Материалдар / Мақала "Тілім барда айтылар сыр ойдағы..."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала "Тілім барда айтылар сыр ойдағы..."

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тіл" мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2020
279
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тілім барда айтылар сыр ойдағы...»


Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,
       Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесіне орай Облыстық жасөспірімдер үйінде «Тілім барда айтылар сыр ойдағы...» тақырыбында өткен тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұрасы екендігін тәрбиеленушілер бойына сіңірілді.

Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген.

Тәрбие сағатының ерекшелігі мекеменің өзге ұлт тәрбиеленушілері түрлі ақындардың өліңдерін мемлекеттік тілімізде, қазақ тілінде оқыды. Атап айтсақ, Земницкая Инна, Джумагазиева Татьяна, Плотникова Виктория, Овчинникова Александра, Саргулов Жалғас тақырыпқа сай өлеңдерді мәнерлеп, нақышына келтіріп, жатқа айтып шықты.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін асқақтатуымыз қажет деп білемін.


Башигулова С.А.

«Астана» көпсалалы колледжінің

Қазақ тілі және әдебиетінің оқытушысы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!