400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Мақала Зорлық зомбылықсыз қоғам

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Зорлық зомбылықсыз қоғам
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зорлық-зомбылықсыз қоғам құру жолында: С.Керімбеков атындағы орта мектептің бастамалары

Қазіргі қоғамда зорлық-зомбылық – аса өзекті және өткір мәселе. ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысы негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданындағы С.Керімбеков атындағы орта мектеп 2024-2025 оқу жылының тәрбие жоспарына сәйкес балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жолындағы іс-шараларды белсенді түрде жүзеге асыруда. 2024 жылдың 22 қазанынан 21 қарашасына дейінгі аралықта өткізілген іс-шаралар зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

2024 жылдың 22 қазанында мектеп психологі жүргізген сауалнама арқылы буллинг пен кибербуллинг мәселелері анықталды. Бұл мониторинг оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін маңызды ақпарат береді.

Оқушылардың түнгі уақытта көшеде жүруін алдын алу мақсатында 22 қазаннан 28 қарашаға дейін рейд жұмыстары жүргізіліп келеді. Мектеп ұжымы және құқық қорғау органдарының бірлескен іс-шаралары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті болып саналады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен өткен челлендж балалар арасында позитивті үлгі түрінде зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталды. Оқушылар бірлесіп буллингпен күресудің маңыздылығын атап өтті.

28 қазанда мектеп психологі өткізген «Зорлық-зомбылық: Мәселелер мен шешімдер» тақырыбындағы кеңес ата-аналарға зорлық-зомбылық проблемалары мен оған қатысты шешімдерді түсіндіруге арналған. Осы шара отбасында бала тәрбиесінің маңыздылығын арттыруға көмектесті.

«Зорлық-зомбылыққа, жәбірлеуге, буллингке, кибербуллингке куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі» тақырыбында 29 қазанда семинар өткізілді. Мектеп психологі мен сынып жетекшілері балаларға қауіпсіз және жағымды орта қалыптастыру үшін нақты ұсынымдар мен әдістерді бөлісті.

«Құқықтарыңызды біліңіз» тақырыбында құқық қорғау органдарымен 5 қарашада ұйымдастырылған кездесу балалар мен ата-аналарды зорлық-зомбылыққа қарсы заңдармен таныстыруға арналды.

Спорт әрқашанда салауатты өмір мен достықтың символы болған. С. Керімбеков атындағы орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімдері 6 қарашада өткізген «Спорт зорлық-зомбылықсыз өмірге шақыру» тимбилдингі зорлық-зомбылық мәселелеріне әлеуметтік тұрғыдан қарауға және спортты насихаттауға бағытталды.

11 қарашада «Зорлық-зомбылық: Қоғамның пікірлері мен шешімдері» тақырыбында өткен дебат оқушылардың зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты өз көзқарастарын ашық айтып, пікір алмасуына мүмкіндік берді.

18 қарашада сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі ұйымдастырған «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша отбасы мен мектептің ынтымақтастығын нығайтуға арналған.

С. Керімбеков атындағы орта мектеп зорлық-зомбылықты жою мақсатында өткен іс-шаралар арқылы балалар мен ата-аналар, мектеп қызметкерлері арасында маңызды диалог құруда. Біздің қоғамдағы зорлық-зомбылық проблемасына қарсы бірігу, ақпараттандыру және мәдениет қалыптастыру – зорлық-зомбылықсыз қоғамға жетелейтін жол. Мектептің бастамалары әркімнің өмірінде қауіпсіздік пен тепе-теңдік орнатуға бағытталған, бұл біздің бәріміздің міндетіміз.

«С. Керімбеков атындағы орта мектеп» КММ

Тарих пәні мұғалімі С. Асқар

ДӘІЖО Р. Мамбеталиева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
93
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі