« Ырысы мол ,Алтын
күз»
Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді!
Жақында Басши ауылында «
Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасында дәстүрлі «Алтын күз» мерекесі
өтті. «Балапан» атты бірінші кіші топтын 2 жастан еңді асқан
кішкентай бөбектер де қалыс қалмады, биылғы жылы ерекше өткізүді
көздедім . Тәрбиенің негізі бірінші кезекте әрбір отбасында
қаланатынын ескере отырып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»
деген қазақ халқының даналық қағидасын ұстанып, осы ұйымдастырылған
іс- шара ата-аналардың тікелей қатысуымен өткізілді. Өйткені, жеке
тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы үлгі-өнеге мен
тәлім-тәрбиеге байланысты екенінде дау жоқ. Балалардың
сүйікті «Балапан» теле арнасында өтетің «Тай,тай шоудың» кейбір
кезендерін қосып өткіздік . Ата –аналар көбі жастар болғандықтан
белсенді қатысты , сайыстын талаптарың орындап, балалардың үстіне
мерекеге сай киім үлгілерің дайындап, қөкөністер мен жемістердең
түрлі қол өнерлерін паш еті , сайыс аяғында белсенді ата-аналарды
балабақша директоры Жетенова Разия Рахымбекқызы «Алғыс хаттармен»
марапаттады, балалармен бірге өткізген есте қаларлық кеш
болды.
Баланың ең керемет кезені
сәбилік шақ екенің жақсы білеміз , кішкентай бала ата-анасымен
бірге осындай ойындарда , саяхаттарда , отбасылық мерекелерде
шаттанып ойнап –күліп жүрсе, баланың болашағына да керемет әсер,
ұмытылмайтын естеліктер қалдыратыны анық. Осындай іс-шаралар арқылы
кішкентай бүлдіршіндердің жауапкершілікті сезіне жүріп, оларды
ептілікке , жылдамдыққа, шыдамдылыққа және батылдыққа тәрбиеленіп
келе жатқандығын айқындай түседі , балалардың бір-біріне деген
жанашырлығы, көмек қолын созуы олардың адами асыл қасиетті
бойларына сіңіріп өсуде екендігін көрсетеді. Біздің мақсат, тәрбие
мен білім беруде отбасыларды, ата-аналарды бірлесе жұмылдыру,
баланы тәрбиелеу мен оқытудағы мәліметтерін кеңейту, өзара
сыйластық, түсунішілік, бір біріне деген шынайы сенімділік, терең
қарым- қатынастарды арттыру. Балабақша ұжымы келешекте де
ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің
тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіп
тұратыны анық. Ата-аналар оқу әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын
жан-жақты зерттеп танып, не толғандырып жүргенін, не қажет екенін
біле алады.
Ата-анармен бірігіп өткізетін іс –шаралар арқылы , балабақша мен
ата-ана бірлестігі орнап ,балаларды жан –жақты осы заманға сай ,
физиологиялық , психологиялық жағынаң белсенді , білімді ,тәрбиелі
ұрпақ болып өсетініне нық сенеміз!
Басши ауылы, «Бүлдіршін»
бөбекжай балабақшасының «Балапан» І-кіші тобының тәрбиешісі
Тулпаисова Гульмира


