жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
мақала Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
педагогтік –гуманитарлық
колледжнің оқытушысы
Үкібай Ақтоты Айдарқызы
Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесі қашықтықтан оқыту технологиясын кең көлемде пайдалануда. Ғалымдардың пайымдауынша, қашықтықтан оқыту – студенттің білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарынын бірі – білім алушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай жасау болмақ.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — педагог пен білім алушының арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегі арқылы белгілі бір арақашықтықта оқыту.ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар.
Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім беру орыны немесе жекелеген қала шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында компьютерлік техниканы ұтымды пайдаланауда үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажеттілігі туындайды. Осыған орай, колледждер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұнын жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Мұғалімдер тарапынан білім алушыларға қашықтықтан оқыту платформаларында қалай жұмыс жасаудың әр қадамын көрсететін ұсынымдардың сілтемелері мен онлайн оқытудың қадамдық нұсқамасы беріліп,түсіндірме жұмыстары нәтижесінде үлкен жұмыстар атқарылды.
Байланыс жасаудың мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ: форум; электронды пошта; оқытушылармен құжат алмасу (чат, жеке ақпаратпен алмасу), ZOOM, Webex, т.б, бағдарламаларын белсенді пайдаланылуда. Файл, архив, веб-парақтар және бейнедәрістер арқылы электронды түрде өзара білім алмасу;тесттер мен арнайы тапсырмалар арқылы оқыту және білімін тексеру.
Қазіргі таңда қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқытушы студенттерге білім бере отырып, өз бетінше орындалатын жұмысын тексеріп, оқу үдерісін басқару мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге, туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білімді бақылау, тәжірибе алмасу; білім алушылардың арасында өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру; оқу үдерісін бақылау мүмкіндігі артады. Білім алушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін ыңғайлы уақытта, қолайлы орында, тиімді пайдаланады,олар өз бетінше ізденіп, жоғарғы деңгейде өз бетімен білімін толықтыру мүмкіндігіне ие болады.
Қашықтықтан оқытудың ерекшелігі – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігіне жол ашып, оқушылардың ғылыми және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындап, оны өз игілігімізге жарата білсек, ұтар тұсымыз да сол болмақ. Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік экономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа тұру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және экономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі студенттерден шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен білім алушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік алады.
Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейлі дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.
Жақсы электрондық оқулық - информациялық технологиялар аймағындағы білікті мамандар мен педагогтар жұмысының нәтижесі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзеге асыру біраз жұмыс жасауды керек етеді.
Қашықтықтан оқытудың тағы бір оңтайлы тұсы педагогтардың ақпараттық құзіреттілігі арта түсуде. Оқыту технологияларын қолдану барысында үлкен жетістікке жетуде.Осы орайда кездескен кедергілер және оны шешу жолдары жайлы вебинарлар,интернет- форумдарды қолданып, дағдылар қалыптастыруда.
Өз ойымды қорытындылай келе айтарым, қашықтықтан оқыту технологиясы білім беру кеңістігінде оқыту жүйесін сапалы, тиімді, қолжетімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескереді. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді, оқытудың жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі, тың деректер мен материалдар қолданылады.
Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесіне енуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.
Под ред. Е.С. Полат. Дистанционное обучение: Учебное пособие для вузов.– М., 2008
Алматы облыстық қоғамдық-саяси,әлеуметтік экономикалық газет «Jetisy » №36-38(18746) 04.04.2020ж ,5бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген