жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мақала. "Ұстаздардың нағыз ұстазы" Бектай Шәмшәт Ілиясқызы
Қазақстан Республикасының білім беру саласының бүгінгі күнгі басты міндеттерінің бірі – жас ұрпаққа терең білім беру. Ал оның негізі мектептегі оқыту үдерісін жақсарту үшін білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептің ең алғашқы сатысы мектепалды даярлық топтарынан бастау алады. Баланың білімге деген қызығушылығын оятып, талпынысын арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені айтпаса да түсінікті.
Сондықтан мұғалімнің білім берудегі көзқарасын өзгертіп, жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру стандарты оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияны міндеттейді.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшкенге дейін мұғалім өзі мақсатқа жету жолында еңбектенетін. Ал қазіргі уақытта бала мақсатқа жету үшін жұмыс жүргізу маңызды болып отыр.Әрбір ҰОҚ-дегі көзделген мақсаттың SMART болып жоспарлануы да 5-6 жастағы балалардың нәтижеге жету мүмкіндігіне басымдық береді. Себебі өз ойын ашық айта алатын, сөзін ісімен дәлелдеп көрсететін, командада жұмыс жасай алатын, топты басқара алатын, сыни ойлап, креативті ойларды ортаға салатын, алдына қойған мақсатына табандылықпен жете алатын баланың қалыптасуы қазіргі қоғамға қажет болып отыр. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп ақын Абай жырлағандай, өзіне ұнайтын іспен айналысатын, өз мамандығын жан-жақты жақсы меңгерген мамандарды даярлаудың іргетасын қалайтын да мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері. Бұл білім беру салалары бойынша баланың іс-әрекетін бақылап,саралау жүргізіп жетелеудің,қолдау көрсетудің,сенімділік ұялатудың нәтижесінде іске асады.
Мектепалды даярлық сыныбында жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыруды тиімді ету жауапкершілігі мектепалды даярлық мұғалімдеріне жүктеліп отыр.
12 жылдық білім берудің ең алғашқы сатысында тұрған балалардың бойындағы заман талабына сай рухани және адамгершілік құндылықтарды дамытып қалыптастыру арқылы өмірге бейім баланы дайындау қажеттілігі туындап отыр.Сондықтан ғұлама ғалым М.О.Әуезов айтқандай «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі-ниет керек, одан соң –күш керек, одан соң-тәртіп керек» екенін сезініп әрекет етсек мақсатқа жетеріміз анық.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуда қол жеткізілген нәтижелерден гөрі, әрбір баланың ойлау, жасау, сезіну, бейнелеу және эмоцияларын көрсету қабілеттерінің дамуы маңыздырақ болып табылады. Баланың оқуға деген құштарлығын ояту үшін оқу- процесін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша құрастырылған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі білім берудің ескі мазмұннан жаңартылған мазмұнының айырмашылығы -баланың шынайы белсенділігі, ересектермен бірлесе әрекет етуі, өзіндік оқуы, баланың қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуінде.
Баланың бойында 4К моделі дамыған болса, бала үні тыңдалса,өз ойын ашық жеткізе алатын сенімді тұлға дамиды. Әдіс-тәсілдер тиімді таңдалып, іс-әрекет барысында балаларды бақылау жан-жақты жүргізіліп, тапсырмалар сараланып берілсе, бала-тәрбиеші-ата-ана арасында ынтымақтастық орнап «тұтас бала» бейнесін жасап шығарарымыз анық.
Осы орайда Шымкент қаласы Педагогикалық шеберлік орталығының басшылығы мен тренерлеріне алғысым шексіз.Әсіресе тренер Балтабаева Раушан Тұрсынбайқызына ризашылығымды білдіргім келеді. Ол - өте білімді ұстаз, шыншыл әріптес, өз ұлтының, ана тіліміздің нағыз жанашыры, мейірімді, адамгершілікті ту етіп ұстаған ұстаздардың ұстазы. Ол жүргізген әрбір сабақ тек жаңа білімді меңгеру ғана емес, сонымен қатар жалпы педагогикалық әдіс-тәсілдерді жан-жақты үйретумен жалғасты.
Осы орайда әріптестерімнің педагогикалық шеберлік орталығының тренері Раушан Тұрсынбайқызына жазған хаттарынан үзінді келтіргім келіп отыр.
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Ә.Молдағұлова жом МАД сыныбының мұғалімі Әлжанова Қаракөз : Осы уақытқа дейін баланың тек білім алуына ғана көңіл бөліппін. Ал өмірде қолдана алмайтынына, қиындықпен бетпе-бет келе алмайтынына назар аудармаппын. Курс барысында балаға, ата-анаға тиімді кері байланыс беруді үйрендім. Оның қажеттілігін терең түсіндім. Осы курсқа келгеніме қуанып отырмын.
Түркістан облысы, Шардара ауданы, №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп мұғалімі Сарыбаева Дина : Сіздің берген біліміңіздің арқасында белсенді оқу әдістерін мақсатқа сай беруді үйрендім.Үлгілік оқу бағдарламасымен дұрыс жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екенін білдім.Өмірге бейім баланы дайындау баспалдағында 4К моделінің қаншалықты тиімді екендігін түсіндім. Сізге алғысым шексіз. Бізге жүргізген дәрістеріңізді де үнемі күнделікті өмірмен байланыстырып, өте шебер, қазақтың бала тәрбиесіндегі алатын орны бөлек мысалдармен жеткізе білдіңіз.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, С.Сейфуллин жом мұғалімі Әбілдаева Гүлнара : Маған сіздің байсалдылығыңыз, әрбір білім алушыларыңызға сабырмен берген біліміңіз, нәтижеге жеткізу үшін аянбай еңбек еткеніңіз ұнады. Сізден үлгі алдым. Раушан Тұрсынбайқызы, сізге және мұғалімдердің алаңсыз білім алуына бар жағдайды жасап отырған Педагогикалық шеберлік орталығының басшысына, әкімшілігіне үлкен алғысымды білдіремін.
Шымкент қаласы №51 жалпы орта мектеп мұғалімі Усюпбекова Айгерім : Біз сізден тек білім алып қана қоймай бір-бірімізге қолдау көрсетуді, әдіс алмасуды, командада жұмыс істеуді үйрендік, рухани азық алдық.Бір отбасының балаларындай бауыр басып қалыппын, қимастық сезімімді де білдіргім келеді. Келешекте мектепалды даярлық топтарына арналған курстар тағы да ұйымдастырылып тұрса деген тілегімді жеткізгім келеді.Алған әсерім керемет! Педагогикалық шеберлік орталығының басшысы Калгинбаева Жанар Сейтімбетовнаға, тренерім Балтабекова Раушан Тұрсынбайқызына, барлық әріптестеріме шынайы алғысымды білдіргім келеді.
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Ж.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі Жарасова Күлжан: Денсаулығым сыр беріп, қиналып жүргеніме қарамастан осы курсқа келгеніме қатты қуандым. Маған тренерімнің білімділігі, мейірімділігі, тапқырлығы, шешендігі, ұйымдастыру қабілетінің жоғары деңгейде екендігі ұнады. Бала үнін тыңдаумен қатар әр баланың жеке тұлға ретінде өз ойын ашық айтуына ықпал жасап, қателік жасаса да өз қатесінен оңтайлы нәтиже шығаруына қолдау көрсету керек екен.
Қорытынды ретінде айтарым, сізден жеке тұлға ретінде көп нәрсені үйрендім. Сіздің тобыңызда оқығаныма ризамын. Еңбегіңізге шығармашылық табыс, деніңізге саулық, тыңдаушыларыңыз көп болуын, отбасыңызға амандық тілеймін. Сіздің ұстаз ретіндегі шеберлігіңіз бен ұлтқа деген жанашырлығыңыза тәнті болдым. Болашақ ұрпақтың қамын ойлайтын, ұлттық құндылықтарымызға баса назар аударатын ұстаздар көп болса екен деймін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген