400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала Рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласына сәйкес сынып жетекшілерге және мақала, очерк жазуға машықтанып жүрген оқушыларға болашақ журналистика мамандығын таңдап отырған абитуриенттерге қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ ЖАРТЫ ҒАСЫР

Қазанның 13-ші жұлдызы қасиетті жұма күні елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», мақаласына және «Туған жерге тағзым» атты акцияларына сәйкес «Шағын жинақталған Саржыра негізгі орта мектебі» КММ-де журналист, ҚР журналистер одағының, жазушылар одағының мүшесі; Зайсан ауданының, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Егемен Қазақстан республикалық газетінің ШҚО-дағы меншікті тілшісі, профессор Оңдасын Елубай атамызбен кездесу болып өтті. Кештің шымылдығы үш тілде ашылып, оқушылар аталарына арнап жазған арнау-тілектерін оқыды. Алғашқы құттықтау сөз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дүйсенбаева Зұмрат ханымға берілді. Атамыздың журналистика саласындағы 50-жылдық мерейтойымен Кеңсай ауылдық округінің әкімі Тауасаров Ринат Әдембекұлы құттықтады. Қадірлі қонақтардың қатарында атамызбен бірге Катон-Қарағай ауданынан арнайы келген құрметті қонағымыз Садуов Қайыржан, Зайсан ауданының құрметті азаматы Қинашев Болат ағаларымыз да қатысты. Кешіміз әрі қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.

Туған ел – тұғырың ,

Туған тіл – қыдырың ,-

деп дана халқымыз айтқандай қаламы қарымды қаламгер өзінің жарты ғасырлық ғұмырлы еңбегінде еткен еңбектері мен «журналистика» атты қиын да қызық мамандықтың қыры мен сыры туралы тамаша әңгіме өрбітті. Өзінің сыныптастарымен кездесіп туған топырақтарында балалықтың балғын күлкісіндей, тату достықтың құпия сырларындай болып сырғып өте шыққан балдәурен шақтарын көздеріне жас алып сағына еске алысты. Рухани жаңғыруды, әрине, кітапсыз, газет-журналсыз елестету, әсте, мүмкін емес. Осы орайда атамыз кешке құр алақан келмей, соңғы шыққан «Алатауды дүбірлеткен он бір күн», «Жанарымда жасыл құрлық», «Аялайық, Алтайды», «Жеңіс жалауын желбіреткен жетеу» атты кітаптарын кітапханамызға тарту етті. Бұл кездесу кіндік қаны тамған туған топырақ пен қоғам қайраткерлерінің арасындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын алтын көпір іспетті. Жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мұндай кештердің ұстаздар қауымы үшін көмегі ұшан теңіз. Осындай рухани тәлімі мол кештер ауыл мектебінде жиі өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді?



Әлжапаров Нұржан

Шағын жинақталған Саржыра негізгі орта мектебінің мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі