Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мақала "Қашықтықтан білім алудың өзекті мәселелері"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы қаласы №178 лицей КММ
Етекбаева Жанар Мусаевна
"Қашықтықтан білім алудың өзекті мәселелері"
Білімді жаңғыртудың басты мақсаты білім беру жүйесінің тұрақты дамуынан және оны ХХІ ғасыр қажеттілігіне сай қамтамасыз етуден тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» . Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі дамыған, жан-жақты, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние-танымы биік, білімдік бәсекеге қабілетті, сыни ойлай алатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Олай болса, бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет деп ойлаймын.
Ақпараттандырылған ғасырда озық технологияның үздік жемістерін пайдалану – дамыған елдердің шешімі. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың! Себебі, қазіргі таңда қоғам- білім беру жүйесінен экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай болуды талап етіп отыр. Бір сөзбен айтқада, ақпараттық заманның ағыны білім берудің жаңа жүйесін алып келді. Ол – қашықтықтан оқыту немесе онлайн білім беру. Қашықтықтан оқу үдерісі – мемлекет пен билік тарапынан мате риалдық-моральдық тұрғыдан қолдауды ұйымдастыруды қажет ететін оқу жүйесі. Бүгінгі күні біздің елімізде қашықтықтан оқыту жүйесі жаңадан қанат жайып келе жатқан білім беру саласындағы инновациялық бағыт болып табылады. Қашықтықтан оқыту саласы бүгін ғана пайда болған оқу үдерісі емес. Қашықтықтан оқыту үдерісі – қазіргі уақытта күннен-күнге дамып келе жатқан жаңа оқу бағдарламасы.
Қашықтықтан оқыту жүйесі басты екі сала бойынша жүзеге асырылады. Онлайн және оффлайн жүйелері бойынша оқу бағыты ұйымдастырылады. Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Қашықтықтан оқыту-заман талабы дей келе, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі қазіргі таңда білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, білімдерін онлайн жалғасыруға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады. Бұл оқушы мен ұстаздың сыныпта емес виртуалды әлемде жолығуы. Жай ғана жолығып қана қоймай, білім беру заңдылықтарын сақтай отырып ақпарат алмасуы. Менің ойымша қашықтықтан оқудың өзіндік дұрыс және бұрыс жақтары да бар деп білемін.
Білім алудың осындай түрінің ең басты артықшылығы-бұл ыңғайлылық. Қандай себептерге байланысты болмасын - уақыт пен іс-әрекет еркіндігі немесе уақытты үнемдеу болсын, үйрету және үйрену оңай және ыңғайлы. Әсіресе, мұғалімдер үшін бұл нұсқа ең қолайлы. Иә, қашықтықтан білім беру жүйесін соңына дейін пысықтау маңызды. Бірақ, мұндай тәсіл барлық оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де қолжетімді болады деген шындықты жоққа шығармайды! Білім алғысы келетін адамға ешқандай шекара жоқ. Бұл жаңа ғасыр ұраны. Жер шарының басқа бөлігінде өтіп жатқан белгілі профессордың дәрісін үйіңізден шықпай-ақ тыңдау – ғылымдағы үлкен жетістік. Елдің тірегі білікті мамандар болса, шығар биігіміз де, алар асуымыз да білімге келіп тірелмек. Сондықтан, онлайн білімнің оңтайлы тұсын ғылым іздеген әр азамат біліп жүргені абзал деп ойлаймын.
Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болатыны мәлім. Қиын кезең кемел амалдарды қалыптастырады демекші, қашықтықтықтан оқыту кезінде де қиындықтар туындап жататыны сөзсіз. Мысалы, оқушылардың қашықтықтан оқыту кезінде өз ойын кең ауқымда, жеткілікті деңгейде жауап беруіне мүмкіндік аз болып, қиыншылық туғызатын әрекеттер де кездесіп жататындығы рас. Дегенмен, осындай қиыншылықтарға төтеп беріп,бүкіл әлемде болып жатқан бұл індет кезінде де білім беру саласы өз жұмысын жалғастыруда.
Қашықтықтан оқыту – оқушыдан қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау деп білемін.Оқушыға барынша түсінікті болатындай етіп жағдай жасау. Бүгінгі таңда Заманауи технологиялардан пайдалана отырып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздей отырып, сабақтарымызды өз деңгейінде өтуін қамтамасыз етудеміз. Сабақтарымызды қызықты да сапала болуы үшін әр түрлі платформалардан падаланып, оқушылардың қызығушылығын арттырудамыз.Әр сабағымызға жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз.Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыту үстіндеміз.Оны оқушылардың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады дегім келеді.Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де арттырып жатырмыз.
Бұл форматта оқу барысында ата-ана-оқушы-мұғалім тығыз байланыста болып, сабақтарымыз өз деңгейінде өтіп жатыр деп нақты айта аламыз. Қай заманда да ұстаздар қауымы жаңалықтың жаршысы, локомотиві болған. Жаңартылған білім жүйесіне де үйрендік, электронды журналға да төселдік. Ендігі кезекте шәкірттерді қашықтан оқытуға барымызды салуға тиіспіз. Осының барлығы – кемел келешегіміздің тұтқасы, шәкірттеріміз үшін жасалып жатқан игі әрекеттер. «Көш жүре түзеледі» деген дана бабаларымыз. Қиындықты одан қашу арқылы емес, күресу арқылы жеңеміз.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бүгінгі оқушы – кемел келешегіміздің тірегі. Ал сол оқушыларымызды қандай қиын жағдайда болсақ та, біліммен қаруландыру – біздің міндетіміз
“Ел басына күн туса,ер етігімен су кешер” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын -қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”,”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп, өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын,тəуелсіздігін қорғайтын,білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге,яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктеліп отыр, «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, Біздер, оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастырға аянбай күш салсақ, бүгінгі қоғамда, жас ұрпақ алдында абыройымыз асқақ болары сөзсіз