400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Сыныбым - мақтанышым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жалпы орта білім беретін сынып жетекшілерге арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«СЫНЫБЫМ - МАҚТАНЫШЫМ»

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмытылмас сәттері – ұл мектепте өткізген уақыт екені рас. Мектеп –білім айдынындағы үлкен кеме. Ал мұғалім, оның ішінде куратор осы қоғамдық орында баламен, ата-анамен ынтымақтаса байланыста жұмыс жасайтын, бала жанын түсінетін бірден-бір тұлға.

Шынар Талғатқызы да куратор болуды оқушылар ортасындағы қарым-қатынас қуанышына кенелу деп түсінеді. Назарова Шынар Талғатқызы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Қонаев атындағы 44 мектеп-гимназиясында 6 «Д» сыныбының кураторы қызметін атқарады. Шынар Талғатқызының кураторлық қызметті атқарғанына 4 жыл, осы аралықта оқушылары мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық талай байқаулардың, сайыстардың, олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. Атап айтсақ, 2019-2020 оқу жылында:

Хамза Нұрдаулет – III Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» атты өнер мен білім байқауында «қолөнер» жанры бойынша 1-орын, қалалық «Өнер сыры» атты оқушылардың шығармашылық байқауында 1-орын;

Жақсыбай Гүлім – қалалық «Қадыр оқулары» байқауының әндерін орындау бөлімі бойынша 2-орын;

Деменов Диас - III Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" атты өнер мен білім байқауында қолөнер жанры бойынша 2-орын;

Мухтарова Румина – облыстық «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауында Бас жүлдеге ие болып, Республикалық байқауға жолдама алды. Сонымен қатар, Ұлы дала ұландары атты II, III республикалық дарынды және озат оқушылар журналына шықты; Зерделі – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен ҚР талантты оқушылар арасында өткен Мәнерлеп оқу: «Поэзия әлемі» айқауында 1-орын.

Ажғали Алина - Абай атамыздың 175 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар Одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен "Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе" атты бір күндік оқу марафонынан алғыс хат; Зерделі – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен ҚР талантты оқушылар арасында өткен Мәнерлеп оқу: «Поэзия әлемі» айқауында 1-орын.

Жастілек Абылайхан – Олыстық хоккей жарысында командамен 1-орын;

Арманқызы Александра - VIII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған өнер байқауының хореография номинациясы бойынша 1-орын;

Батрашиева Сабина - қалалық каратэ жарысында 2-орын;

Марленов Айбек - «ROBOFEST-2020» атты қалалық робототехника жарысында 2-орын;

Нигметова Дильназ - Республикалық қазақ әдебиеті пәнінен өткен олимпиадада 1-орын;

Қалыбек Бексұлтан - "ҚР Тәуелсіздік" күніне арналған қалалық самбо күресінен 1-орын; Облыстық күрес жарысында 3-орын;

Кисагалиева Медина - Халықаралық өнер байқауында фортепиано бөлімі бойынша Казань қаласында өткен байқауда 1-орын;

Есқали Дидар - бокстан облыстық турнирде 3-орын;

Меңжанқызы Айару – «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мәнерлеп оқу» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық байқауында 3-орын;

Жаманбай Аңсар – Зерделі – Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен ҚР талантты оқушылар арасында өткен Мәнерлеп оқу: «Поэзия әлемі» айқауында 1-орын.

Сыныбын әрдайым мақтан тұтатын Шынар Талғатқызы оқушыларының әлі де алар асулары мен бағындырар белестері алда екеніне үлкен сеніммен қарайды.

Уақытпен бірге қарыштау үшін  үздіксіз өз-өзін жетілдіріп, мақсатқа жету жолында ерінбей еңбек ету қажет. Себебі, бала – бұл сенің ой-қиялың, сенің ерік-жігерің, сенің шабытыңның сусындап өсетін дәні.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі