жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: Сыни ойлау арқылы білімалушылардың сауатты сөйлеуі мен жазуын дамыту.
-
-
-
-
-
-
-
«Колледж транпсорта и
и безопасности жизнедеятельности» МЕМ
жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы
Кабдуллина А.О.
-
-
-
-
-
-
Сыни ойлау арқылы білімалушылардың сауатты сөйлеуі мен жазуын дамыту.
«Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі
жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев.
Сабақ барысында білімалушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы – əлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Қазіргі заманғы педагогикалық технология ретінде ең озық əдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нəтиже шығара білу – əрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының мақсаты: барлық жастағы білімалушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс жəне қазақ тілдерінде мектеп тəжірибелеріне енгізілуде. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни тұрғыдан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау.
«Сын тұрғысынан
ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге
қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя
білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен
тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді
авторлар.
Сыни ойлау –
белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой
елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі
психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам
өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген
жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті
ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға
көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан
басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде
берілмеуі. Білімалушыны
оқытушымен,
сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің
ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей
отырып, қиындықты жеңуге баулитын
бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама жаңа буын
оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде,
балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада
дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп
есептеймін.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі
толықтырған ойлау десек
қателеспеймін.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік
бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі.
Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға
үйретеді.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен
тұрады:
— қызығушылықты ояту;
— мағынаны ашу;
— ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
— оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
— оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
— оқушының белсенділігін ояту;
Мысалы:
Тапсырма түрлері:

1-тапсырма. Суретке тақырып қой.

2 -тапсырма. Кітаптың мұқабасын мұқият зерттеп, мазмұнын болжап көр.

3-тапсырма. Қолшатырдың атынан сөйле. Ішкі ойын жеткіз.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
— жаңа ақпаратпен танысу;
— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс — әрекеті. Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер:
— мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
— инсерт;
— екі жақты күнделік;
— қосымша журнал;
— сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Берілген жағдаяттар арқылы әңгіме құрастырыңыздар:

1.Бурабайдың табиғатын сипаттаңыз.
2. Орман ішінен жаралы киіктің лағын тауып алдыңыз. Осы жағдай туралы жазыңыз. Басқа киіктердің әрекетін сипаттаңыз.
3. Киіктің лағына қандай көмек көрсеттіңіз? Жарақаты жазылғвн лақытың енесі алғысын қалай білдірді. Әңгімелеп беріңіз.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
— қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
— оқылған материалды талдау және қорытындылау.
— тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
— Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
— Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
— өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
— Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады.
— кластер құру
— әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
— түйін сөздерге қайта оралу.
— дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
— рефлексивті сұрақтар
— пікір алмасу.
— шығармашылық жұмыстар
Мысалы, шығармашылық жұмыс
Жағадаят
Еркі достарымен бірге демалыста футбол жарысын тамашалап, демалып қайтты.Бірақ кейбір достарының футбол ойынын тамашалауға мүмкіндігі болмады. Футболға бара алмаған достарына жарыстың қалай өткенін өткен шақта әңгімелеп беріңіз.
Қажетті сөздер: демалыс, достар, футбол, Алматы метросы, Орталық стадион, билет сыйлау, футболға жиналаған жанкүйерлер, ауа-райы.

Футболға қай күні барды?
Кімдермен барды?
Бұл күні ауа-райы қандай еді?
Стадионға қалай жетті?
Футбол қай стадионда өтті?
Стадионға жиналған жанкүйерлер саны көп пе?
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.
2. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.
3. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл.
4. Қасенова С.А. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Алматы қ..

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген