400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Қазіргі заман талабы-латын әліпбиіне көшу"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәңгілік ел» болып қалыптасу – жарқын болашаққа бастар жол болса, латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы,заман талабы. Мемлекеттік тілді өркендету үшін латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың көрінісі болмақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазіргі заман талабы –латын әліпбиіне көшу.

«Мәңгілік ел» болып қалыптасу – жарқын болашаққа бастар жол болса, латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы,заман талабы. Мемлекеттік тілді өркендету үшін латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың көрінісі болмақ. Өйткені , әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан, тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да ұлт үшін өте маңызды. Бұл мәселені көтерген – тұңғыш Президентіміздің көрегендігін байқатады. Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп,байыбына барғаның қалаймын.

-Біріншісі-ұлттық код,ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.

-Екіншісі –алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек»-деген болатын.

Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертартпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латын әліпбиіне көшу –тиімді әрекет.Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады. Латын әліпбиіне көшу – елім, жерім деген жүректі де ұлтжанды азаматтарды дүр сілкіндірген, жұртшылық көптен күткен, тамыры тереңге жайылар тарихи еңбек. Халық санасын жаңғырту, ұлттық бірегейлікті сақтау, қазіргі жұртшылықтың да, болашақ ұрпақтың да бойына қуат қосар, денесіне күш бітірер берік бағдар. Шұбарланған тілімізді тазалауға, сығымдалған салт-дәстүрімізді дамытуға, саязданған рухымызды асқақтатуға мол мүмкіндік туғызар, аңсаған арман-мақсатқа қол жеткізер, бүкіл халық қолдарлық заманауи да басым бағыт.

Латын жазуына көшу бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі екенін, латын жазуы әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол болатынын қазақстандық әр азамат білуге тиіс.

Өз басым жалпы латынша жазуға, латын әліпбиіне көшуге оң көзқарастамын. Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының ілгері қадам басуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз,- деп ойлаймын.



Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 кешкі мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Исергепова Салтанат Душановна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі