жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала: "Тәуелсіздік тұғырым" Туелсіздіктің 30 жылдығы
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы
« Ж.Нұрлыбаев атындағы № 49» ЖОМ
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тулеуова Айгул Конратовна
«Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбилеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орынларына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»
Н.Ә.Назарбаев.
Тау етер тәуелсіздікке қол жеткен соң ұлттық мәдениет пен ұлан – байтақ дәстүрді тануға ұмтылыс басталды. Ұлттық дамудың семіп қалған тамырына қайта нәр құйылып, өркениеттің тәжі тұғырға қонды. Өткенді мұ- қият зерделемей келешектің кемелденбесін ұқтық. Мемлекетіміздің тарихи бастауларына сапар шегіп, құс қанаты талатын Ұлы даланы қорғап қалған бағзы бабаларымызға тағзым жасадық. Сол тиекті тағылымға «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы мұрындық болды. Бұл тәуекел ел мүддесін көздеген ең ұлы оқиғалар шеруіне ұласты. Тасқа қашалған тарих та, көне –көздерден жеткен дәйекті дерек те ерте заманның өзінде қазақ жерінде іргелі мемлекет болғандығын әйгілеп қана қоймай, оның өз уақытына лайық шаруашылығы, терең мәдениеті бар екнін көрсетті. Ешкімге дес бермеген ешнәрсеге мойымаған халқымыз бертінде тап болған бодандықтың бұғауынан босап еркіндік туын қайта қолға алды. Ендеше бұл бағытта аңсап жеткен азаттықтан ажырай алмасымыз анық. Бірлігі бар елдің іргесі берік болатынын ілгері заман әйдіктеді. Біз жаңа дәуірдің табалдырығын еңсемізді көтеріп аттадық.
1
Тәуелсіздігімізді табандап отырып, айдай әлемге таныту барысында атқарылып жатқан ұшан – теңіз міндеттердің бар екенін хабардар болдық. Бұл орайда тағы да Елбасының еліне ұсынған еңбегін, оның идеялық бірлік хақындағы тұжырымдамаларын баса айтуға тиіспіз.
« Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекет- тің жаңа саяси бағыты атты жолдауы аясында оқушыларға патриоттық тәрбие беру » . Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұршылыққа Жолдау арнап, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқын- дады. Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өтіп, ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарына айқындайтын Жолдаумен ашылды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм » таралуына айырықша тоқталдық. Еліміздің барлық азаматтары ұлтына , нісіліне қарамастан тең құқылы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі де ортақ екенін ерекше атап өтуге болады. Қазақстандық патриотизмнің іргетасын қазақ елінен жайлы қоныс тапқан 130 – дан астам ұлттың бірлігімен берік қалыптастыруымыз керек. Ұлт көшбасшысыбұл орайда, халықтар бірлігі мен татулығын бірінші кезектен түсірген емес. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев жаңа Жолдауында: «Егер мемлекет әр азаматтың өмір спапсына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болаша- ғына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады... Әрбір қазақстандық би- ліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс» делінген. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.
2
Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М.Дулатов «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады», - деген болатын.
Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнағанЖолдауында жаңа қазақстандық патриотизм туралы: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматыт ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әр бір азаматы өзін өз жерінің қожа- сы сезінуге тиіс» деп патриотизм мәселесіне жан –жақты тоқталып өткен. Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, тұған жеріне адалдық, өз еліңнің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отаныңның бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата – бабаларың мен Отаныңныңтарихына құрметпен қарау, сондай – ақ өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау - бұлардың барлығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. Жастардың бойына жоғары патриоттық сезімді және Отанына деген адалдықты қалыптастыру қажет. Ол үшін әр адам өз Отанына мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Парасаттық қоғам құру, қазақстандық балалардың тәрбиесін қалыптастыру - әрбіріміздің қасиетті парызымыз болуы тиіс. Патриотизм – Отанға деген іңкәрлік , өз халқының
3
табыстарына, жерінің игілігіне қуана білу болса, «қазақстандық патриотизмнің» ерекшелігі қандай? Біздің көзқарасымыз тұрғысынан алынғанда, ол тек қазақтардың ғана емес, осынау кең – байтақ кеңістікті мекендейтін барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ тілегі – өз елінің тағдырына құбалжуы, жанашыры болуы жалбарынып сүйгізі алмайсын. Елтжандылық тұған жерге деген құрмет – әркімнің дербес парызы, ар-ұятының ңсң. Ол ана құрсағын жарып шыққан пенденің пешенесңне бңрден ұялай қалмайтына тағыда ақиқат. Патриотизм – санаға біртіндеп қалыптасатын , тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім. Әр кімнің ортасына, қалыптасқан қоғамына қарай түрліше дамып, алуан сатылы деңгейде болатын, үнсіздік тәрбиенің жемісі.
Патриотизмнің ең алғашқы шарты- мемлекеттік рәміздерге- туға, елтаңбаға,әнұранға құрмет. Өйткені, оларда халқымыздың өткен өмірі тарихы, бүгңнгң игңлңктеріміз, болашақ мақсаттарымыз айшықталған.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері баларлың, жасөспірімдердің оқу- тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу- тәрбие ісінде назар аударып отырған тәрбие саларынығ бірі- патриоттық тәрбие. Қазақстан Республикасы көп ұлтты іргелі ел. Интернационалдық және патриоттыққа тәрбиелеу – күрделі педагогикалық үдеріс. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жету қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады. Жас жеткіншіктерді Отанын сүюге тәрбиелеу бір кезеңдік іс емес. Интернационалдық және патриоттық тәрбиені қалыптастыру процесінің өз идеологиясы және айқын жүйесі. Мектептерді жас жеткіншіктерге Отанын
сүюге тәрбиелеу. Қазақ халқының батырларының өмірі мен ерліктерін олардың туған жерін жауларынан қаймықпай қорғағандығын баяндау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан батырлары мен танымал тұлғалары көп ел екені дауыссыз. Ал оларды тәрбие беру құралына айналдыру елтану бағытында жасалған оңды шара.Мысалы, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Ертарғын батыр, Ер Көкше батыр, Баян батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай, Райымбек батырлар. Тарихты бағалау жастарға Отан қорғаудың үлгілі жолын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан ұстаздар Қазақстан патриотизмнің арттыруды өз дәрістері мен ізденістерінде басты назарда ұстауы тиіс.
4
Жас жеткіншектерді Отанын сүюге тәрбиелеуде ақын, жыраулардың тағылымдарын оқытудың мәні зор. Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірімдердің жаны мен қоса тәнінің шынығуына, елі мен жерін жан тәні мен сүйіп, осы қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғайтын жаужүрек батыр болғанын аңсайды. ХІХ ғасыр 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ақын және батыр Маханбет Өтемісұлы мен оның жерлесі Исатай Таймановтың ерліктері елі үшін күресуде және туған халқына қызмет етуде интернационолдық және патриоттық тәрбиенің жарқын үлесі бола алады.
5

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген