400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала Тәуелсіздік-қастерлі тұғырым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: Тәуелсіздік-қастерлі тұғырым! Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең.
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Серікова Гүлдана Бағданбекқызы


Тәуелсіздік-қастерлі тұғырым!


Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. (Нұрсұлтан Назарбаев)


Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне - 30 жыл.  30 жыл - Қазақ елінің дамып, кемелдену уақыты. Отыз жыл ішінде еліміз өз шекарасын бекітіп, рәміздерін асқақтатып, алпауыт елдермен қарым-қатынасын нақтылап , терезесі тең , керегесі кең ел болды. Осы жолдарды жүріп өту барысында еліміз қаншама қиындықтар мен қатар , қуаныштарды бастан өткерді. Мәдениет пен экономика, сауда-саттық дамыды. Қалалар құрылысы жанданып, ел астанасы жаңадан салынды.  Өзінің ішкі туризмі, теңгесі бекітілді. 30 жыл ішінде осындай жетістіктерге жету үлкен мәртебе, мақтаныш.

Жалпы осы тәуелсіз 30 жылды шартты түрде мемлекет басшысы үш он жылдыққа бөліп көрсеткен болатын.

Алғашқы онжылдық белесті еліміздің іргетасын қалау кезеңі деп атап өтіп, жүзеге асырылған шараларға мән береді.

Екінші онжылдыққа Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі деп баға беріп, экономикалық әлеуетіміздің арта түскенін, тарихымызға мән бергендігімізді баяндады. Халықаралық деңгейде атқарылған жұмыстарға тоқталады.

Үшінші онжылдықта еліміздің шаңырағы биіктеп, өсіп-өркендеп, мерейлі мемлекетке айналғандығымыз.

Сонымен қатар, алдағы төртінші онжылдықтың жүктейтін міндет те белгілі болды: қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Қуатты ел болуымыз үшін экономикамыз және қауіпсіздігіміз мықты болуы керек екендігі анық. 

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.03.2022
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі