Таңдамалы
курс сабақтары қазақ тілін латын
әліпбиінде оқытудың алғышарты ретінде
Рахимова
Эльмира Ерсалимовна
Қостанай
қаласы, №1 мектеп-лицейі
Осы
жаңа заманда өмір сүріп, білім алу, еңбек
ету, белгілі бір мамандықты игеру, т.б.
адамның белсенді іс-әрекеттері мемлекеттік
тіл мен ағылшын тілінен, оның жазуынан
айналып өте алмайды. Сондықтан латын
әріптері өркениеттің жазуы ретінде
өмірдің өзі талап етіп отырған басты
қажеттіліктердің бірі деп білеміз.
Ағымдағы
жылы мектебімізде «Латын әліпбиіне
көшу- әлемдік үдеріске жақындау» курсының
бағдарламасы Қазақстан Республикасы
Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін
кириллицадан латын графикасына көшіру
туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569
Жарлығында берілген тапсырмаларын іске
асыру,Елбасымыздың «Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық
мақаласында латын әліпбиіне көшу
міндеттерін жүзеге асыру мақсатында
әзірленді.
Жылдық
сағаты – 34, апталық сағаты – 1 (бағдарламалық
материалдар оқуға -32 сағ., шығармашылық
жұмыстар - 2 сағ.) бұл қосымша сабақ сенбі
күні өтеді. Курстың
мақсаты
қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызу,
латын әліпбиіне көшудегі жазу, оқу
сауаттылығын арттыруға ықпалы, жазудағы
сауаттылық әдетте емле, тыныс белгілері
ережелерін білу, меңгерту арқылы
оқушылардың қызығушылықтарын ояту,
дұрыс оқу, жазу талабы.
Курстың өзектілігі
бүгінгі жеткіншек ұрпақ арасында латын
әліпбиіне көшу бастамасы Қазақстанның
рухани болмысы мен қоғамдық ой-сананы
өзгертіп, оны жаңғыртуға зор үлес
қосатынын көз жеткізу, жас ұрпаққа
латын әліпбиіне көшу үшін жағдай жасау,
қазақ тілін латын әліпбиі негізінде
меңгеруге қызығушылығын ояту болып
табылды.
Күнтізбелік-
тақырыптық жоспарды жоспарлау барысында
негізгі төрт бөлімді негізге алдық.
Олар: 1) кіріспе (мақсаты: латын графикасының
қазіргі уақыттағы қажеттілігі) , 2) латын
әліпбіимен таныстыру ( бекітілген
әліпбимен танысу, қазақ тіліне тән
дыбыстарына басты назар аудару), 3)
ғажайып қазақ тілі (оқушылардың латын
графикасында оқу, жазу дағдыларын
логикалық тапсырмалар, тығылған сөздер
арқылы қалыптастыру) ,4) Латын графикасы-
жаһандануға бастар жол. (мақсаты –
қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында
өтетін тақырыптардан алшақтамау, үндес
болу, сөздік қорларын дамыту)
Факультатив
тақырыптарын мысалға келтіретін болсақ,
Otbasyndaǵy dástúrler men merekeler, Mektep ómіrі. Ádeptі
bala - arly bala, Qazaqstandaǵy jan janýarlar men ósіmdіkter
álemі. Бұл тақырыптар ортақ тақырыптарға
негізделген.
Бастапқы
уақытта әр оқушының алдына латын
графикасына негізделген әліпбиді
ұсындық, олар бірнеше сабақ бойы осы
әліпбиге қарап өздерінің оқу, жазу
дағдыларын шыңдады. Сабақтарда оқушылардың
қызығушылықтарын арттыру үшін суретпен
жұмыс , жобалық тапсырмалар, диктант,
тақырып бойынша мәтінмен жұмыс түрлері
сияқты жұмыс түрлері жүргізіледі. Әрине
, барлығы оңай басталды деп айту қиын.
5 сыныпты алған себебіміз , олар рны
ағылшын тілі сабақтарында оқып, жазып
машықтанған. Сондықтан да , оларға
дағдылану тез болады деген шешімге
келдік. Сонымен қатар мектеп оқушыларын
психологиялық жағынан ішкі уәжін латын
әліпбиін меңгерту үшін әр сабақта
бір-екі сөз болсын, әсіресе тән дыбыстары
бар сөздерді жазғызамын.
Сонымен
қатар, оқушылардың аталмыш пәнге
қызығушылықтарын арттыру мақсатында:
-KAHOT платформасында түрлі ойындар; -
«Латын әліпбіинде қазақ тілі»
оқу-әдістемелік кешен; - қазақ тілін
кирилицадан латын графикасына конвертер,
әртүрлі тапсырмалар жаттықтырушылары
қолданылды.
Мектебіміздегі
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің
әдістемелік бірлестігінде атқарылып
отырған жұмыстарды атап кететін болсақ,
ол әр әдістемелік отырыста қарастырылып,
талқыланып отырды. Әр жаңашылдық туралы
хабардар болуға тырысамыз. Қазіргі
уақытта қазақ тілі кабинеттеріне латын
қарпіне негізделген әліпби бойынша
стендпен жабдықталған. Сонымен қатар,
мұғалімдер өз пікірлерімен түрлі
басылымдарда, газет-журналдарда, ғаламтор
желісінде бөліседі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы.
Городкова
Ю.И. Латинский язык. Учебник-6-е изд,
Боровский Я.М ,
Болдырев А. Учебник латинского языка
изд-4
«Егемен
Қазақстан» газеті, 18 қаңтар 2019жыл № 11
(29490) санында «Жаңа әліпби негізіндегі
қазақ тілі емлесінің ережелері»
Ақпараттық көздер