400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала: Ұлттық тәрбие - адамзаттық құндылықтың бастауы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін_________

Өзiн-өзi тану сабағаының жоспары

Мектеп: Қазақ орта мектебі

Тақырып: Адамзаттың рухани байлығы № 31-32 сабақ

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық,сабырлылық,қарапайымдылық,ізгілік

Сынып 1 –сынып

Мерзiмі:

Мұғалiм:Бөртебаева Шынар

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адам жан дүниесінің байлығы туралы түсіндіре отырып,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-адам жанының тазалығы туралы айта отырып,адалдықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.

-оқушылардың бойында сабырлылық,қарапайымдылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.

-оқушыларды ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Оқулық,дәптер, дәйексөз,үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т


Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Сабақ

барысын талқылау:

Талап

Тәртіп

Тыныштық

Тазалық

Татулық

2.Үй тапсырмасын тексеру. Бір күйдің тарихы

-Әңгімеден қандай құндылықты көре алдыңдар?

- Адамның рухани әлемі мен жан сұлулығы қаншалықты байланысты?

-«Қазақ деген кім?Домбыра деген не?» деген сұраққа өзің қалай жауап берер едің?

-Өзің домбыра әуенднрімен,күй тыңдағанды ұнатасың ба?Сені олар қаншалықты әсерге бөлейді?Әңгімелеп беріңдер.

-Халық өнерінің бай мұрасы келешек ұрпақ тағдыры үшін қаншалықты маңызды деп санайсың?Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

-Адамның рухани әлемінің баюына қандай қасиеттер себеп болады?


Ахмет Жұбанов

122 бет

3.Дәйексөз

Атамұраң-асыл қазынаң.

Дәйексөзді үш оқушы оқиды және жалпы сыныпқа хормен үш рет дауыстап оқиды.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Дәйексөзден қандай ой қорытуға болады?

Халық даналығы

4.Мұғалімнің сыйы. Өсиет әңгіме

Бірде бір адам үлкен, жаңа үй сатып алады. Оның бақшасында толған жеміс ағаштары. Сәнді үйдің жанында қызғаншақ көршісі болады, ол үнемі жаңадан көшіп келген көршінің көңілін бұзу үшін түрлі әрекеттер жасайды. Бірде жаңа үйдің қожайыны есігін ашса, бір шелек қоқысты көреді. Оны көршісі әкеліп қойған екен, сонда үй қожайыны шелектегі қоқысты төгіп, оның ішін тазалап жуып, баудан піскен ең үлкен алмаларды шелекке салып, көршісіне алып келіп, есігін қағады. Ал, көршісі есігін ашып, өзінің шелегі мен алманы көтерген оны көріп, абыржып қалады. Сонда жаңа көрші: «Әркім өзінде барымен бөліседі»,- деген екен.

Сұрақтар:

-Өсиет әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

-Бірінші көрші мен екінші көршінің жан дүниесінен нені көре алдыңдар?

-Адамның жан дүниесі қандай қасиеттері арқылы сыртқа көрініс береді екен?

-Екінші көршінің әрекетінен қандай құндылықтарды көруге болады?


7-сыныптарға арналған Өзін-өзі тану оқулығынан

5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:

Оқушыларға «Өнер-өмірдің мәні,өйткені.....»

«Өнер-өмірдің сәні,өйткені....» деген ойларды,ары қарай өз ойларымен өрнектеп аяқтау тапсырылады. (постер арқылы)

2-тапсырма:

Берілген сөзтізбекті дұрыс шешіп,Абайдың өнер туралы қанатты сөзін табу.

1-сөз: Өнерлі адам

2-сөз: Шартты рай тұлғасындағы етістік (2-жақ)

3-сөз: Туынды етістік.

3-тапсырма:

«Ақын болу шарт емес,азамат болу-парызың»-деген Н.А.Некрасовтың ойын өз ойларымен қорытындылап,көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау әдісі арқылы талдаулары ұсынылады.

4-тапсырма:

«Менің рухани бейнем» тақырыбында эссе жазу тапсырылады.




Топтық жұмыс







Жеке,дәптермен жұмыс

6.Топпен ән айту. Домбыра туралы баллада

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің,жүрегінің,жүрегінің дүрсілі-

Күмбірлеген домбырасы барында.

Қайырмасы:


Бабамыздың мұңысың сен домбыра,

Анамыздың сырысың сен домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен,домбыра!


Домбыра бұл,үнсіз қалып көрмеген,

Қуаныш та,қайғы-мұңда кернеген.

Үзіледі,үзіледі,үзіледі әуендер

Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Сөзін жазған:

Шөмішбай Сариев

Әнін жазған: Кеңес Дүйсекеев

7.Үй тапсырмасы. Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Тәмсіл

131 бет,түсінік

8.Соңғы тыныштық сәті.


Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі