жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала Қазақтың Ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойыны
Қазақтың Ұлттық ойындары
Даярлаған тәрбиеші Даниярова Баян Зангирхановна
Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекетінің негізгі түрі.
Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады. Ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін сондай ғажап нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру-басты міндет.Халықтық ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні зор.Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына назар аударсақ, ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірмен тығызбайланыста қарастырылады. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады.,айналаны таниды,танымы қалыптасады.Қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады.
Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші мен белсенділігі артады,денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары мен танымы қалыптасып, шыңдалады.
Ұлттық
ойындар – ата – бабаларымыздан бізге
жеткен байлығымыз, асыл қазынамыз.
Сондықтан, үйренудің күнделікті өмірде
пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ
тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын
баланың алдынан өмірдің есігін ашып,
ұштаса береді.
Ойынсыз ақыл – ойдың
дамуы жоқ және болуы да мүмкін емес.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезе сияқты, ол арқылы бала рухани
сезімін өмірімен ұштастырып, өзін
қоршаған, дүние туралы түсінік алады
және танымы мен ойлауы қалыптасады.
Ұлттық ойын түрлері негізінен мынадай түрлерге бөлінеді:аңға байланысты ұлттық ойындар,малға байланысты ұлттық ойындар,затпен байланысты ұлттық ойындар,зеректілікке және ептілік пен икемділікке байланысты ұлттық ойындар.
Ұлттық
ойын: «Қыз қуу»
Ойынның
мақсаты:
Ойыды
ойнату арқылы қазақ халқының салт-дәстүрімен
таныстыру, қыз баланы құрметтеуге,
сыйлауға үйрету. Шапшаңдыққа баулу.
Ойынның
шарты:
Ойынға
бір қыз бала ,қалғандары ұл балалар
қатыады. Қыз қолына орамал ұстап ортада
тұрады. Ал ұлдар атқа мініп қызды айналып
шауып жүреді. Музыка әуені тоқтаған
кезде қай бала қыздың қолындағы орамалды
алса, сол жігіт қыздың бетінен сүйеді.
Ойын осылайша жалғаса береді.
Ұлттық
ойын: «Тақия тастамақ»
Ойынның
мақсаты: Қазақтың
ұлттық бас киімнің бірі тақиямен
таныстыру, танымдық қабілеттерін
жетілдіру. Жылдамдыққа тәрбиелеу.
Ойынның
шарты:
Балалар
шеңбер жасап отырады. Жүргізуші сайланады.
Ән ырғағымен тақияны басына киіп,
балаларды айналып жүреді. Музыка тоқтаған
сәтте тақияны екі баланың ортасына
тастайды. Ал отырған екі бала қарама-қарсы
бағытта шеңберді айналып жүгіреді. Кім
тақияға бұрын жетсе сол жеңімпаз атаным,
жүргізуші болады. Ойын осылайша жалғаса
береді.
Ұлттық
ойын: «Арқан тарту»
Ойынның
мақсаты:
Балаларды
күштілікке, ептілікке баулу, ежелден
келе жатқан қазақтың ұлттық-дәстүрлі
ойыны екенін түсіндіру.
Ойынның
шарты:
Ойынға
қатысатын балалар екі топқа бөлінеді.Алаң
ортасынан көлденең сызық сызылады.
Ойыншыларға ортасынан түйілген арқан
беріледі. Белгі бойынша ойын басталады.
Ортадағы сызықтан кім асып кетсе, сол
топ жеңіліске ұшырайды. Ойын осылай
жалғаса береді.
Ұлттық
ойын: «Аңшылар»
Ойынның
мақсаты:
Балаларды
қырағылыққа, көздегіштікке, шапшаңдыққа
үйрету.
Ойынның
шарты:
Ойын
алаңында шеңбер сызылады.Жүогізушінің
белгісі бойынша ойыншылар, яғни үйректер
шеңберге жүгіріп кіреді. Ал аңшылар
доппен атқылай бастайды, кімге доп тисе
сол үйректермен аңшылар орын алмастырады.
Осылайша ойын жалғаса береді.
Ұлттық
ойын: «Түйілген орамал»
Ойынның
мақсаты:
Балаларды
жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулып, санай
білуге үйрету.
Ойынның
шарты:
Ойын
ән ырғағымен басталады. Балалар шеңбер
жасап тұрады. Ойын бастаушы бала ортаға
шығады. Түйілген орамалды алып бір, екі,
үш дегенде барлық балалар жан-жаққа
бытырап, қаша жөнеледі. Бастаушы
бала түйілген орамалды ұстап тұрады.
Ән әуені тоқталған сәтте кім бұрын
түйілген орамалды алса, сол бала ойын
жеңімпазы болып, ойынды басқарады.
Ұлттық
ойын «Соқыр теке»
Ойынның
мақсаты:
Балаларды
шапшаңдыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу,
ойынның атына сәйкес үй жануарларымен
таныстыру.
Ойынның
шарты:
Балалар
шеңбер жасап тұрады. Бір баланы ортаға
шығарып «Соқыр теке» етіп сайлап, көзі
байланады.
Соқыр
теке, соқыр теке,
Ұстап
алшы тезірек.-деп
үш рет айналдырып жібереді. Жан-жағындағы
балалар келіп түртіп кетеді. Соқыр теке
бір баланы ұстап алса, сол бала ойын
бастаушы болып сайланады. Осылайша ойын
жалғаса береді.
Ұлттық
ойын: «Хан талапай»
Ойынның
мақсаты: Балаларды
асықпен таныстыру, қазақтың өте ежелгі
ұлттық ойыны екендігі жайында әңгімелеу,
балаларды санай білуге үйрету.
Ойынның
шарты:
Ойынға
4-5 бала қатыстырылады. Балалар шеңбер
жасап отырады. «Хан-талапай» -деп ортаға
асықтар шашылады. Балалар жапа-тармағай
асықтықтарды тақияға жинай бастайды.
Кезекпен балалардың жинаған асықтары
саналады. Кім көп асық жинаса, сол бала
жеңімпаз болады.
Ұлттық
ойын: «Теңге алу»
Ойынның
мақсаты: Атпен
шаба білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Онға дейін санай білуге үйрету.
Ойынның
шарты: Балалар
екі топқа бөлінеді. Бірінің артынан
бірі қатарға тұрғызылады. Ойын басшыларына
бір-бір ат беріледі. Шамамен он метрдей
жерге теңгелер шашылып тасталынады.
Екі топтан бір-бір баладан шауып барып,
теңге алып қайтады. Шауып келі атты
келесі балаға береді. Ойын соңында
жиналған теңгелер саналады. Қай топта
көп теңге болса, сол топ ойын жеңімпазы
болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген