Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мақала Ұстаз-ұлы есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебіміздің зейнеткер ұстазы туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаз ұлы есім

Рисунок 5 «Ұстаз-ұлы есім», - деп М .Әуезов атамыз айтқандай, ұстаз болу шын мәнінде үлкен мәртебе. Ұлы есімге лайық , мектебімізде өмірін, бойындағы бар білімін 34 жылғы ұстаздық жолында аямай шәкірт бойына сіңіріп келе жатқан ардагер ұстазымыз, Бейнеу ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бекжанова Нұрлықыз Мұханқызы.

Білікті ұстаз атанған Нұрлықыз Мұқанқызы Гурьев педагогикалық институтын 1980- жылы ойдағыдай аяқтап, Батыс Қазақстан темір жолына қарасты орыс-казақ №86 мектебінде 9 жыл жұмыс жасаған.

1989- жылы жолдасының жұмыс бабымен Бейнеу ауданына ауысып келіп, еңбек жолын жалғастырған. Бүгінде аяулы жар, ана атанған ұстазымыз 4 баланы дүниеге әкеліп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып немере сүйіп отыр. Отбасы мен мектеп жұмысын қатар алып жүрген, тәрбие мен білімін беруде ұстазымыздың еңбек жолындағы жетістіктері де аз емес.

1992 жылы Бейнеу аудандық білім беру бөлімінің мақтау қағазымен марапатталса, 2010 жылы мектепішілік Құрмет грамотасымен және 2011жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұстазымыз бар жиған білімін шәкірт бойына дарытып, оқушылардың жан-жақты дамып, үлкен азамат болып өсуі үшін тынбай еңбек етіп келеді. Аудандық, облыстық олимпиадаларда жүлделі орын алған шәкірттері қазіргі таңда еліміздің түкпір- түкпірінде жақсы қызмет орындарында отыр.

Осы білім саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп биік-белестерден өткен жігерлі ұстазымыз Нұрлықыз Мұханқызына алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.Осы қалпыңыздан таймай асулардан асып, мықты денсаулықтың арқасында отбасыңыздың ортасында бақытты да баянды ғұмыр кешуді тілейміз.

Алдағы келе жатқан төл мерекеңіз құтты болсын! Шәкірттеріңізге сапалы білім мен саналы тәрбие беруден жалықпаңыз дегім келеді.

Ізгі тілекпен,

Даметкен Тлеулиева

Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин орта

мектебінің география пәні мұғалімі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
735
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12