Материалдар / Мақала: Тәрбиелі бала- бақытты болашақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала: Тәрбиелі бала- бақытты болашақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге бала тәрбиесінде байланысты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Тамыз 2020
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы мақтаарал ауданы «Ы. Алтынсарин №26» атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Баяндаманың тақырыбы:

Тәрбиелі бала- бақытты болашақ





Баяндамашы: Иманкулова З.



Тәрбиелі бала- бақытты болашақ

Бала бұл- өміріміздің жалғасы. Балалар дүниеге келсе баршамыз қатты қуанамыз, төбемеміз көкке бір елі жетпей қалады. Оны өміріміздің жалғасы деп білеміз және сол жас ұрпаққа үлкен үміт артамыз. Ал оның басты мақсаты көзі ашық, көкірегі ояу, саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі бұл өте үлкен жауапкершілікті талап ететін және болашағынан зор үмітпен қарайтын дүние. Дана халқымыз керемет жеткізе білген ғой « Тәрбие тал бесіктен» осы бір нақыл сөздің астарына тереңінен үңілсек үлкен мән бар. Бала дүние есігін ашқан күннен бастап, анасының ақ сүтімен және әлди әнімен өседі. Анасы баласына өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерді береді. Өзі жете алмаған армандарымен, белестеріне баласының бағындырып, жеңіске жеткенін қалайды. Баласының жақсы болып өсуіне қолынан келген бар жақсылықты аямайды. Міне бала тәрбиені ең бірінші ата- анасынан алады. Сондықтан баланың алдында әрбір іс әрекетке мұқият болуымыз қажет. Тәртіпке бағынған бала жақсы, саналы бала болып жетіледі. Б. Момышұлы атамыз айтқандай « Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей әрбір балаңызды тәртіпке бағындыра алсаңыз, онда өз баламыздың болашағынан зор үмітпен қарауға болады.

Әрине жоғарыда айтқандай бала дүниеге келгенде ең әуелі ата- анасы қатты қуанып, өз баласына сүйіспеншілікпен қарайды.Сүйіспеншілік құндылығын бойына сіңіре білген бала әрдайым өз ақиқатымен өмір сүреді. Ақиқат бар жерде шындық жүреді. Баланы тәрбиелеуде рухани адамгершілікке, мейірімділікке, қанағатшылдыққа үйрету керектігін ұмытпағанымыз абзал. Бала тәрбиелеуде неге назар аудару керек. Әуелі баланың бойындағы қабілетімен қызығушылығына мән беруіміз қажет. Баламыздың әрбір сөйлеу мәдениеті мен іс- қимылына аса көңіл бөліп, оның өсіп жетілуіне жағдай жасай білсек онда біз дұрыс тәрбие беріп жатқанымызды есте сақтауымыз керек. Сондықтан атам қазақ айтты емес пе; баланы 5 жасқа дейін еркелетіп, 5 жастан 15-ке дейін құлындай жұмса, әрі қарай сырласыңдай болсын дегендей өз балаларымызға дұрыс бағыт бағдар беріп отыруымыз қажет. Балаларымызбен көп тілдесу арқылы оның ойлау қабілетінің дамуына өз үлесімізді қоса алатынымызды ұмытпағанымыз дұрыс. Әрбір баланың өз кемшіліктерін бетіне басып айтып, көңілін қайтарған дұрыс емес. Себебі бала өз ойын ашық айтудан бас тартып, жасқаншақ болып қалады. Өз балаңызбен көп сөйлесіп, сырласу арқылы дұрыс әрекет құндылығын бойына сіңіре аласыз. Бала өз ісін дұрыс әрекетпен жалғастырса онда оның ішкі жан дүниесі тынышталады. Алаңсыз, көңілі таза бала ешкімге қиянат жасамайды. Өз жауапкершілігімен сезініп, өз отбасына сүйіспеншілігін еш уақытта аямайды. Елін, жерін қадірлеп, қастерлейді.

Осы тәрбиеге байланысты бір әңгіме есіме түсіп отыр. Бір топ адамдар бір жиыннан шығып, күбірлесіп, сөйлесіп келе жатады. Сол кезде алдарынан үсті сабалақ қаңғыбас күшік шығады. Сол кезде, бір жігіт шығып, жиіркенішті түрімен мына иттің жаманын- ай дейді, екіншісіде қоштап, өзі сондай лас,сасық дейді. Сонымен көпшілік бір- бірін қолдап, сол күшіктің бойындағы көрген барлық жаман қасиеттерін айтып шығады. Арасынан бір жас жігіт шығып, жоқ бұл күшіктің тісін көрмейсіңдер ма, қандай аппақ, қандай қайратты, ол өзін қорғау үшін бізге тісімен ырылдап жатыр ғой дейді. Сол кезде барлығы таңырқап қайта қарайды. Расында да аппақ тістері өте әдемі, өзіне жарасып тұр дейді.Сонда жаңағы ақылды жігіт айтады. Көрдіңдер ме қандай жағдайда болмасын, қандай нәрсенің болсын бірінші жақсы жақтарын табу керек дейді. Сонда ғана сен ең мықты, ең жақсы адам бола аласың деп жүріп кете береді. Осы бір әңгімені тыңдағанда өзіме ерекше әсер алдым. Шынында да қасымызда жүрген адамдардың қадіріне жете бермейміз ғой. Бірінші оның өзімізге ұнамайтын жақтарын айтады екенбіз. Барды бағалап, оның мінін тергенше, жақсы қасиеттерін таба білейік. Бұл өмірде тек сыйластық қалатынын балаға ұғындырумыз қажет деп ойлаймын. Баланыда жақсы қасиеттерімен мақтанып отырсақ, баланың мерейі үстем болады емес пе?

Міне бала әуелі өз отбасынан осындай құндылықтармен жақсы қасиеттерді көріп өссе онда балаңыздың жақсы адам болып жетілуіне өз үлесімізді қосып жатырмыз. Егер сіз өз балаңыздың болашағына алаңдасаңыз, өз балаңыздың жарқын болашағы сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Жарқын келешек, жас ұрпақтың қолында. Сол жас ұрпаққа мықты тәрбиемен, зор білім керектігін сіз жақсы білесіз. Сондықтан да өз қолыңызда тұрған жас ұрпақтың өмірін жарқын, жақсы болуына аянбай еңбек ету керек.



Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі: Иманкулова Зураш



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!