«Ерлікке
мың тағзым!»
«Неменеңе
жетістің бала батыр,
Қариялар
азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр» -деп
Мұқағали Мақатаев айтып кеткендей
биыл Ұлы Отан соғысына 75 жыл. Елді қан
қақсатып, зарлатып өткен 5 жыл бар
адамзаттың тарихына үлкен орны толмас
қасірет әкелді.
Майдан
даласында 600 мыңнан астам қазақстандық
қаза тапты. Соғыста қаза тапқандардың
саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр
сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер
бойынша, адамзат тарихындағы бұл ең
зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес
азаматтарының өмірін қиды. 1 710 қала және
70 мыңнан астам село-деревнялар, 31 850
өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым
темір жол, 4 100 теміржол стансасы, 36 мың
пошта-телеграф мекемесі, телефон стансасы
және басқа да байланыс бекеттері
жермен-жексен болған немесе жартылай
қираған. 40 мыңдай аурухана немесе басқа
да емдеу мекемелері, 74 мың мектеп,
техникум, жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу
институттары, 42 мың кітапхана және басқа
да көптеген нысандар жойып жіберілген,
тоналған.
Әрбір төртінші қазақстандық майданға
атттанып, неміс фашистерімен жан аямай
айқасты. Соғыстың алғашқы күндерінен
бастап жұдырықтай жұмылып, сүбелі
жетістіктерге қол жеткізді.
Ұлы
Отан соғысы, ондағы Жеңіс талай адамдардың
тағдырын күрт өзгертті, талай жанның
өмірін үзді.
9 мамыр – фашизмді
жеңген қаһарман халқымыздың мереке
күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін
қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар
мен жесірлердің жүрегі осыдан 75 жыл
бұрынғыдай сыздайды. Бұл күні
жеңімпаздардың, олардың балаларының,
немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен
лүпілдей соғады! Ешқашанда жауынгер
ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан
еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды.
Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың
сақтап қалған байтақ жеріміз бүгінгі
күні дүние жүзі таныған, әлем мойындаған
мемлекет болып қалуы біз үшін үлкен
мақтаныш, жетістік. Бүгінде біздің
азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты
Отанын сүюге, елінің, жерінің адал
патриоттары, достық пен бірлік туралы
түсінік беру арқылы отансүйгіштікке
тәрбиелеу. Қазір Республикамыздың дүние
жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің
бірі болып, ең бастысы, елімізде
бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып,
халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір
сүріп келе жатуы - тұңғыш президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың адал
да ұтымды тактикасының, үлкен парасат
пен биік талғамының арқасында. Сондықтан
біз, ХХІ ғасыр жастары, осындай байтақ
елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз!