Материалдар / Мақала:Абай дара,Абай ұлы, Абай мәңгі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мақала:Абай дара,Абай ұлы, Абай мәңгі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жеке оқытушының жеістігі үшін керек. Абай ақынымыздың мерейтойына арналған мақала.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
255
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абай дара,Абай ұлы,Абай мәңгі!





«Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма»,

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?

Биыл қазақ халқының ұлы ойшылы кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе, Адалдықты көздесең,жаттап тағы көңілге-деп, ақын С Торайғыров жырласа, Жан Жак Руссо «Ұстаздық ету уақыт ұту емес,өзгенің бақытын аялау,өзгенің уакытын аямау»-деп айтқандай жылдан жылға оқушыларымыздың Абай атамызды танып білуге деген ынтасы артып келеді. Сондықтан да біздің мақсатымыз жас ұрпаққа Абайдың даналығы туралы кең түсінік беріп, шығармалары мен асыл сөздерінің мәнін ұғындыру. Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз. Ол туралы айтылар сөз, жасалар істер әрқашанда өз арнасын табуы тиіс.

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің негізін салушы,

философ, компазитор, аудармашы Абай Құнанбаевқа биыл міне 175 жылдығын тойлауда. Қазақ елінің Оңтүстігі мен Солтүстігі,Шығысы мен Батысы қазақтың кемеңгер ақынының өлеңдері мен шығармаларын жатқа оқып, кезек кезегімен эстафеталар ұсынуда.

Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану қазақтың өзін өзі тануының басы да соңы да! Абайды тану Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нарсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңгыш дана сыншымыз да! Өкінішке орай Абайдың сол әлеуметтік философиялық өткір сындарын сынды қабылдау мәдениетіміздің төмендігі салдарынан әлі күнге толық қабылдап толыққанды қорытынды шығара алмай жүргенімізді жасырғанмен бәрәбір ол кемшіліктен арыла алмаймыз.

«Біріңді қазақ бірің дос

Көрмесең істің бәрі бос.

Малыңды жауға

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға татулас..»-деп жазды.

Елі мен жерін қатар ойлаған ұлы ойшыл ақынымыз 1845 жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында Тобықты руында дуниеге келген. Болашақ ақын ел анасы атанған Зере әжесінің таусылмайтын аңыз ертегілерін естіп, сөзге шебер Ұлжан анасының тәрбиесін көріп өсті. Абай алдымен әкесінің өз туыстарының балаларын оқытамын деп, «Ескітам» деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты.Одан кейін Ғабитхан деген молдадан білім алды. Ал 10жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқиды. Сол жерде араб пен парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Абай дін оқумен ғана шектелмей, білімін өз бетінше жетілдіруге тырысады.Осы орайда ұлы ақынның дүниеге келуіне себепші болған әкесі Құнанбай жайлы айтпауымыз әдебиетке сын деп ойлаймын. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманында ел басқарған адам болды. Қазақстанның батысы мен орталық аймағын отарлап, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндірген кез. Ол ел билеу ісіне өз балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды.

Ел ісі мен қатар өлең жазуды бірге алып жүрген Абайды қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлар көп ойландырды. Ұлы Абайды өмір қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көптеп толғандырды. Ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысты. Мен кіммін? Жан иелерінің өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласынаң басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Ол өзінің пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын , сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.

«Адам өмірінің мақсаты -кемелдену мен жетілу»-дейді Абай.

Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге музыкант, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете бағалаған адам болды. Ол бірқатар мелодиялар шығарды. Ақынның мелодиялары, негізінен, оның қазақ поэзиясына жаңалық енгізген өлеңдеріне ("Сегіз аяқ", "Алты аяқ", т.б.) арналған еді. Ол өзінің "Евгений Онегиннен" жасаған үзінді аудармаларына да осындай мелодиялар шығарған. 1887-89 жылдарда Пушкин есімі және оның геройлары Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл далаға кең таралды, қазақ халқы үшін қазақ ақындары мен қазақтың эпикалық поэмаларының геройларындай сүйікті, жақын болып кетті.

Абайды біз компазитор депте атадық, неге, себебі , әнге сөз жазды.Бүгінде Абайдың бірнеше әндері қазақ музыкасында шырқалып келеді. Абай өмір сүрген кезеңде қазақта музыканың жазба мәдинеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан, Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән күйлері сияқты, ауыздан ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті.Осы кунде шырқалып жүрген әндері « Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», т.б әндері кеңінен шырқалып келеді.

Ғылым және білімді оқыту,өзінше іздену қайрат болмысы. Абайдың қайратты қара сөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Абайдың қара сөздерінің жалпылылық саны 45 бөліктен тұрады. Олар тақырып нысанына бір ғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6-7 қара сөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды болды. Абай қара сөздерінің туындының көркіне ғана емес , сонымен бірге оның ауқымдығы мен мағынасына назар аударған.

Қорыта келе айтарымыз, Абайдың өмірі мен творчествосын зерттеу проблемасы неғұрлым кең, принципиалды, жан-жақты талқыланса, оның мұрасын зерттеу нәтижелері соғұрлым жемісті, елеулі бола бермек.

Поэзияда, музыкада, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шынарындай биік тұр. Ол қазақ халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.

Абай өз халқының және Таяу Шығыстың қоғамдық ойының Октябрьге дейінгі тарихындағы ең прогресшіл қозғалысты басқарды. Қазақ халқының тұңғыш ағартушы қайраткерлерінің бірі болған ол, қазақ коғамының орыстың озық мәдениетіне жақындасуына бөгет жасаған кедергілерді дәйекті түрде күйретіп отырды, сөйтіп кертартпалық құрылысқа қарсы, сәулелі болашақ үшін ортақ күресте орыс және қазақ халықтарының қосылуына жәрдемін тигізді. Абай есімі бізге сондықтан да қымбат. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ұлы Одақтың барлық халықтарымен туысқандық ынтымағын өзінің күресімен, жеңісімен нығайта түскен, Отанымызды қорғаған қазақ жауынгерлері мен офицерлерінің арасында ақын өлеңінің дәл бүгінгідей, соны үнмен естілгені де осыдан. Барлық рухани қазыналарды жауынгерлік сынға салған жылдардан өз Отанының таңдаулы ұл-қыздарымен бірге өтіп, Абай біздің социалистік бақытты бүгінгімізге бұрынғыдан да жақын, бұрынғыдан да қымбат бола түсті.

Қазақтың жаңа мәдениетінің негізін салушы, қазақтың классикалық поэзиясының шұғылалы шыңы — Абайдың мәңгі өшпес даңқының ең асқақ айғағы, міне, осында.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!