400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала "Тәуелсізідік-ел тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Биыл елімізге елеулі дата Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жазылған авторлық материал Бұл мақалада мектебімізде Тәуелсізідктің 30 жылдығына ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат жаздым
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Тікқайың негізгі мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі

Султангалиева Самал Мергенбайқызы




Мақала

Тәуелсіздік - ел тірегі


Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Биыл еркін ел болғанымызға отыз жыл.

Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекетінің, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы ұмтылған бостандықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарихи тұрғыдан бағамдасақ, отыз жыл – аса көп уақыт емес. Десе де, жұртымыз аз уақыт ішінде әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, халықаралық қауымдастыққа қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Осы мерзім аралығында қазақ халқы саяси және экономикалық даму бағытын дербес айқындай алатын қарымы мен қабілетін дәлелдей білді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы - өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Биыл әйгілі желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады.

1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Биыл, яғни 2021 жылы қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам бастық. Бұл – баршамызға ортақ өнегелі өлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт.

Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз деген ниетте мектебімізде (Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тікқайың негізгі мектебі) Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 қайырымдылық іс» акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға сай 2021-жылдың қаңтар айынан бастап желтоқсан айына дейін бір жылдық жоспар құрылып, жоспарға сай жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, «Біз біргеміз!» атты іс –шара аясында медициналық маска тігіп, тұрмысы төмен оқушыларға таратылды. «Жылы жүрек – жомарт қол» деген тақырыппен өткен іс –шара аясында аз қамтылған,көпбалалы отбасыларға материалдық кемек қолын созу. Сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйла!» мектеп кітапханасының қорын көбейту мақсатында мұғалімдер арасында акция ұйымдастырылды. «Тәуелсіздік құрдастары» тәуелсіздік жылдары туылған азаматтар жайында бейнеролик дайындау сияқты мектебімізде ауқымды шаралар өтті.

Аталмыш іс-шараға мектеп ұжымы мен оқушылар белсене қатысуда. Бұл дегеніміз - өскелең ұрпақтың Отансүйгіштік пен еліне деген сүйіспеншілігін нығайтып, патриоттық сезімін арттыруға жасалып жатқан оң іс. Ерекше атап өтпесем тағы болмайды, оқушыларды тәрбиелеу бағытында отбасы мен ата- анадан кейін біздер, мұғалімдер қауымы ойып тұрып орын аламыз. Алдымызға келген әр оқушыға елін,

жерін, Отанын, тілі мен өткен тарихын оқытып, оны қастерлеп,құрметтеуге баулу- біздің басты мақсат пен асыл міндетіміз.

Тіл маманы ретінде қазақ тілінің құндылығын танып, мәртебесін қадір тұту – парызым деп білемін. Себебі, тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Жоғарыда атап өткенімдей, биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына отыз жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда қоғамда тіл туралы оңды көзқарас қалыптасып отыр. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды.Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз болатын басты тіректердің бірі болып табылады.




Телефон: 87753020992




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 қараша
352
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі