400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала "Заман талабы -көптілділік"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша материал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Заман талабы – көптілділік.

Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі ілім біл.


Қазіргі кезде көп тілді оқыту жастардың білім алуына жол ашатын, өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік беретін қажеттілік. Көптілділік -оқу процесі кезінде екі немесе көп тілде білім беру. Осының негізінде қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде жүзеге асады. Үш тілде оқыту- қазіргі 21- ғасырдың талабы. Заман талабына сай болу үшін 21- ғасырдың адамы жан-жақты болып, өзінің рухани байлығын дамытып отыруы керек. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев « Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілде пайдаланатын мәдениетті ел ретінде тануға тиіс. Олар: қазақ тілі –мемлекеттік тіл, орыс тілі –ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –жаһандық экономикаға кіру тілі деген болатын.

Бүгінде жаңа ғасырдың табалдырығын енді аттап, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бет алған білім беру саласы да әлемдік білім талабына сәйкес болуы керек.

Ұлы дара, дана ақын Абай атамыз, «Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады» деген. Абайдың сөзінің жаны бар Абай сөзі ешқашан мәнін жоймайды. Сол себепті білім беру жүйесін дамыту басты бағыт болып саналады.

Біздің мектепте үш тілде білім беру жүйесі енгізілмесе де, Тілдер мерекесі қарсаңында сабақтан тыс жұмыстар(тәрбие сағаттар, мәнерлеп оқу сайысы, тілдер фестивалі) үш тілде жүргізіледі. Мектебіміздің басты мақсаты қазіргі заман ағымына сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп оқушылары тіл мәдениетін арттыру мақсатында әртүрлі формадағы жұмыстарға қатысады.

Елбасымыз Жолдауында: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады»,- деп атап көрсеті, «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз», -деп, бүгінгі таңда тілдерді дамыту мәселесі мемлекеттік деңгейдегі міндет екеніне ерекше тоқталды. Орыс тілін білу-біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктер ашады,- деп қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы мәселесіне кеңінен тоқталды. «Тілдің үштұғырлығы» тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған жоқ. Елбасы 2006 жылы қазанында өткен Қазақстан асамблеясының ХІІ- құрылтайында «Тілдің үштұғырлығы» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 жылы жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды.» Бұл бағыттың негізгі мақсаты мемлекеттік тіл –қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп бәсекелестігін арттыру болып табылады. Өсіп келе жатқан ұрпақтың үш тілді оқып үйренуге ұмтылыс жасауы –заман талабы. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл-елдің бәсекеге, қабілетке ұмтылуда бірінші баспалдағы, өйткені бірнеше тілді меңгерген, еркін сөйлей алатын, жаза алатын қазақстандықтар елінде де, шетелдерде бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.

Қазақ халқы үшін үш санының мән-мағынасы үлкен. Ұлттық санамызға енген «үш жұрт», «үш арсыз» т.б. ұғымдармен қатар бүгінгі күні тілге тиек етіп жүрген тілдің «үштұғырлығы» да санамызға сынаптай сырғып еніп, өз орнын алуға тиіс.

Қазақ тұрмысындағы ерекше орын алатын ошақтың өзі де, үш тіректі. Көшіп-қонып жүрген кезде қай жерге қойсаң да нық орныға кететін де ошақ. Ендеше, біз мұғалімдер, болашақ ұрпақты кем дегенде үш тілді жетік меңгерген адам өмірден өз орнын таба алатын, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуіміз қажет.

Тіл үйрету –ол ешкімді еркінен тыс мәжбүрлемей, зорлықсыз, үш тілді білу қажетті екендігіне көз жеткізе отырып жүргізілетін жұмыс. Үйренуші тілдің үштұғырлығы жайлы естіп, оқып қана қоймай, оның өзі үшін қажеттілігін түсінген жағдайда үйрену мүмкін болады.

Тілді меңгерудің іргетасы қазіргі кезде балабақшадан басталады. Сондықтан балабақша топтарында, бірінші сыныпта өтетін тіл сабақтары заманауи әдіс-тәсілдер, АҚТ құралдарын кеңінен пайдалану арқылы оқытылып, үйренушілердің қызығушылығын тудыратыны, ынталандыратыны мәлім болып отыр.

Тілдерді меңгеру –жоғары оқу орнын бітірген жас мамандардың алдында да тұрған мәселе. Қосымша курстар, қашықтықта оқыту арқылы, теледидарда ұйымдастырылған тіл үйрету бағдарламалары арқылы тілді ерікті түрде меңгеру керек.

Тіл –халықтың ең басты байлығы, қазынасы. Үштұғырлы тіл саясатын қолға алсақта, өз еліміздің ішінде қазақ тілін өгейсітуге болмайды. Осы жерде, Қадыр Мырзалиевтің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзі ойға келеді. Тіл білу –байлық. Сондықтан қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастыру тіл мұғалімдерінің міндеті.


Докучаев орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет

пәндерінің мұғалімі:Ибраева А.Ж.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі