жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: Қазақстан Республикасы Конституциялық құқықтың рөлі.
Қазақстан Республикасы Конституциялық құқықтың рөлі
Ахметова Айнур Нуртолеуовна – құқық негіздері пәнінің оқытушысы
КМКҚ «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі»
«Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Өмірде әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңнен жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!.»
Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан үшін өткені мен бүгіні тұнып тұрған тарих. Олай дейтініміз Қазақ жерінде небір алапат соғыстар болып сан мыңдаған қанадастарымыз елі үшін көз жұмды. Әне-міне деп жүргенде өз алдымызға тәуелсіздік алып, өз шекарамыз бен заңдарымызды құрастыра бастадық. 1991 жыл 16 желтоқсан – бұл біреулер үшін күнтізбедегі жәй ғана уақыт болар, ал қазақ елі үшін ақ түйенің қарны жарылған күн. Өйткені кең байтақ жеріміз өз алдына бөлек тәуелсіз ел атанып, алдымызға берік те мықты мақсаттар ойластырылдық. Сонау байырғыдан бері келе жатқан заңдарымызды қазіргі заман талабына сай өзгертіп, ең алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституция заңдары қабылданды. Кейін егеменді Қазақстанның Конституциясы жаңартылып 1995 жылы 30 тамызда 9 бөлімнен, 98 баптан тұратын Ата Заң қабылданды.
Қазіргі Конституциямыз төл тарихымызда «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атпен бүгінге жетіп отырған қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелері мен құқықтық нормалары іспеттес құнды құжат. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен ережелерді болашақ жастардың бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу ол бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған міндеті. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жетіп, Егемендігіміздің еңсесі нығайып, көпұлтты Қазақстанымыз көркейіп, ел экономикасы өсіп-өркендеп, халқымыздың әл- ауқаты артып, дамудың даңғыл жолын таңдадық. Қыруар қайратты, еңселі еңбекті қажет етер күрделі де, қиын өмір өткелдерінен өтіп, алуан асуларды, биік белестерді бағындырдық.
Елбасымыз Жастар жылының ресми ашылуында былай деген болатын: «Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз.Осыған дейін жүзеге асырылып жатқан шаралардың бәрі егемен еліміздің болашағы – сіздер үшін жасалып отыр. Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, энергияларыңыз бен патриотизмдеріңізге байланысты».
Қазіргі уақытта егеменді елдің аға буын өкілдері жастарға сенім артып, қолдау көрсетуге дайын екенін жасырмады. Осындай мүмкіндіктер туып тұрғанда неге біз қол қусырып отыруымыз керек. Әрине жаңа заңдарды өмірге әкелуге қауқарымыз жетпейтін болар, бірақ та байырғы заңдарға заман талабына сай өзгерістер енгізуге болатын шығар?!
Қазіргі таңда қандай заңдар өзіндік мүмкіншілікке ие, ал қандай заңдарды халқымыз жоққа шығарады? Міне бұл мемлекет алдындағы маңызды сұрақ. Әрине кейбіреуіне осылай ұнайды деп адам миына кіріп шықпайтын заңдарды ойластыру орынсыз, бірақ та мемлекет үшін де халық үшін де ортақ пайдасы бар заңдарды қабылдау егемендікті ұстап қалудың басты символы.
Соған байланысты 3 негізгі сұрақ туындайды:
- Адамдар не істей алады және не істей алмайды?
- Олар не істеуге міндетті және не істеуге міндетті емес?
- Олар не үшін құқылы және құқылы емес?
Ең бірінші сұраққа жауап іздеп көрелік. Адам баласы шыр етіп өмірге келген сәттен бастап еркін сөйлеуге және еркін қарым-қатынасқа ие болады. Олай дейтініміз адам баласы жан-жақты араласу арқылы өмірге деген құлшынысы арта түседі. Ал бұл өз кезегінде адамның ой өрісінің дамуына ықпал етеді. Жалпы айтқанда адам баласының қолынан келмейтіні жоқ, тек оған өзіне деген сенімділікті жоғалтып алмау керек. Міне сол кезде ғана адам баласы кез-келген іс-әрекеттерді өз қалағанынша жаңа бағытқа қарай өзгерте алады. «менің қолымнан келмейді, мен істей алмаймын» -деу тек әлсіз адамдардың сылтауы.
Ал адамдардың қарым-қабілетіне келер болсақ, қазіргі күні екі аяқты пендеге жүктелген міндеттер аз емес. Заман талабына сай өмір сүру үшін ең бірінші алдыға мақсат пен міндетті қатар алып жүруіміз керек. Адамдар ең алдымен отбасын сақтауға және қорғауға міндетті. Одан кейін Отанға адал қызмет етіп, мемлекеттің абыройын асқақтатуға ықпалын тигізуге міндетті. Ал адам неге міндетті емес? Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Біз көбіне осы сөзді айтамыз бірақ сол сөздің мағынасын біле бермейміз. Зайырлы мемлекеттің негізгі критериі оның барлық азаматтары үшін міндетті діннің болмауы болып саналады. Яғни елімізде тұратын әр адам үшін дін жағынан ешқандайда қарсылықтар туындамайды. Өздеріңізге белгілі біздің елде көбіне ислам дінін ұстанады, бірақ та христиан дінін ұстанушылар да жоқ емес. Біз оларға заңға қайшылық іс жасап жатсың демейміз. Қайта оларды қолдап, құрметтеуге тырысамыз.
Белгіді бір мемдекет ішінде өмір сүріп жатқандықтан сол мемлекеттің заңына бағынамыз. Ондағы қарсы келетін істерге бармай, сол мемлекет аясындағы бекітілген заңдарға жүгінеміз. Еліміздің Конституциясының негізгі бір тірегі – адам, оның құқығы мен бостандығы. Сондықтан да мемлекетімізде өмір сүріп жатқан адамның өз алдына бөлек мақсаты мен міндеті бар. Сондықтан да үшінші сұрақтың негізін осы орайда қарастырып өтуіміз керек. Сонымен екі аяқты жұмыр басты пенде болған соң оның басына не өтіп, не кетпейді дерсіз. Адам деген кейде пендешілікке салынып өзіне тиісті емес нормаларды бұзып жатады. Бұндай уақытта оған мемлекет тарапынан түсетін қысым да аз емес, яғни қандай да бір қылмыстық іске бара қалса сол үшін жазалануы тиіс болып табылады. Сол кезде адам баласы егер де кінәсіз екені анық болса немесе мәжбүрмен істеген жағдайда өзін-өзі алып шығуына құқылы. Ал егер де қасақана іс-қимыл жасап біреудің өміріне зиян тигізетін болса онда ол заңмен тиісті түрде жазаланады.
Міне осылай Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздегі әр адам үшін орны бөлек қазына. Оны сақтау және қорғау әр адамның міндеті. Конституция ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлы дала ережелерінің қазіргі заманғы анық әрі нақты бір формасы. Бл сөзге келіспейтін адам жоқ деп білемін.
Қолданылған әдебиеттер
1. Ө.Қопабев, Қ.Айтқожин, Н.Қыдырқожаева, Ғ.Жайлин, А.Жұмағали, «Құқық негіздері», Алматы «Мектеп», 2006 жыл, 3-35 бет
2. Е.Т. Өміржанов «Құқық негіздері», Алматы, 2015 жыл, 18-26 бет
Дереккөздері: Yandex.kz сайтынан мағұлматтар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген