілегімен жүрегі үндестікте болған адамның рухани қуатты арта түседі. Сондықтан, жанымызда жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтасып бір-бірімізге ізгілік жасауға үйренейік.

























Сенека: «Жақсылыққа үлгі көрсетумен жетпесе,уағыз айтумен жету қиын»


Ахмет Йүгнеки; « Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл. Өзіңде, өзгеге де жақсылық тіле»


Жамбыл Жабаев «Жақсының өзі кіші, бойы биік»


В.А.Сухомлинский; «Қуанышқа ғана емес, қайғыға, қасіретке, бақытсыздыққа да ортақтаса біл»


Ғабит Мүсірепов «Адамның ойы да көркем, бойы да көркем»


Мәлік Ғабдуллин: «Бірлесе ынтымақтаса, бір-біріміздің қате-кемшіліктерімізді жолдастық ниетпен шешуге тиіспіз»
































Жобаның аты: «Қызмет ету қуанышы» әлеуметтік жобасының негізінде



«Қайырымдылық –қайырлы іс»


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
1965
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі