400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала. Шал ақынның жігіттерге нақылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық рухани құндылықтарымыз қазақ философиясына, мәдениеттану пәндеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нурмухаметова Карлығаш Шаймуратовна

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Философия пәнінің оқытушысы


Шал ақынның жігіттерге нақылы


ХV –XVIII ғғ. философиялық ой-пікірлер қазақ халқына тән фольклор тұрғысында өмір сүрген. Бұл дәуірде еліміздің жазба мәдениеті болмаса да, ауыздан ауызға берілген әдіспен қазақ халқының өте бай рухани мұрасы жасалды. Оған тәрбиелік мәні бар аңыздар, дүниетанымды ашатын ертегілер, жыраудың жырлары, ақындардың өлеңдері, тарихи дастандар, махаббат поэмалары жатады.

Қазақ халқының ел-жұртты қорғау, халықтың басын біріктіру, елдің ауыр жағдайы мен мұңы жыраулардың шығармаларында кеңінен жырланды. Шал ақынның толғауларында салиқалы ой түйіндері кездеседі.

Ақын жырауларының ішінде Асан қайғы, Доспамбет жырау, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар жыраулар болса солардың қатарына Шал ақынды да атап өтсек болады. Шал аталып кеткен ақынның шынайы есімі Тілеуке Құлекеұлы Көкшетау өңірінің тумасы. Әкесі Абылайдың замандасы, жаугершілікте көзге түскен Құлеке батыр болса, шешесі атақты Ұлы жүзден шыққан Төле бидің қызы екен. Қазақ хандық дәуіріндегі әдебиетін зерттеуші М.Мағауин Шалдың орнын ерекшелеп «қуатты ақын» деп атап көрсетеді. Шалдың еңбектерінің басты тақырыбы еркектерге арналады. Ақынның «Жігіт сипаты», «Жігіттерге» атты өлеңдерінде еркектердің түрлері, ер-жігіттерге қатысты түйінді ой пікірлер, парасатты пайымдаулар жырланады. Шал төмендегі жырда жігіттің тірлігіне қарай топтастырып ер-азаматтардың түрлерін сипаттап өзінің көзқарасын білдірген.


Жігіт сипаты


Бір жігіт бар - құр жан

Бір жігіт бар - тірі жан

Бір жігіт бар - жігіт жан

Құр жан дейтін жаны бар,

еш нәрсені бітірмейді,

Тірі жан дейтін - бар тапқанын

киім мен асқа сатар

жақын көрген досын жатқа сатар,

Қызыл белбеу, шоңқима етік киіп,

әркімді мазақ етіп, сықақ қылар;

Жігіт жан дейтін жігіт –

Сегіз қырлы бір сырлы болар.


-дей келе, ендігі бір жерде Шал ақын шалыс кеткен жігіттерге өзінің ақыл - кеңесін ұсынады. Жігіт тәрбиесіне жоғары талап қоя білген, өйткені ақын жер мен ел болашағы ер қолында екенін жеткізеді. Оның ұсынған құндылықтарынан ой өрісінің кеңдігіне көз жеткізе аламыз. Бір күндік күнді ойлама, дүниеқоңыздықтан сақтан. Байлығыңа масаттанба өлген соң көріңе алып кетпейсің, бәрі артыңда қалады, өлмейтін тек асыл сөз артыңда қалады дейді. Азаматтарға сөз қума, ұяауыз болма затың еркек деп жеткізеді.


Жігіттер жаман сөзді кәсіп етпе,

Құрбыңды өзің теңді басып өтпе

Басыңа бір уақытта жұмыс түссе,

Дұшпан түгіл досың да қашар шетке.


Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз,

Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз,

Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алған.

Біздерге жала -қаза жоқ демеңіз.


Жігіттер, жалған дүние бізден қалар,

Бір күні ажал келіп жаныңды алар,

Жан шығып, дүниеден көшкеннен соң,

Мал-мүлкің, қатын-балаң бәрі қалар.


Ақынның діндар адам болғандығына көптеген өлең жолдары дәлел. Мұсылмандылық парызды уағыздайды, алланың жолына түсуді насихаттай-ды. Басы сәждеде, қолында құраны, аузында калимасы бар Шал ақын жігіттерді имандылық жолына шақырған:


Жігіттер ғибадат қыл маған нансаң,

Намаз оқы Алланы ойыңа алсаң,

Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,

Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.


Берекелі іс істеу, әділ болу, бүгінгі күні ер - азаматтардың бойына жетісе бермейтін жауапкершілік қасиеттерді қанға сіңіруді ұлықтаған. Осындай идеяларымен Шал ақын «ер - азамат философиясына» өзіндік үлес қоса алған.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 желтоқсан
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі