Материалдар / Мақала. Тәуелсіз елдің шамшырағы- білімді ұрпақ қолында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала. Тәуелсіз елдің шамшырағы- білімді ұрпақ қолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала. «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
485
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

11 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Толыбаева Алия Сейдуллаевна



Тәуелсіз елдің шамшырағы- білімді ұрпақ қолында

«...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»

М. Жұмабаев

Үстіміздегі 2021 жылдың 16 желтоқсанында халқымызды шексіз қуанышқа бөлеген, ата-бабаларымыздың, елім, жерім деп еңіреген қайраткерлеріміздің арманын ақиқат еткен, іргелі ел, егемен мемлекет екенімізді əлемге паш еткен Тəуелсіздігімізге 30 жыл толады.

30 жыл ішіндегі даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер  еліміздің білім беру саласына да айтарлықтай әсерін тигізіп, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Өйткені, қай кезде болмасын, қоғам дамуындағы ең түйінді мәселе- білім беру мәселесі болып қала бермек.

Болашақта тек зияткерлігі мықты ел ғана  бәсекелестікке төтеп бере  алып, өзін-өзі сақтап қалатыны анық қағида.

«Ел болашағы– білімді  ұрпақта». Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа  реформаларды жүзеге асыру ісіне етене араласу қазақстандық ұстаздар алдындағы ортақ кәсіби міндетіміз деп білеміз.

Қазіргі уақыттағы білім беру жүйесіне енгізілген жаңа реформалар Қазақстандық жаңартылған білім беру жүйесі мен тәрбие жұмысының бағыттарын, тұжырымдамасын қалыптастырды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін баянды ету үшін ұлттық құндылықтар, ұлттық тәрбие, халық педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза ұлтжанды азаматтар керек. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі»- деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» деп ойлайтын әрбір ұстаз ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай шығармашылықпен, жаңашылдықпен  сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу - мұғалімнің басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек.

ҚР «Білім туралы» заңында білім берудегі міндеттерінің ішінде ең маңыздысы баланы, жеткіншекті жеке тұлға ретінде қалыптастыру және дамыту туралы айтылады. Мемлекетіміз бәсекеге қабілеті 50 елдің қатарына қосылуы үшін оқушыларымыз дүниежүзілік білім кеңістігінде өз білімі, қабілеті, еңбекқорлығымен өз орнын табу керек.

Өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелесе ғана, ол қоғамның болашақ иесі бола алады. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу- азаматтық парыз. Бұл жолда мектептегі екінші ата – ана деп саналатын педагогтар қауымы аянбай еңбек ету керекпіз. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені баршаға мәлім. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалану педагогика мен психологияны жете біліп қана қоймай, шығармашылықпен, жаңашылдық көзқараспен еңбек етуге  тырысып, ең бірінші жаны таза, рухы биік, адамгершілігі мол, халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу - әр педагогқа жүктеледі.

Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпыазаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұстаз өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игерте түсуі керек.

Сөзіміздің соңында айтар болсақ, еліміз тәуелсіздігінің кемелдену жағдайында білім беру жүйесіндегі негізгі кәсіби борышымыз - ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың алтын дәнін ұрпақ санасына егу арқылы тәлім-тәрбие беру. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Ол себепті заман талабына сай шығармашылықпен, жаңашылдықпен оқыта отырып, тәрбие жұмыстарын жүргізу- мұғалімнің басты жүгі екенін ұмытпауымыз керек.

Қазақстандық педагогтар Мәңгілік Елдің білімді де саналы, сауатты ұрпағын тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру жолында тынбай, аянбай еңбек етіп келеміз. Бүгінгі төгілген маңдай тер ертеңгі өскелең ұрпақтың болашағына жұмсалатын тәлім-тәрбиенің берік діңгегіне айналады.

ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше қазіргі қоғамға ой өрісі дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты да әдепті ұрпақ тәрбиелеу керек екенін, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қалыптастыруға әрекет ету керек екенін бір сәт те естен шығармағанымыз жөн. Тәуелсіздігіміз алдымызда білім алып, тәрбие көрген саналы ұрпақтарымызбен баянды болғай!












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!