Сәулесін шашқан
жан
(Көңіл
қымбат)
Өмір болғаннан соң жақсылық
пен жамандық қатар жүрері анық. Жанымыздағы жақын адамдарды кейде
абайсыз сөйлеп ренжітіп алатынымыз рас. Кейде болмашы нәрсеге
көңіліміз қалатыны тағы бар. Қасымыздағы адамның көқіліне қарап
сөйлеуді ұмытамыз. Әкім Ысқақтың «Көңіл
қымбат» деген кітабы қолыма тигелі
өмірге, адамдарға деген көзқарасым өзгерді. Түгел оқып шықтым. Өмір
мен ойлағаннан да ғажап екенін ұқтым.
Әкім ағаның «Бақытты
екеніңді сезіне алмаудың өзі – азап. Әйтсе де бақыт өзіңде екенін
әрдайым жадыңда сақтағын.» деген сөзі өмірге деген
сенімімді шыңдай түсті. Бақытты болу өз қолымда екенін ұқтым.
Бақытсызбын деп ойлаудың өзі бақытсыздыққа бастайтынын
түсіндім.«Қиындықтан қашпа.
Кездескен сын әлсізді қиратады, күштіні
ширатады.» деген сөзі мені жігерлендіре
түскендей. Күйбең тіршілікте кездесе беретін қиындықпен күресе
білетін күш береді. «Доспын дейтіндер көп. Ал
шынайы достық жалғыз болатынын өмір
көрсетеді» деп қазіргі таңда көп адамдар
қадіріне жете алмайтын достық туралы жақсы айтқан.
«Расында менде шынайы дос
бар ма өзі?!» деп
ойланасың.«Кейде біз өзімізді әлсізбіз
дейміз (бәлкім әлсіз болуға құмар шығармыз). Біле білгенге адам
нағыз құдірет! Түсінгенге адам қабілеті шексіз. Тек ол үшін қажымас
қайрат, телегей төзім, сансыз сабырлық, өлмес сенім, шаршамас көңіл
керек екенін естен шығарып аламыз»
дегенді оқып терең ойда
қаласың. Өмірдің қаншалықты қымбат, қаншалықты керек екенін
түсінесің. Өмір сүруге деген құштарлығың арта түседі. Өмірден
жақсылық іздеу мен жақсылық жасау – зор қуаныш екенін ұғынасың.
Қуанта білу мен шынайы қуана білу шаттық екенін түсінесің. Осы
кітап арқылы - Әрбір күнім қымбат, әрбір сәтім аяулы екенін
түсіндім.
Өзім мұғаліммін. Жас ұрпақтың
бойына жақсылық ұялатуым үшін, өзім жанымдағы жандарға шуақ шаша
алуым керек екенін түсінемін. Үнемі жаңашыл ізденісте болуым керек
екенін білемін.
Ағаның «Алтыным!» деп
басталатын әрбір ақыл -өнеге беретін, жүрек түбінен шыққан ойлы
сөздерін өзіме айтылғандай қабылдаймын. Әрбір арайлап атқан ақ
таңыма ризашылық пен шүкірлік айтамын.
Шымкент облысы, Түркістан
қаласы , Жаңа Иқан ауылы
"Ұлықбек атындағы жалпы
орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән
мұғалімі
Тұрманбетова Амина
Усенбекқызы