400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Тәжірибесі аз жас мұғалімдеге әдістемелік көмек тобын ұйымдастыру "

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдіскерлердің тәжірибесі аз жас мұғалімдермен кәсіби мамандығы және әдістемелік шеберліктерін жетілдіруде атқарылатын іс шаралар ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шайхиев Жетек Шапағатович

Атырау облысы, Құрманғазы

аудандық білім бөлімінің әдіскері,

бастауыш сынып мұғалімі

педагог-зерттеуші






Тәжірибесі аз жас мұғалімдеге әдістемелік көмек тобын ұйымдастыру

Егеменді еліміздің жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті білік, дағды қалыптастыру- негізгі мақсаттарының бірі. Бүгін күн талабына сай білім беру мазмұны, мақсаты қайта қаралып, түбегейлі жаңару үстінде. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елде қатарына қосылу бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпаққа ғылыми негізде білім беру, қабілеттерін ашу міндеті туындайды. Яғни, білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің обьективті заңдылығы.

Педагогикалық білім беру мазмұнының теориялық деңгейдегі негізгі жүзеге асырушы педагогикалық әрекет болып табылады. Сондықтан оның негізгі элементін және білім мазмұнының құрлымын:

- Кәсіби білім;

- Білік пен дағды;

- Кәсіби педагогикалық бағыттылық құрайды.

Білім құрылымын біз:

- Пәндік білім;

- Педагогикалық міндеттерді шешуге қажетті тәсілдер туралы білімдер;

- Әдіснамалық білімдер деп бөлеміз.

Сондықтан мұғалімнің кәсіби- дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыру- маңызды міндеттердің бірі. Бұл дегеніміз қалыптастырудың негізі болып табылады:

- Жалпы педагогикалық

- Әдіснамалық

- Теориялық

- Дидактикалық

- Психологиялық білімдер жүйесін меңгерту, үздіксіз білім алуға ұмтылыс, ойлау амалдарының түрлері (анализ, синтез, жалпылау, жектеу, салыстыру, қажеттілікті бөліп алу, т.б.) мәселені айқындау және оның шешу жолдарын іріктей білу деген сөз.

Мұғалімнің оқу- әдістемелік біліктілігінің мазмұны мен құрлымы оның:

-тұлғалық кәсіби сапаларының

- педагогикалық - психологиялық

- пәндік білімділігінен

- практикалық біліктілігінен

- оқытудың технологияларын меңгергендігінен құрылады.

Бұл жерде мұғалімнің дайындығы – кәсіби тұлғалық қасиеттер теориялық дайындығы, практикалық біліктілігі, тәжірибесі, пәндерді оқытуда қазіргі технологияларды қолдана білуге дайындық болып табылады.

Әдіскерлердің тәжірибесі аз жас мұғалімдермен кәсіби мамандығы және әдістемелік шеберліктерін жетілдіруде атқарылатын іс шаралардың мәні өте зор. Өйткені жас ұстаздарды алғашқы кезеңнен бастап- ақ шығармашылықпен жұмыс істеуге, кәсіби шеберлігін жыл сайын арттыра түсуге, олардың бұл бағытта белсенділігін арттыруға ұдайы көңіл бөлініп, бағытталып отырылуы қажет.

Мектеп басшылары бұл бағытта жұмыс жүргізу кезеңінде адамгершілік қағидаларға сәйкес қарым-қатынастың дұрыстық деңгейі орынды дәрежеде болуы шарт.

Сондай-ақ, тәжірибесі аз мамандарға қамқорлық жасап, ұдайы әдістемелік шеберлігін жетілдіре түсуде тәлімгерлерді бекіту сияқты дәстүрлі жұмыстар көптеген мектептерде қолданылуы өз нәтижесін беруде.

Алдымен жас мамандарға арналып жүргізілетін жұмыстардың алғашқы кезеңінде, олардың білімі мен біліктілігін және жеке бастарының дара қасиеттерін анықтауға арналған анкета-сауалдар жүргізілуі қажет

Олардың мазмұны төмендегідей болуы мүмкін:

  1. Жас маманның өз пәні бойынша жүргізілген сабақтардың сапасы, оқушылардың білім деңгейі;

  2. Жас маманның сабақта қолданылатын әдістері, оның сабақ сапасын арттырып, мазмұнының дидактикалық принциптерге сай келуі;

  3. Оқушылардың белгілі пәндердің тараулары мен бөлімдерін қалайша меңгергендіктерін, бақылау, жазба және тестілеу жұмыстары арқылы тексеріп талдау;

  4. Қазіргі кезеңде мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданып жатқан әртүрлі педагогикалық технологияларға жас маманның көз қарасы, оны қолдау және қолдану жөніндегі іс-әрекеттерімен талпыныстары;

  5. Жас маманның кәсіби шеберлігі мен білім деңгейін анықтау мақсатында мектеп ішінде, мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында курстар, семинарлар, тексеру, бақылау жұмыстарының жүргізілуі;

  6. Жас маманның іскерлік қызметін жетілдіре түсуде тәлімгер мұғалімнің үйретуге, шеберлік шыңдауға арналған іс-әрекеттері; а) бірнеше дүркін өз сабағына қатыстыру, тәжірибе алмасу; ә) іс қағаздары: күн тізбе, сабақ жоспары, сыныптан және мектептен тыс жұмысты жоспарлау; б) факультативтік сабақтар, үйірмелер, ғылыми қоғамдар тағы басқа жұмыстарын жоспарлау, жүргізу; в) ата-аналармен, жүргізілетін жұмыстарын жоспарлау, жүргізу.

Жас мұғалімнің сабаққа дайындалу дағдыларын қалыптастыру:

а) Өз пәні бойынша оқу бағдарламалары және оларға арналған түсінік хат және пәнге қойылатын талаптар;

ә) Пән бойынша қажетті қосымша әдебиеттерді жинақтау, картотека жасау, ғылыми журналдағы жаңа зерттеулерге ұдайы көңіл аудару;

б) Пән боыйнша күн тізбесін (календарлық жоспар) жасау, бағдарламалардағы оқушылардың тез игеріп кетуіне қиындық келтіретін оқу материалдарына баса көңіл аудару, қажетті жағдайда қосымша уақыт бөлу (игеруге жеңіл оқу материалдары есебінен);

в) Өтілетін тақырыпқа байланысты көрнекі құрал-жабдықтарды, дидактикалық материалдарды, ақпараттық технологияларды тағы басқаларын реттеп, дайындық сатысына қою;

г) Қажетті жағдайда үздік оқушылармен және оқу материалдарын қабылдауда сыныптың басқа оқушыларына қарағанда қиындыққа жиі кездесетін оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу.

Жас маманды шығармашылық іске бағыттау:

а) Мектептегі ұжым мүшелері мен тәжірибе алмасу;

ә) Баспасөз бетінде мақала дайындауға талаптандыру, жаңалық деп есептелетін ой-пікірлерін ортаға салу;

б) Мектепаралық, аудандық (қалалық) облыстық, республикалық педагогикалық оқуларға, «Ең үздік бастауыш ұстазы» т.б. сайыстар мен байқауларға белсенді түрде қатынасуға ынталандыру.

Сондай-ақ, жас мұғалімді өзін-өзі бақылап, өз ісіне талдау жасай білуге үйрету, олардың түрлерін өзгеріп, мазмұндары мұғалім шеберлігін ұштауға бағытталуы қажет:

а) Жас маман осы мамандыққа дайындығын, оны шын ниетпен атқарып жүргендігін үнемі сезіну керек;


ә)Өзі-өзі бақылауда басқамен салыстыру, тексеру, сынау, іс- нәтижесінде нақта үңілу басымдықта болуы керек;









б) Жас ұстаз жазған мақалаларымен баяндамаларын, өз ісінде қол жеткен табыстарын, шығармашылық деңгейде орындалған заттарын жинақтап жүруге әдептендіру қажет.










Жас ұстаздың өз жұмысын бақылауына алу:

  1. Өз білімін теориялық тұрғыдан байыта түсу. Бұл жерде өз пәні бойынша жеткілікті білімі болып, ол ғылым саласына қосылған жетістіктерді, оның қолдану деңгейін жете білуді талап етеді;

  2. Әдістемелік мәселелерге байланысты әдебиеттерді білуі; Бұл мәселе жүргізудің саналуан жолдарын баяндайтын құралдардың мазмұны мен таныс болуын көздейді;

  3. Жыл сайын әдістік үрдісті жетілдіруге бағытталған істер. Жас ұстаз өз жұмысында әр әдіс-тәсілдің орнымен жұмсалуын есепке алып отыруы керек.

Әдіс-тәсілдерді салыстыра пайдалана отырып, оның тиімділігін анықтау қажет.

Сонымен қатар ұтымдыларын саралап теріп, есепке алып, оны жұмыста орынды пайдалана білу қажет. Түйіндей келе тәжірибесі аз жас маманның кәсіби шеберлігін арттыруда:

  1. Ұстаздың ұлағатты ісінің мәні мен мазмұнын түсіну, оның жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелеудегі қоғамға қажеттілігін, орнын бағалай білу, ұстаздыққа жол іздеу, байқау, зерттеу;

  2. Ұстаздық жұмыста белгілі бір мақсатқа жету үшін теориялық іскерлік шеберлігі тәжірибелеп, оқыту мен тәрбие жұмысының ңақты жолдарын іздестіру;

  3. Шығармашылыққа бағытталған еңбек ету;

  4. Өз тәжірибесін жинақтап көпшілік қауымға ұсыну кезеңдерінен өтуі тиіс.

  5. Жас маман өз ісінің барлық кезеңдеріне талдау жасап, баға беру, әдіс-тәсілдерді сұрыптай біліп, ең таңдаулыларын іс тәжірибесінде қолдануға талпыныс білдіру.

Сонымен, жас маманның кәсіби шеберлігін қалыптаструда оның ынталығы, шығармашылығы, білім-біліктілігі, іскерлік тиянақтылығы болуы көзделеді.






























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қараша
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі