400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Шығармашыл ұстаздар еңбегі – сапалы білімнің кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Т. Рысқұлов ауданы Р.Смаилов атындағы орта мектептің білім жетістіктері, ҰБТ- нәтижелері, оқушылардың жетістіктері тізбеленген. Сондай жетістіктерге жетуге ықпал еткен мектептің ұстаздар қауымының еңселі еңбектерінің нәтижесі, үлестері, мақсатты жұмыстары баяндалған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шығармашыл ұстаздар еңбегі – сапалы білімнің кепілі


«Р.Смаилов атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің математика пінінің мұғалімі Макашева Жанар Алмахановна


Ауыл мектебі – қаймағы бұзылмаған ұлттық құндылықтар мен қазақы тәрбиенің бесігі. «Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Еліміздің болашағының жарқын болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Сондықтан да

ұстаздық міндетті арым деп тұтқан әрбір мұғалім болашақ ұрпақ үшін тынбай еңбек етуде.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда. Қазақстанның болашағының жарқын болуы – білім саласының дамуына тікелей тәуелді болғандықтан, елімізде жүріп жатқан жаңа реформаларды біз де өз тәжірибемізге енгізудемеміз. Оны мектептегі әрбір ұстаз саналы қабылдап, іске асыруға ұмтылуда. Бүгінгі күнге дейін мектепте екі мұғалім қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспаналиева Қалбүбі Есеналіқызы , математика пәнінің мұғалімі Макашева Жанар Алмаханқызы мұғалім көшбасшылығы, мектепті дамыту бағытында іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстарын жүргізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлендиева Фариза Кенжебекқызы коучингтік және тәлімгерлік тәсілдер арқылы мектептің мұғалімдерінің кәсіби – теориялық дамуына ықпал етуде, математика пәнінің мұғалімдері Ибраимов Ораз Әбдіқапарұлы, Елеуова Роза Інкарқызы, биология пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Жанар Жатқанбайқызы , қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Медеров Ғалымжан Маратұлы, бастауыш сынып мұғалімі Мырқасымова Назгүл Анварбекқызы тиімді оқыту әдістерін әрбір сабақтарында іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары арқылы енгізіп, тиімді нәтижелерге көз жеткізуде. Оқушылардың теорияны танып білуіне саналы ойлау мен қолдану, шынайы өмірмен байланыстыру, әр оқушының өзіндік ой – шешімін шығару және досының көзқарастарын қадірлеу сияқты құндылықтар арқылы жеке тұлғаны дамытып, бала бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда. VІІ республикалық «Жарқын болашақ» «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде жеткен жетістіктер: 11 сынып оқушысы Әзімбай Н «Жас ғалым» номинациясы бойынша 2 орын, Лесқұл А «Әнші бұлбылдар» номинациясы бойынша бас жүлде, «Абай оқулары» байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағытында Дөңбаев Қ бас жүлде, «Өлең сөздің патшасы» бағытында Ахан Л 2-орын, «Көңілім әнді ұғады» бағытында Лесқұл А 1- орынмен марапатталды. «Маханбет оқуларында» Гіміңтай Т «Ел құтқарар ер едім» бағытында бас жүлдемен марапатталды. Орыс тілі пәнінен Республикалық «Русский медвежонок» байқауынан Әлібек А, Төлеген Ж оқушылар 1- орынды иеленді. Математика пәнінен оқушылар онлайн олимпиадалар мен Халықаралық «Кенгуру», Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафондарына қатысып, жүлделі 1-орынды мына оқушылар иеленді: Парзау К, Базатбек З, Мейірқұл Н, Үсейін А, Әлібек А, Қонысбай Т. Алматы қаласында өткен Республикалық «Ғұмырдария» байқауына қатысқан 7 сынып оқушысы Әлібек А жүлделі 2- орынмен марапатталды. Мектебімізде ұйымдастырылған «Аққайың» бишілер тобының жетістігі облыстық дәрежеге дейін көтерілді. Алматы қаласында үстел теннисінен өткен Республикалық жарыстан Қонысбай Ә 3- орынды иеленді. Математика пәнінің мұғалімі Ж.А.Мақашева Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтарға арналған аудандық «Үздік шеберлік сынып-2015» байқауында терең білімімен ерекшеленіп,кәсіби шеберлігін көрсетіп бас жүлдені иеледі, облыстан «Үздік шеберлік сынып -2015» байқауына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Аудандық жаратылыстану- математикалық бағыттағы пән мұғалімдері арасында өткен «Үздік сабақ» байқауында сабақ құрылымын талап деңгейінде жоспарлағаны үшін 3- орынды иеленді. «Бүгінгі өскелең ұрпаққа әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі» атты мұғалімдердің Халықаралық ғылыми- практикалық конференциясындағы құнды баяндамасы үшін ІІ- дәрежелі дипломмен марапатталды. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.А.Ибраимов білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде ҰБТ -де нәтижеге қол жеткізу бағытындағы тарих пәні мұғалімдерімен шеберлік сыныбын өткізді. «Желтоқсан – тәуелсіздік бесігі» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциядағы баяндамасы үшін 3-орын иеленді. Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі Л.Б.Жорабекова Халықаралық «ЭКСПО – 2017. Болашақ технологиялар көпірі» атты халықаралық конференцияға қатысып, «өзін-өзі тану арқылы адамгершілік-рухани құндылықтардың жаңаруы» атты баяндамасы үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды, баяндамасы жинаққа енді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қ.Е.Оспаналиеваның облыстық «Мұғалім шеберханасы» журналында «Омонимдес қосымшалар» атты сабағы жарыққа шықты, «Бүгінгі өскелең ұрпаққа әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі» атты халықаралық ғылыми практикалық конференцияда мақаласы жарық көрді және «Қазақ тілі сабақтарында ұқсас тұлғаларды оқыту әдістемесі» облыстық семинар практикумда ашық сабағын көрсетті .

Бүгінгі күн талабы – ауыл мектебін озық мектеп деңгейіне жеткізу болып табылса, мектеп мұғалімдерінің жаңалыққа, жасампаздыққа ұмтылуы және нәтижеге бағытталған іс-әреттері сол түйіннің шешімін тапқандай. Сапалы білім мен саналы тәрбие берудің нәтижесінде оқушыларымыздың жетістігі де еселеніп, жоғары оқу орнында білім алып, елге адал қызметтерін жасауда. Адал еңбек, аққан тер, бейнет ақталып жатса, мұғалім еңбегінің жемісі емес пе! Халықтың ықыласына бөленген мектебімнің мұғалімдерінің еңбегі жанып, беделі арта берсін демекпін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі