Түркістан облысы, Жетісай ауданы ауданы
«М. Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кокишова Роза Сарсеновна
Ержанова Мадина Сейтовна
«Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат»
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрі мен салт-санасы – ұлттың рухани тірегі, мәдени мұрасы. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы ұрпақ тәрбиесі жүзеге асып отырған. Осы орайда, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу – білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта «М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Даналық мектебі» клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру, ата-баба мұрасын дәріптеу.
Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар қазақ халқының озық дәстүрлерімен танысты.
1-сынып оқушылары тақпақтар айтып, ұлттық әндер орындады. Сонымен қатар, «Қолға су құю» дәстүрі сахналық көрініс ретінде көрсетіліп, мағынасы кеңінен түсіндірілді.
Ауыл ақсақалдары мен әжелері тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтып, салт-дәстүрдің өмірдегі орны туралы өз көзқарастарын білдірді. Іс-шараға арнайы шақырылған Жетісай ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері – С.Леспаева мен «Сәулем-ай» әжелер алқасының төрайымы С.Әзімбекова қатысып, өз баталарын берді.
Шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ұлттық құндылықтар туралы мол мағлұмат алып, рухани байып қайтты. Ата-аналар мен қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай тәрбиелік шаралардың маңызын ерекше атап өтті.
Қорыта келе, «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат» атты тәрбиелік іс-шара жас ұрпаққа ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеудің, ұлттық болмыс пен мәдениетті бойына сіңірудің жарқын үлгісі болды. Мұндай мазмұнды шаралар – рухани жаңғырудың бір тармағы ретінде болашақта да өз жалғасын табатыны сөзсіз.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мақала: «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат»
Түркістан облысы, Жетісай ауданы ауданы
«М. Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Кокишова Роза Сарсеновна
Ержанова Мадина Сейтовна
«Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат»
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүрі мен салт-санасы – ұлттың рухани тірегі, мәдени мұрасы. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы ұрпақ тәрбиесі жүзеге асып отырған. Осы орайда, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу – білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі.
Осы мақсатта «М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Даналық мектебі» клубының жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру, ата-баба мұрасын дәріптеу.
Іс-шара барысында оқушылар мен ата-аналар қазақ халқының озық дәстүрлерімен танысты.
1-сынып оқушылары тақпақтар айтып, ұлттық әндер орындады. Сонымен қатар, «Қолға су құю» дәстүрі сахналық көрініс ретінде көрсетіліп, мағынасы кеңінен түсіндірілді.
Ауыл ақсақалдары мен әжелері тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтып, салт-дәстүрдің өмірдегі орны туралы өз көзқарастарын білдірді. Іс-шараға арнайы шақырылған Жетісай ауданы ардагерлер кеңесінің мүшелері – С.Леспаева мен «Сәулем-ай» әжелер алқасының төрайымы С.Әзімбекова қатысып, өз баталарын берді.
Шара жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ұлттық құндылықтар туралы мол мағлұмат алып, рухани байып қайтты. Ата-аналар мен қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай тәрбиелік шаралардың маңызын ерекше атап өтті.
Қорыта келе, «Ұлттық дәстүр – ұрпаққа аманат» атты тәрбиелік іс-шара жас ұрпаққа ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеудің, ұлттық болмыс пен мәдениетті бойына сіңірудің жарқын үлгісі болды. Мұндай мазмұнды шаралар – рухани жаңғырудың бір тармағы ретінде болашақта да өз жалғасын табатыны сөзсіз.

шағым қалдыра аласыз


