400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сыни тұрғыдан жан-жақты қалыптасуына,өз ойын еркін, ашық жеткізуіне, кез келген мәселені өмірмен байланыстыра отырып орындап шешуге жәнеде бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына СТО технологиясының пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен  оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту

 

ХХI ғасыр- қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған  жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашанда білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, ал жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Ендеше, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып , балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу- тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету- біздің басты мақсатымыз. Мұғалім бағыт беріп, қадағалайды, оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, белсенділігін дамыта түседі, ол үшін мұғалім көп ізденуі тиіс.

       Бүгінгі таңда оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту? Қалай оқыту?»

күрделеніп барады. Себебі білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытудағы ақпараттандыру, яғни оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану

        Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім жүйесінің стратегиялық мақсаты- берген білімді, дағдыларды меңгеретін, бәсекелестік қабілеті мол, шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

          Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуға ықпал жасау үшін біз олардың дербес ойлауын  жандандыра түсуге тиіспіз.  Шығармашылық әрекет өте күрделі үрдіс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық  қабілет әр баланың табиғатында болу мүмкін. Біздің міндетіміз- оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін көрсету. Жалпы алғанда, оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол.      Оқушының белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызумен қатар, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерістерімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру- оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, шәкірттердің бағалауы ерекше орын алады. Сондықтан таңдап алған проблемалық тақырыбым «Сын тұрғысынан ойлауды оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыту. »




Мақсатым: өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істей алатын жан – жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Міндетім: жеке тұлғаның ойлау қабілетін жетілдіру, интеллектуалды шығармашылық жұмысын қалыптастыру . Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің басты міндеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса, оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Заман талабына сай қажетті жаңартылған өзгерістер мен ізденістер қарастырылуда. Білім берудің мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сәйкес оқытудын жаңа технологиясы енгізілді.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі..

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

1.Әңгімені оқып танысады.

2.Мазмұнын ашады.

3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:

Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.

Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:

1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.

4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Баланың шығармашылығын дамытуда мынадай әдістерді қолдандым. Әр тақырыптың идеясын оқушылардың өздері ашады. Кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, қиналады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады. Мысалы: «Балапан» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы тақырыпты оқушылар өздері ашты. Ол үшін «Балапан , мысық, балалар» сөздерін алдым. Бұл сабақта Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Болжау кестесі» стратегиясын қолдандым.

Не болады? Дәлел. Не болды?

Балапанға бір қауіп төніп тұр. Мысық балапанды жемекші, не балалар торғайдың жұмыртқасын жармақшы.

Торғайдың ащы шырылы құлаққа тиді. Жаны ашыған торғайлар жанында жүр. Торғай тастай ағып жерге топ ете түсті.

Талқылау кестесі арқылы проблемалық сұрақ туғыза отырып, талқылау:

1) балапан аман, тірі қалсын ба? - Тірі қалсын.

2) Әлде мысық балапанды жеп қойсын ба? - Жоқ.

3) Бала балапанды құтқарсын ба? - Құтқарсын.

4) Бала мақсатына жетті ме? - Бала мақсатына жетті.

5) Бала неге қуанды? – Бала торғайды аман алып қалғанына қуанды.

Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын.

3-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал, кейбіреулері ойын жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселеді. Тапсырма түрлері өзгертіледі.Кейіпкерге мінездеме беру, автордың ойына өз ойларын қосу, мәтінді жалғастыру, кейіпкерге сипаттама беру, өзіндік көзқарастарын білдіру, авторға хат жазу, автор орындығы т.б. арқылы шығармашылығын арттырып, қызықтырып отырамын.

Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырылады. Мысалы: «Қыс» тақырыбын бірнеше тақырыптарға талдап, ұнағанына жазады. «Қыс», «Қысқы орман», «Қысқы жан-жануарлар» Қыс туралы оқушылардың жазған шығармалары:

Қыс келді.

Желтоқсан жұлдызы. Қар көптеп жауды, нағыз қыс болды.Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбады.

Қыс Күн суық. Жерде қалың қар жатыр.Түн ұзарып, күн қысқарды. Үлкен кісілер де,балалар да жылы киім киген. Демалыста мұз айдынына барамыз. Кейбір балалар шанамен сырғанайды.Мен достарыммен аққала жасадым.

Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысын жүргізген кезде, жаңа қолданылған сөздерге сөйлем ойлап жазумен бірге, сол сөздерді қолданып, 5 жол өлең құрастыруды да тапсырамын.

Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.

Оқушы әрекеті: 1. Өз ойын еркін жазу.

2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.

3. Бірлесе әрекет ету.

4. Өз әрекетін талдау.

5. Өз мақсатын анықтау.

Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.

Мысалы: 2-сыныпта «Ешкімге жауыздық қылма мәтінін өткенде сабақты Топтастыру стратегиясымен бастадым.

ББҮ - Білемін, білгім келеді, үйрендім стратегиясы бойынша жұмыс жүргіздім. Ол үшін тақырыпқа байланысты сұрақ қойылды.

Неге ешкімге жауыздық қылмау керек?

Білемін Білгім келеді? Үйрендім.

Адам адамға ешқашан жауыздық жасамау керек. Әрқашан жақсылық жасауға тырысу керек. Адам адамға не үшін жауыздық қылады? Бай тіленшіге ештеңе бермеді. Ал тіленші байдың басына күн туған кезде, оны аяды.

Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.

Еркін жазу не эссе жазу: «Бай қайыр сұраған адамға еш нәрсе бермеп еді, басына іс түсіп, өзі де қайыр сұрап қалды. Ал кедей оған жамандық тілеген жоқ, керісінше байды аяды» ...

Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.

Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Сонымен ортақ пікірге келсек, шығармашылық- ол таң қалу және танымдық қабілет, белгісіз жағдайда шешім таба алу іскерлігі, жаңалық аша білу және өзі ашқан тәжірибені ұғына білу қабілеті.

Сабақта қолданылған стратегиялар оқушыларыма өздерінің, бір- бірінің ой-¬пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашты.Сонымен бірге ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.

Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.СТО технологиясын қолданып өткізген сабағым































Астрахан ауданы Жалтыр №2 орта мектебі











Shape1

Баяндама















Сын тұрғысынан ойлау технологиясымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту





Семья М.















2017 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі