400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Ы.Алтынсарин шығармаларының өміршеңдігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала Ы.Алтынсарин шығармалары жайында жазылған. Ұлы педагогтің бала тәрбиесіне қатысты шығармалары өмірдің шынайылығын көрсетеді. Еңбекқорлыққа тәрбиелеп, оқушыға тәлім-тәрбиенің негізін көрсетеді
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Мамраева Жұлдыз Амантаевна

Ы.Алтынсарин шығармаларының өміршеңдігі

Қазақ әдебиеті тарихында жастарға білім мен тәрбие беруде орасан еңбек етіп, елеулі жемісін берген ұлы ағартушылар аз болған жоқ. Оқу-тәрбие жұмыстарына белсене араласып, өзіндік іс-тәжірибесін халық арасында кеңінен қолданған зиялы қауымның алдында әрине ұлы педагог Ы.Алтынсариннің орны бір бөлек. Қашанда жаңа істің бастамасында көптеген қиыншылықтарға тап болып, еш мойымай балаға деген жүрек жылуының, ыстық шапағатының, білімділігінің арқасында үлкен нәтижеге қол жеткізген ұлы ұстаздың өмірі мәңгі шырақ болғаны анық. Кемеңгер ұстаздың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік ұсыныстары өмірлік тәжірибеден алынған, терең мағынаға, озық идеяға құрылған. Ұлы педагогтың ізгі ойлары мен педагогикалық тұжырымдары, оның ішінде оқушы жастарды имандылыққа тәрбиелеу тәсілдері мен жолдары терең мазмұнда айтылған. Себебі, парасатты педагог «мектеп-әр шәкірттің қабілетін дамытып, қамқоршы-жасампаз тұлға тәрбиелеу міндетін атқаруы тиіс» екендігін барлық іс-әрекетімен тамаша дәлелдеп берді. Ал мұғалімнің бойында адамгершілік мінезді, әдептілікті, имандылықты қалыптастырып, мейірімсіздікке жол бермеу керектігін барлық еңбектерімен тиянақтап көрсетті.Қазір жаңалық деп жүрген ынтымақтастық пікірін сол кездің өзінде-ақ ұлы педагогтың шығармаларынан байқауға болады. Ұстаз, шәкірт, ата-ана және халық арасындағы бағалы қасиеттерді бағалау, сақтай білу-оқу орындарының, педагогикалық ұжым мүшелерінің басты міндеті екендігін жан-жақты көрсетіп, дәлелдеп берді.

Бәріміз бір адамның баласымыз,

Жігіттер бір-біріңе қарасыңыз.

Өмір деген бес күндік кетер өтіп,

Атаң барған орынға барасыңыз,- деп көпшілікті бірлікке, татулыққа, түсінісуге шақырды. Өзі де осы тұғырдан орын алды.

Ы.Алтынсарин мектептегі тәртіпке мықтап көңіл бөлген. «Тәртіп-мектеп үйі шаңырағының ең қажетті тірегі, ұжымды сымбаттандыратын құрал. Тәртіптің шындыққа айналуы әр оқушының бойында тәртіптілік сезім тудырады»,- деп тәртіп деген педагогикалық ұғымға терең талдаулар жасайды. Сондай-ақ, «тәртіп- оқушының мектеп ережесіне бағына білу мен шын еркіндіктің табиғи бірлігі»,- деген сөзді ұлы ұстаз Ыбырай айтып кеткен.Данышпан әр оқушыны біртұтас жасампаз тұлға деп қарайды. Сондықтан жеке адамның бойынан адамгершілік қасиеттердің бәрі табылса біртұтас мінез қалыптасатынын дәлелдей көрсетті.

Ы.Алтынсариннің шығармалары өмірдің өзектілігін көрсететін тың туындылар. Ұлы ұстазымыздың бүгінгі мектеп өмірімен үндестік табатын педагогикалық тұжырымдарын жалғастыруда мұғалімдердің жан-жақты ізденіп, жұмыс істеуі үлкен нәтижеге қол жеткізетіні анық.Адам өміріндегі әдеттің де өз орны бар екендігін, істеген істің, жүріс-тұрыстың өзі де әдетке айналатынын аңғартты. Бірақ әдеттің де әдеті. бар. Адамда жағымды және жарамды жақсы әдеттермен қатар, қарамсыз, жаман әдеттер де болады.

Мәселен, салақтық — жаман әдеттердің бірі. Одан тәнге де, жанға да рахмет жоқ. Осыған орай Ы. Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесі жағымсыз әдеттің адамзат атаулысына зиянды екендігін анық көрсетеді. Ыбырай еңбек сүймей, жалқау болып өскен адамдар қулық-сұмдықпен күн көруді көздейді, ал мұның өзі барып тұрған жексұрын қасиет екендігін, олай болса үлкендер балаларды кішкентайынан еңбекке баулу қажеттігін естерінен шығармауын ескертеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, жас балалардың басында кездесетін түрлі жаман мінездерді отбасындағы тәрбиемен терең астастырады. Адам үлкен тәлімі мықты тәрбиенің нәтижесі. Ол өмірге пешенесіне не жазылса, сонымен келмейді, оның тағдыры туысынан белгіленбейді. Адамдық қасиетінің қалыптасатын жері — өмір талқысы, әрекет етуі, тәрбиесі. Күн мен Ай бәрімізге ортақ, бәріміз де адамның баласымыз, ешкімді біріңнен бірің артықсын деп айыруға болмайды, — дейді ұлы ағартушы. Ол адам психологиясындағы өзгерістерді қоғамдағы тарихи факторлармен байланыстырады. Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді. Соған байланысты жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған.

Қорыта айтқанда, ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармашылығы жалпы адам өмірімен тығыз байланысты. Адамның адам болып қалыптасуына, өмірдегі ой-толғанысына ерекше мән бере отырып, мысалдар келтірген. Өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі әлеуметтік теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі өмірдегі ең құнды еңбегі болып табылады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсариннің шығармалары қазақ әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып, қазақ жастарының жан-жақты, білімді азамат болуына өз ықпалын тигізе бермек. 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1201
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі