400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

мақала Қобалжуды жеңу әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қобалжуды жеңуге қатысты психологиялық кеңестер берілген. Мақалада қобалжуды басуға арналған түрлі техникалар көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қобалжуды жеңу әдістері

Маңызды кездесу, жауапты шара, маңызы зор жеке оқиға секілді адамды қобалжытатын себептер өмірде көптеп кездеседі. Соның салдарынан жүрегіңіздің соғысы жиілейді, алақаныңыз терлей бастайды немесе ішіңізде жағымсыз сезім орын алады. Төменде қобалжу белгілерімен қалай күресу керектігіне тоқталамыз. Өзіңізді еркін ұстаңыз. Сабырлылықтың басты құпиясының бірі өзіңізбен үнемі жұмыс істеу. Егер қобалжу әрдайым сіздің серіктесіңізге айналса, онымен ішкі тыныштандырудың кез келген техникасын қолдану арқылы күресу керек. Оған йога, медитация және ой жаттығулары жатады. Кей адамдарға тоқу немесе ыдыс жуудың өзі жүйкелерін тыныштандырады. Сондықтан өзіңізді тыныштандыратын іспен айналысыңыз. Қобалжуды басуда дауыстап сөйлеу техникасы да тиімді көмектеседі. Маңызды кездесу немесе шара алдында өзіңіз жалғыз немесе басқа тыңдаушымен жан-жақты жаттығыңыз. Мысалы, сәлемдесуді және қоштасуды ойластырыңыз. Алайда мұндай жаттықтыруды күндіз жасаған жөн. Егер бұл іске кешке кіріссеңіз, түнімен ұйықтай алмауыңыз мүмкін. Терең  тыныс алыңыз. Алақан терлеуі, жиі жүрек соғысы, бас айналу секілді қобалжу белгілері - күйзеліс гормонының және адреналиннің шығуына байланысты ағзаның табиғи физиологиялық жауап беруі. Бұл жағдайда олардан тыныс алу жаттығулары арқылы жылдам құтылуға болады. Ол кезде кеудемен емес, ішпен тыныс алу керек. Күйзеліс белгісін жылдам кетіру үшін «10-ға дейін тыныс алу» техникасын қолдансаңыз болады. Ол үшін «1-2-3-4» деп санағанда ішке терең тыныс алып, «5-6-7-8» дегенде баяу дем шығарып, «9-10» кезінде үзіліс жасаңыз. Осы жаттығуды 4-5 рет қайталаған соң жүрек соғысыңыз қалпына келе бастайды. Өз күшіңізге сену. Өз күшіңізге және қабілетіңізге сену барлық қобалжуды жеңіп шығатынын есіңізде сақтаңыз. Өзіңізге деген сенімді арттыру үшін осы уақытқа дейін жеңіп шыққан дәрежелер тізімін жасаңыз. Оған тек байқаулар ғана жатпайды. Өміріңізде кездескен қандай да бір қиыншылыққа бой ұсынбай жеңіп шыққаныңызды да жеңіске жатқызыңыз. Өзіңізге сенудің тағы бір жолы өзіңізді толықтай, яғни артықшылығыңыз және кемшіліктеріңізбен бірге қабылдау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
959
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі