400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Мақала:АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ КЕЙБІР ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала:АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ КЕЙБІР ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Зәки Ахметов атындағы №16КММ-сі ағылшын тілі пәні мұғалімі Увалиева Асем Болатовна


АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ АУЫЗША СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУДІҢ КЕЙБІР ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Шетел тілін оқытудың басты мақсаты — оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту» деп көрсетілген [1]. Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда әр түрлі әдістемелік жаңа тәсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.

Ағылшын тілі — әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен дамыған тілдердің бірі. Ауызша сөйлеу адам арасындағы қарым- қатынасты атқарады. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету үшін қолданылатын оқыту әдісінің мазмұны оқушының тілдік қарым-қатынаста жинаған білімінің, қалыптасқан дағдысының, игерген шеберлігінің жиынтығына байланысты. Сөйлеуге үйрету мoнолог және диалог түрінде жүзеге асырылады. Мoнолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым-қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік-бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

Негізгі орта білім деңгейіне арналған шетел тілі курсы жалпы орта білім деңгейінде оқыту дайындығына бағытталған, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық А1 деңгейіне сәйкестірілген.

Шетел тілі сабағында ойын, сұрақ-жауап, өлең сөздерін толықтыру, суретке қарап мәтін құру, карточкаларды қолдану арқылы ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады.

Зерттеу жұмысының негізгі дереккөздері — философия, психология, лингвистика, педагоги- калық еңбектер, әдістемелік еңбектер, озат педагогтардың іс-тәжірибелері.

Зерттеу әдістері ретінде бақылау, мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін зерттеу, талдау мен қорыту, сөйлеу тілін дамыту, оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарын талдау әдістері пайдаланылды.

Кейінгі кезде мультимедиалық, гипермәтіндік, желілік және коммуникациялық ақпараттық технологиялардың пайда болуы шетел тілін тиімді оқыту үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Мультимедиалық технологиялар мәтіндік құжаттарға,

графикалық суреттер, дыбыс және бейне- көріністерін пайдалануға мүмкіндік береді [2].

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын әдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:

  1. Ауызша әдіс — теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.

  2. Көрнекі әдіс — бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.

  3. Практикалық әдіс — практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.

  4. Ойын әдісі — оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.

Аталған әдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады [3].

Ауызша сөйлеуге үйретудің, біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мәтін материалдары мен ауызшасөйлеуде едәуірбайланысты болуы. Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек [4]. Сонымен қатар оқушылардың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шетел тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет [5]. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, белгілі бір мәтін бойынша жұмыс істеу үшін мына жаттығуларды беруге болады:

  • Мәтінді қатесіз, дауыс ырғағын сақтай

отырып оқу.

    • Мазмұнын түсіну.

    • Тірек-сызба сөздері арқылы баяндау.

    • Мазмұнын түсінуі бойынша сурет салып, суреттеу [6].

Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде оқушылар сұрақ-жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс-әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы тиіс. Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуы жатады [7–9].

«Warming up» жаттығуы. «Do you know?»

What`s near the Capitol? What`s near the Houses of Parliament? What would you like to see in Wash- ington D.C.? What would you like to see in London?

Тілдік жаттығудың мақсаты — сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым- қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. Әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі. Оқушылардың ағылшынша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар жүргізіледі. Сондай-ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан-жақты артып отырады. Ал бұл оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады [10–12].

Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіріп, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Сондықтан ауызша сөйлеуді меңгеруде мәтінмен жұмыстың да маңызы зор. Мәтінді ауызша мазмұндау

үшін тіл үйренушілерді жазбаша сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жоспар құруға, сондай-ақ белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, өздерінің ойларын, қызықты іс- әрекеттерін әңгімелеуге үйрету, жаңа технологиялар және тәсілдерді қолдана отырып, ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту әдістері қолданылады.

Көлемді мәтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай-ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары, теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады [13–15].

Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын, идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады (1-кесте).

Кесте № 1.Төмендегі мәтінді мысал ретінде алуға болады [10; 55]:

My friend Bill is a geologist. He does not stay in town in spring and summer. He goes on expeditions. There he lives in a tent and cooks his own meals. He thinks he is a very good cook and when he comes back to town he tries to teach his wife and mother in low the art of cooking. He tells everybody that canned meat and porridge are the best dishes. His wife in his opinion spends too much time on cooking. So he does not let her stay in the kitchen. Nei- ther his wife nor his mother in low contradicts him, for he never stays long at home. When he lives his children are sorry to part with him but they are glad that grandmother will cook their meals again.

Соңғы кезде көп қолданылып келе жатқан жұмыс түрінің бірі — «Brainstroming» әдісі, яғни суреттеліп берілген белгілерді қолдану арқылы біртұтас әңгіме құрастыру, оны әңгімелеп айту болып табылады (2-кесте).

Кесте № 2. «Brainstorming» 2 әдісі.

Бұл әдісті ағылшын тілі сабағында қолдануға болады:

  • Describe the way something is said: whisper, cry, shout, yell, mumble,

  • Think of as many things as you can that are

  • How many methods of travel can you think of?

  • What if you were caught in an avalanche?

  • What if tobacco wasn’t brought to Europe? Сабақта Интернеттен алынған әндермен қоса,

ән туралы қызғылықты қысқаша деректер, әннің нотасын және фразаларды қолдануға болады. Әннің мәтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б. (3-кесте) [8; 43].

Кесте № 3. «Spring is green» әнін толықтыру: [http://lingualeo.com/]

is green, spring is


is bright. Summer is is yellow autumn, is is white. Winter is

Қазіргі кезде ағылшын тілін меңгеруде (есту, тыңдау, оқу арқылы) оқу фильмдерін көру, үнтаспалар тыңдау және тағы басқа мүмкіншіліктері өте көп. Шетел мамандарының сөйлеуімен жазылған үнтаспалар, бейнефильмдер көптеп саналады. Тыңдау қабілетін үнтаспа көмегімен дамыту үшін арнайы бейнежаттығулар мен аудиомәтіндер қажет. Осы орайда мәтінді тыңдау, оқып отырудың мәні зор. Тыңдауға үйренуді сөйлеумен бетпе-бет отырып тыңдаудан бастаған жөн. Аудиториялық сабақтарда оқытушының сөйлеуі, бейнефильмді көрсете отырып, оқытушының оқуы оқушы үшін үлкен өнеге, үлгі болады. Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат — естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін — сурет арқылы, екіншіден — жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады (4-кесте) [4; 10–13].

Кесте № 4. Сурет арқылы өзіннің сүйікті үй жануарын сипаттау: [yandex.kz]


Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау — алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады.[yandex.kz]

Көріп біткен фильм бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:

  1. Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

  2. Ауызша мәтіннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру.

  3. Бір кейіпкерді таңдап, диалог құру.

Жұмыстың мұндай түрі ағылшын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі