400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Қазақ тілі сабағында өзіндік танымдық іс-әрекет қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ұстаздары үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында

өзіндік танымдық іс-әрекет қалыптастыру

Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.

Танымдық іс – әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі – оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл – ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық  іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді.

Оқушының өзіндік танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту

– оқушыға көптеген құндылықтарды үйретеді.

Shape1



Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау,ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше

танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. 
  Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға

сөзжұмбақ, ребус, анаграмма, т/б түрлі ойындар қолданамын.



Ұйқасын тап
Өзінше ноян,  Тұмсығымен шымшып 
Қорқақ кім...? (қоян)  Құрт тереді...? (шымшық) 

Бата алмас түлкі 
Үсті тікен ...? (кірпі) 

Анаграмма
1. Өңірге көйлекке тағатын нәрсе. 
2. Саусаққа тағатын бұйым. 
3. Құлаққа тағатын бұйым. 
4. Мойынға тағатын бұйым. 

Б

А

С

Т

Ы

Р

М

А

С

А

Қ

И

Н

А



С

Ы

Р

Ғ

А




А

Л

Қ

А





Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы,

нәтижесінде одан сөйлем құру керек.

Әсем қандай қыз?  Picture 3
Ә - әдемі, әдепті, әділетті т.б. 
С - сұлу, сүйкімді, сезімтал т.б. 
Е - епті, еңбекқор, елгезек т.б. 
М - мейірімді, мәдениетті, момын т.б.



Балаларға Әсемнің бойындағы жақсы қасиеттерін тауып жаздыру арқылы сын есімді үйрету.
Мысал келтіре кетейік: 
Әсем әдемі әрі әдепті қыз. Өзі сезімтал, еңбекқор. т/б

Сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөз тудыру. 
Сабақтың тақырыбы: Зат есім. 
Жалқы есімдер: 
Кісі аттары: Самат, Талғат, Темір, Рақым, Мамыр. 
Қыздар есімдері:
Жанар , Рахима, Анар, Рашида, Алмаш, Шынар,
Жер-су аттары:
Шымкент, Рига, Темир, Алматы т. б. 
Жалпы есімдер: Алма, алша, алмұрт, тары т. б.

Ойын «Жапырақтың сыңарын тап»

Оқу бал лық ық қалам тер дар тарақ тар

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құр.

Шөп, әкем, маялады.

Өзен суы, молаяды, көктемде.

Ғ, дауыссыз, дыбыс, ұяң.

Оқушы, Әлия, озат.

Ойын «Артық сөзді тап»

Әр қатардағы сөздердің қайсысы артық . Неліктен?

Көк, он алты, қою, үлкен, дәмді.

Нешеу, жүзінші, жеті, жиырма.

Бұлбұл, жел, сатушы, мың, бояу.

Ұшырды, жазды, келмекші, аң, оянды.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән - мағынасын ұйымдастырудың тәсіл - амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыстың ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар.

  • Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

  • Жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;

  • Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы олардың жұмысты өз еркімен орындау.

Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір - бірімен деген жолдастық көмек қалыптасады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
450
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі